Іріктеу 100esim.el.kz сайтына онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Үміткерлер, негізінен, қоғамдағы барлық саланың өкілдерінен. Олар - дәрігерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, мұғалімдер, спортшылар, өнер қайраткерлері, т.б. өнегелі еңбек етіп жүрген адамдар. Аталған жобаға қатысушылар саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Биылғы, 2019 жылы жалпы тізімде 2100 адам тіркелген. Тапсырмалар: - 1. Мәтінді оқыңыз.
- 2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
- 3. Берілген сөз тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыз: өзекті мәселе, жеке роман, үлгі боп жүрген адамдар, жобаға қатысушылар, адамның мүмкіндіктері, жерлестерімізді тану, үлгі ету.
- 4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз, жауаптарын жазыңыздар.
БАҚ – өмір айнасы Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз – түрлi хабарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған ұйымдар. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, телевизия, кино жатады. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың ілгерілеуімен пайда болған спутниктік байланыс, Интернет желісі арқылы тарайтын түрлі ақпарат көздері де осы салаға кіреді. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі олардың коммуникативтiк, танымдық, ақпарат тарату, қоғамдық пiкiр туғызу арқылы саяси билiкке ықпал ету, қадағалау, білім беру, әлеуметтендіру әрекеттерімен байланысты. БАҚ адамдардың түрлi әлеуметтік үдерістер мен оқиғалар туралы ой түюіне ықпал етедi. БАҚ адамдарға әлеуметтік-саяси оқиғалар бойынша қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауға, түсінуге өзінің танымдық қызметтері арқылы көмектеседі. БАҚ азаматтарға түрлі ақпарат көздерінен алынған мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және жүйелеуге, қарама-қайшы ақпараттар ағынында дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтендіру адамдардың әлеуметтік нормаларды, мәдени құндылықтарды және мінез-құлық үлгілерін меңгеруін білдіреді және қоғамдағы әлеуметтік шындыққа бейімделуіне мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-экономикалық үдерістерді мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, түрлі ұйымдармен арақатынасы, т.б күнделiктi ақпарат алмасуы БАҚ-тың коммуникативтiк қызметi арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |