13-билет Дәлелдеу. Математикалық дәлелдеу түрлері


Сабақтың типі мен түрлері



бет14/18
Дата17.04.2024
өлшемі244.06 Kb.
#499100
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
13-18 билет

3.Сабақтың типі мен түрлері.
Орта мектептерде оқушылармен жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының негізгі формасы сабақ екені мәлім. Сабақ математиканы оқыту үрдісінде де ең негізгі бөлік болып саналады. Әрбір сабақта бірнеше дидактикалық мақсат көзделіп, соның ішінде біреуі негізгі болады. Ең басты дидактикалық мақсатқа байланысты математика сабақтарын мынадай типтерге бөлуге болады: жаңа білімді бастапқы игеру сабақтары, білімдерді қолдану шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру сабақтары, жалпылаушы қайталау арқылы білімдерді пысықтаудың қорытынды сабағы, математиканы практикада қолдану сабақтары, қорытынды бақылау және білім, дағдыларды бағалау (есепке алу) сабақтары. Математика пәндері бойынша орташа алғанда сабақтардың жартысы білімді бастапқы игеру сабақтары болып келеді. Мұндай сабақтар “жаңа білім сабағы” және “құрамды сабақ” деп аталатын екі түрге бөлінеді. Математикадан құрамды немесе комбинациялық сабақ міндетті түрде үй тапсырмасының дұрыс та саналы орындалуын тексеруден басталады. Мұнан соң жаңа материалды өтуге және оны пысықтауға, үйге тапсырма беруге, бұрын өтілген мәселелерді қайталауға көшеді. Мұндай сабақтың құрылымдық толық болуының жақсы жағымен қатар жаман жағы да бар. Негізгі кемшілігі – барлық элементтерді қамтуға уақыт жетпейді, осыдан барып сабақтың негізгі мақсатын орындауға, жаңа материалды игеруге нұқсан келеді. Сондықтан да жаңа тақырыпты бастапқы игеру сабақтарының көпшілігі комбинациялық (аралас) болмай “жаңа білім сабағы” сүлбесі бойынша құрылады. Бұл сүлбе негізінен жаңа тақырыпты оқып, үйренуге, пысықтауға арналады, өткенді сұрауға аз ғана уақыт (3-5 мин) бөлінеді және оның өзі оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындық болады. Математиканы практикалық қолдану сабақтарына сыныпта орындалатын лабораториялық жұмыс сабағы, жер өлшеу және өндірістік объектілерде жүргізілетін практикалық сабағы т.б. жатады. Қорытынды бақылау және білім, дағды бағалау сабақтарына ең әуелі жазбаша бақылау жұмыстары жатады. Мұндай жұмыстардың тапсырмасы сыныпта кем дегенде төрт вариантқа бөлініп орындалады. Бұл тапсырмалар әр сынып үшін пән бойынша жеке кітап болып шығатын “Дидактикалық материалдарда” келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет