10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет25/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Қазақ тілі

Көлік логистикасы – кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін тасымалдаумен айналысатын сала. Логистика саласына жер, әуе, құбыр жүйесі, кеме, теміржол сияқты тасымалдаушы көлік түрлері жатады. Оның міндеті – қысқа мерзімде жеткізу, мүліктің сапасын түсірмеу. Қазақстандағы көлік жүйесі су көлігі, теміржол көлігі, автомобиль көлігі, әуе көлігі, құбыр желісі болып бөлінеді. Су көлігі мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын тасымалдауға тиімді. Қазір су көлігі елімізде өзен және теңіз көліктері болып бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендер мен Балқаш көлінде, ал теңіз көлігі Каспий теңізінде қызмет көрсетеді.

Темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі аса маңызды. Тасымалданатын негізгі өнімдер –көмір, астық, мұнай, минералдық тыңайтқыш сияқты жүктер. Олар - автомобиль көлігімен тасымалдау тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.

Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында.

Құбыр желісі – көлік құралдарының бірі. Сұйық, сусымалы жүктер, мұнай мен газ құбырмен тасымалданады. Жүк құбыр бойымен қысым беру арқылы жылжиды.

Тәуелсіз елдің экономикасы

Тәуелсіз ел болудың маңызды бір шарты – өз экономикаңды өзің басқару. Өзінің ішкі және сыртқы есебін өзі қадағаламаған елдің тәуелсіз болуы қиын.

Қазақстанның экономикасы нарықтық экономикаға құрылған. Ел экономикасының жетекші саласына түсті және қара металлургия жатады. Біздің жердің мысының, қорғасынының, мырышының сапасы жоғары. Сондықтан әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазақстанның стратегиялық мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2014 жылы «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасы, 2015 жылы «100 нақты қадам» деген ұлт жоспары жарияланды. 2010 жылы іске қосылған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет