Шылау
Толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді ,сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздерді шылаулар деп атаймыз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын шылаулар: мен ,бен, пен, және.
Күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін шылаулар: да,де,та,те
Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да,де,та,те шылаулары- ның арасына үтір қойылады. Мысалы: Асан да, Үсен де, ерте келді.
Сұраулық мағына үстейтін шылаулар: ма,ме,ба,бе,па,пе.
Қайталанған ма,ме,па,пе,ба,бе шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: Бүгін кезекші Сәуле ме, Дархан ба?
Сөзге үстеме мағына беретін шылаулар: үшін, дейін, шейін, туралы. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді. Мысалы: Жұмысыңды күзге дейін бітір.
Шектеу, даралу, өтініш мағыналарын үстейтін шылаулар: қой,ғой, ғана, қана, -ақ. Қой,ғой шылаулары өзі қатысты сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш болады. Мысалы: Көрші үйге барып келе ғой.
-ақ шылауы өзі жалғанған сөзінен дефис арқылы бөлініп жазылады. Бұның жөн-ақ
Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.
Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады. Мысалы: Бүгін барма. Қаламың бар ма? Суға тиме. Үсен ертең келе ме?
Да,де, та,те шылау болса ,атау септіктегі сөзбен байланысады да , бөлек жазылады. Мысалы: Күн де жылынды, көк те шықты.
Да, де,та,те жатыс септік жалғауы болса ,өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады.
Мен,бен,пен шылау болса , бөлек жазылады. Мысалы: Қағаз бен қалам алады.
Мен, бен,пен көмектес септік жалғауы болса ,өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады. Мысалы: Мен әкеммен сөйлестім.
Еліктеу сөз
Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар: еліктеуіш сөз, бейнелеуіш сөз.
* Дыбысқа еліктеуден болған сөздерді еліктеуіш сөздер деп атаймыз. Мысалы: сырт-сырт, пыс-пыс, тарс-тұрс, даң-дұң. Бұлақтың сылдыры, иттің ырылдауы, зеңбіректің гүрсілі.
* Табиғаттағы түрлі құбылыстардың бейнесін елестетуден пайда болған сөздерді бейнелеуіш сөздер деп атайды. Мысалы: маң-маң, жарқ-жұрқ
Елең етті, алшаң басты.
Қыстырма сөз
Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін , бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды. Мысалы: Мүмкін , ол ерте келіп қалар. Қыстырма сөздер мағынасына қарай] түр мысалы
Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіреді
Амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай
Сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді
Сөз жоқ , бәсе, рас, әрине, шынында
Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді.
Меніңше, сіздіңше, оның пікірінше,т.б
Долбармен ғана немесе сенер сенбестікпен айтылғанын білдіреді
Сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім
Алдыңғы айтылғанға қорытынды жасау үшін жұмсалады.
Олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы, т,б
Ойды санамалап дәлелдеу үшін жұмсалады
Біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында
Достарыңызбен бөлісу: |