2-4 сынып Құрастырған:Қазы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакаева Айгуль Ирангаиповна



бет8/8
Дата29.06.2022
өлшемі36.04 Kb.
#459559
1   2   3   4   5   6   7   8
қазақ тілі ережелер жинағы 2-4 сыныптар

Сөз тіркесі
Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз: тұнық су, екі оқушы, сауатты жаз. Жасалуы: Зат есім + зат есім , сын есім + зат есім, сан есім + зат есім, зат есім + еті негізгі мағынаны білдіреді;
Сөз тіркесінің анықтайды.
екінші сыңары
арқылы сөз тіркесінің бірінші
сыңарына сұрақ қоямыз Сөз тіркесінің  екінші сыңарының негізгі мағынасын
бірінші сыңар  анықтай, дәлелдей түседі.
* Орын жағынан әбден қалыптасқан,құрамы өзгертуге келмейтін,бәрі тұтасып бір мағына білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі болатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Мысалы: Көзді ашып жұмғанша (жылдам), қоян жүрек (қорқақ). Тұрақты сөз тіркесі ойды көркем, әсерлі жеткізуге көмектеседі.
Күрделі сөз
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз. Мысалы: бозторғай, Сарыарқа, ата-ана, теміржол
Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер  дейміз. Олар бірігіп жазылады. Мысалы: алабота(шөп аты) , балқарағай
Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі ауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыағаш, Сарыарқа
Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп  атайды. Жазуда қос сөздің арасына сызықша қойылады. Мысалы:
мая-мая, әке-шеше, құрал-сайман, көре-көре.
Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: айта-айта, ар-ұят, киім –кешек.
Қайталама қос сөздер
Бір сөздің қайталауынан жасалған қос сөздер: күрт-күрт, шөре-шөре
Екі сыңарының да мағынасы бар қос сөз: құрбы-құрдас, тау-тас
Бірінші сыңарына қосымша жалғану арқылы жасалған қос сөз: бетпе-бет
Бір сыңарының мағынасы жоқ: бала-шаға
Екі сыңарына да қосымша жалғану арқылы жасалған қос сөз: үйді-үйіне
Екі сыңарының да мағынасы жоқ: ығы-жығы
Бірінші сыңары күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөз: сап-сары
Қысқарған сөздер
Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады. Мысалы: ҚР, БҰҰ, педкеңес. Бұлар қысқарған сөздер деп аталады.
Қысқарған сөздің жасалу жолы
Мысал
Қосымшаның жалғануы
Сөздердің бастапқы дыбыстары алынады
ҚХР, ҚР, БҰҰ-ға, АҚШ-тың
Бірінші сөздің алғашқы буынына екінші сөз өзгертілмей қосылып жазылады.
медколлеж,Педколлежге,педкеңеске
Сөздердің бастапқы буындары алынады
Ұжымшар,кеңшар, ұжымшарға
Бірінші сөздің бастапқы буыны мен қалған сөздердің бастапқы ыбыстары алынады
ҚазМУ, ҚазҰПУ,ҚазМПУ-да,
Өлшем атаулары
Кг,см, мм,Кг-нан, см-г
Қаратпа сөз
Тілде біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз деп атайды. Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.Мысалы: Шынар, сабаққа барасың ба?
Мәтін
Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтіннің басы ,негізгі бөлімі, соңы болады. Мәтін 3 түрлі болады: әңгімелеу мәтіні (не істеді?) , сипаттау мәтіні (қандай?), пайымдау мәтіні (неліктен?). Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мағыналық және грамматикалық жағынан өзара байланысты болады.
Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау. Тақырып –мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой –автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір –бірімен тығыз байланыста болады.
Әңгімелеу мәтіні (Не істеді?) Бір нәрсе жөнінде баяндайды.,хабарлайды. Әңгімелеу мәтіні мына төмендегіше құрылады:
Басталуы (оқиғаның басы) оқиғаның дамуы оқиғаның шарықтау шегі оқиғаның нәтижесі
Пайымдау мәтіні (Неліктен?) бір нәрсе жөнінде неліктен солай айтылғаны жөнінде дәлелдейді.
Дәлелденетін пікір себебі дәлелдеу пікірі сондықтан қорытынды
Сипаттау мәтіні (қандай?)белгілі бір заттың,
құбылыстың белгілерін көрсетеді,қандай екенін сипаттап суреттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет