13-билет Дәлелдеу. Математикалық дәлелдеу түрлері


-билет 1.Тарихи-математикалық мәліметтердің тәрбиеге бағыталуы



бет10/18
Дата17.04.2024
өлшемі244.06 Kb.
#499100
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
13-18 билет

16-билет
1.Тарихи-математикалық мәліметтердің тәрбиеге бағыталуы.
Математиканың дамуына әсер ететін негізгі екі себеп бар: өмірлік практика мұқтаждығы және математика дамуының ішкі өз талабы. Математика өз тарапынан басқа ғылымдардың даму барысына да пәрменді әсер етіп отырады. Математикалық білім мен дағдылар молайып, мазмұны тереңдеп ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйренудің де мәселелері өзгеріп, күрделене береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математика әдістемесінің алдына қойылатын ең күрделі мәселе – іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұқият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой-өрісіне, күш-қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады.Осылайша тікелей тәрбиеге бағыталады.
Математиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін жалпы және жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болады. Оқыту мен тәрбиелеу процесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгенде ғана пәрменді болады. Математиканы оқыту әдістемесі оқыту процесін оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде, білім берудің түрлері мен әдістерінің біртұтас жүйесі ретінде қарастырады.
2.Есепті шығаруға қойылатын талаптар.
Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: а) Қатесіз шығару; ә) негіздеу (дәлелдеу), б) толық шығару; в) мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару; г) есепті қаттау (оформление). а) “Есеп қатесіз шығарылу керек”. Бұл негізгі талап. Оқушылар есеп шығару кезінде алгоритмдік, логикалық, сызбалық, терминологиялық, шындықты бұрмалау сияқты қателер жіберуі мүмкін. Бүйір жақтары квадраттар болатын алты бұрышты дұрыс призманың ішінен төменгі табанының қабырғасы мен жоғарғы табанының оған қарсы жатқан қабырғасы арқылы жазықтық жүргізіңдер. Осы қима тік төртбұрыш ретінде салынса, ол сызбалық қате. “Бүйір жағының апофемасы”, “шеңбердің ауданы” т.с.с. – терминологиялық қателіктер.
ә) Есеп шығару кезеңінің әр сатысы міндетті түрде негізделіп, дәлелденіп отыруы қажет. Яғни әрбір жаңа ой қорытындысы қандай тұжырымнан туындалады, не себепті олай деп пайымдауға хақымыз бар сұрақтарға мұқият жауап берілуі керек.
б) Теңдеудің бір шешімі дұрыс табылды делік, ал оның әлі екі шешімі бар. Бірден түсінікті, есеп толық шығарылған жоқ, немесе кейде иррационал теңдеулерді шешкенде бөгде түбірлер пайда болуы мүмкін. Егер табылған шешімдердің бәрін теңдеу түбірі десек, есеп толық шығарылмағаны. Зерттеулерге арналған есептерде (әсіресе, геометриялық) мүмкін болатын барлық жағдайлар қарастырылғанда ғана, есеп толық шығарылды деп айта аламыз.
в) Есеп мүмкіндігінше тиімді, ұтымды жолмен шығарылғаны жөн.
г) Есеп шығару кезеңдерін дұрыс қаттау да есепке жүктелетін талаптардың бірі болып саналады. Есеп шығару кезеңдері қысқа да нұсқалы, түсінікті, сызбалар қатесіз, дәл т.б. болуы қажет. Геометриялық есептер шығаруда есеп мазмұнына сәйкес ақылға қонымды сызба салынуы керек. Есеп шарттары, талабы айқын көрсетілуі тиіс. Шығару жолдары қысқа түрде, қажет символикаларды пайдаланып жазылуы керек. Әр жаңа тақырыпқа есептер шығарылғанда, мүмкін болатын жазу үлгісі беріліп, ілгеріде соның мұқият сақталуын қадағалаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет