10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна


Семей мен Қызылордада бие сүтінен жасалған құрғақ қымыз өндірудің әдістері патенттелген



бет22/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Қазақ тілі

Семей мен Қызылордада бие сүтінен жасалған құрғақ қымыз өндірудің әдістері патенттелген.

Үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робот техникалар саласында патенттер бар. Бұл патенттердің төрттен үш бөлігі Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдердің еншісінде. 

Өнертапқыштықты қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жыл сайын «Шапағат» республикалық байқауын өткізеді.

Тапсырмалар:

  • Жаңа сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз, мағынасын түсініңіз.
  • Әр жаңа сөзбен бірнеше сөз тіркесін құраңыз.
  • Етістік+-ма-йын-ша, -ме-й-ін-ше, -па-й-ын-ша, -пе-й-ін-ше тіркестеріне 10 мысал келтіріп, аударыңыз.
  • Сөйлемдерді бірнеше нұсқада аяқтаңыз.
  • Адамдар өнертабыстарды пайдаланбайынша, . . .
  • Саксофонды ойлап таппайынша, . . .
  • Өнертапқыштар өз үлестерін қоспайынша, . . .
  • Мәтінді мазмұндаңыз.
  • «Қазіргі заман өнертабыстары». Ақпарат жазып әкелу.

Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі

"Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек"

Н.Ә.Назарбаев

2017 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы жарияланды. Осы мақалада көтерілген өзекті мәселелердің бірі – «100 жаңа есім» жобасы. "100 жаңа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Жобаның мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдарды жариялау, лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту. Өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі боп жүрген азаматтарды тануымыз керек. Оларды тек танып қана қоймай, жастарға үлгі ету қажет. "Әрбір адам - ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады" - дейді бұл туралы Елбасымыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет