13-билет Дәлелдеу. Математикалық дәлелдеу түрлері


Математиканы оқытудағы бақылау және тәжірибе



бет18/18
Дата17.04.2024
өлшемі244.06 Kb.
#499100
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
13-18 билет

4.Математиканы оқытудағы бақылау және тәжірибе.
Бақылау. Қандай ғылым болса да қарастырылып отырған объектілердің мәнін ашып, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын зерттейді. Объектілерді танып білу, оларды бақылау және оны сипаттау жұмыстарынан басталады. Бақылау зерттелінетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Психологтар объектілерді қабылдаудың мазмұны және бағыттылығы бізді қоршаған ақиқат дүние туралы адамның қандай білімдері, тәжірибесі бар екендігіне байланысты болатындығын анықтаған. Бақылау – ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі, ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті. Сондықтан оқушылардың бақылау жасай алуын қалыптастырудың қажеттігі ешқандай күмән туғызбайды. Бақылау жасауды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың математикалық деректерді табысты игеруіне жағдай жасайды, заңдылықтарды көре білуге және қорытынды тұжырымдап айтуына жәрдемдеседі. Л.Эйлер сандардың бізге белгілі қасиеттерінің көпшілігі, олардың дұрыстығын қатаң түрде дәлелдеуге мүмкіндігіміз жоқ, тек бақылау нәтижесінде ғана танып білуге болатын сандардың бізге етене таныс қасиеттері бар деген болатын. Бақылауды мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады: 1. Бақылаудың мақсатын анықтау. 2. Бақыланатын объектілердің маңызды (елеулі) қасиеттері мен ерекшеліктерін ашу. 3. Бақылау кезіндегі алынатын ақпараттарды есепке алып отыру тәсілдерін анықтау (сипаттау, сызбалар жасау, сандық мәндерді кестеге түсіру және т.б.). 4. Зерттелінетін объектілердің ерекшеліктері мен белгілері арасындағы өзара байланысты тағайындау. 5. Бақылау нәтижелеріне талдау жасау, қорытындылар тұжырымдау.
Эксперимент (тәжірибе) – танып білудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент (лат. experimentum – тексеріп, жасап (істеп көру, тәжірибе)) – зерттеушінің тікелей белсенді аралсуы арқылы зерттелетін объектінің қасиеттерін анықтау мақсатында әдейі арнап қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі. Тану қызметінде орындалатын жұмыстың мазмұнына қарай эксперимент тексеруші және демонстрациялаушы (иллюстрациялау) болып бөлінеді. Эксперимент объектінің тікелей өзін немесе оның моделін қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми тануда ойлау арқылы жүргізілетін эксперимент ерекше орын алады. Бұл формальды-логикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырып қана қоймай, объектінің бейнелері (образдары) мен модельдерін зерттеу нәтижесіндегі жаңа білімдерге жету қызметі болып табылады. Ойша эксперимент негізінде мынадай амалдар жүзеге асырылады. 1. белгілі бір ереже бойынша зерттелінетін объектінің ойша моделі құрылады, яғни идеалданған объект жасалынады; 2. модельге әсер ететін идеалданған жабдықтар мен құралдар құрылып, идеаландырылған шарттар да жасалынады; 3. шарттарды саналы түрде жоспарлы өзгерте отырып, салыстырмалы және еркін комбинациялау; 4. ойша эксперименттің барлық кезеңдерінде, ғылымда калыптасқан объективті заңдылықтарды саналы да дәл пайдалану, деректерді қолдану кезінде абсолюттік еркіндікке, негізсіз фантазияға жол бермеу. Нақты (реальды) эксперименттің элементтері мыналар: 1. мәселені қою және болжам жасау; 2. объектілерді зерттеудің эксперименттік алғы шарттарын жасау; 3. салдарды белгілеу және оның себептерін тағайындау; 4. жаңа құбылыстарды және олардың ұқсастығын сипаттау. Бақылау мен тәжірибе арқылы алгебралық заңдылықтарды да тағайындауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет