2-4 сынып Құрастырған:Қазы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакаева Айгуль Ирангаиповна



бет2/8
Дата29.06.2022
өлшемі36.04 Kb.
#459559
1   2   3   4   5   6   7   8
қазақ тілі ережелер жинағы 2-4 сыныптар

Сөйлем мүшелері
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы,басқа сөздермен байланысқа түсіп , тіркес құрайтын сөздерді сөйлем мүшелері деп атаймыз.
Мысалы: кім? немен? не істеді?
Айдын бормен жазды.
Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді. Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды. Мысалы: келді, барды
Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды. Мысалы: келе жатыр, бара жатыр.
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп ,бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз.Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. Мысалы: Аулада ақ, қызыл, сары, көк гүлдер жайқалып тұр. Сөйлемде бірыңғай мүшелер санамалап оқылады.Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мысалы: өзендер, көлдер-жердің берекесі. Өзен,көлдер –жердің берекесі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері ма, па,пе, та,те,да,де, мен шылаулары арқылы да жасалады.
Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз. Мысалы: тұнық су, екі оқушы

Қимыл ,іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.


Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: Әсем биледі. Жаңбыр жауды.
Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса,бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады. Әмір –күйші. Алматы- сәулетті қала.
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Мысалы: Асан келді
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер деп аталады.Оларға: қандай? кімге? нені? қанша? қайда? т.б сұрақтар қойылады: Асан ауылдан кеше келді.
Сөйлем мүшелері мағынасына қарай өзара байланысып айтылады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
Шешем отты көсеумен қозғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет