Зат есімнің септелуі
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі деп атаймыз.
Септіктер
Мысал Сұрағы Жалғаулары
Атау септік - Кім? не? - Дәрігер Доп
Ілік септік Кімнің ? Ненің? -ның,- нің, -дың,- дің, -тың,-тің Дәрігердің Доптың
Барыс септік Кімге ? Неге? -ға,-ге,-қа,-ке Дәрігерге Допқа
Табыс септік Кімді? Нені? -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті Дәрігерді Допты
Жатыс септік Кімде? Неде? -да,-де,-та,-те Дәрігерде Допта
Шығыс септік Кімнен? Неден? -нан,-нен,- дан,-ден, -тан,-тен Дәрігерден Доптан
Көмектес септік Кіммен? Немен? -мен,-бен,-пен Дәрігермен Доппен
Атау септіктегі сөздер негізінен бастауыш болады.Қалған септік жалғаулары жалғанған сөздер сөйлемде тұрлаусыз мүшелер болады.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде ерекшеліктер болады. І, ІІ жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте –а,-е жалғаулары жалғанады.
ІІІ жақ тәуелдеулі зат есімдер септелгенде төмендегі септіктерге мынандай септік жалғаулары жалғанады:
Б.С –на, -не : досына, дәптеріне
Т.С –н : досын ,дәптерін
Ж.С - нда,-нде: досында, дәптерінде
Етістік
Заттың қимылын ,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік деп атаймыз. Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті ? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: өсті, ойнады, биледі, ұйықтады, жазды, оқыды
Етістіктер дара және күрделі болып бөлінеді. Дара етістік бір сөзден тұрады. Мысалы: келді, оқыды, көрді,жазды
Күрделі етістік екі , үш сөзден тұрады. Мысалы: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр , жүзіп бара жатыр
Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді.
Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік деп атаймыз. Мысалы: оқы , жүр, күт, ки
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік деп атаймыз.Мысалы: ақыл+дас, ой+лан, әк+те
Етістік болымды (ойна, оқы) және болымсыз (ойнама,оқыма) болып екіге бөлінеді.
Болымсыз етістік болымды етістікке –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: жұл+ма, бұз+ба
Достарыңызбен бөлісу: |