2-4 сынып Құрастырған:Қазы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакаева Айгуль Ирангаиповна



бет5/8
Дата29.06.2022
өлшемі36.04 Kb.
#459559
1   2   3   4   5   6   7   8
қазақ тілі ережелер жинағы 2-4 сыныптар

Етістіктің жіктелуі
Етістікке іс-әрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанады. Мысалы: жүрмін,жүрсің,жүр.
Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейді.
Етістіктің шақтары
Етістік іс -әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Соған орай етістіктің үш шағы болады: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ етістіктер іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді. Осы шақ етістіктері не істеп жатырмын? не істеп жатырсың? не істеп жатыр? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: жазып отырмын.
Өткен шақ етістіктері іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіреді: оқыды, келіпті, ағытты. Өткен шақ етістіктері не істедім? не істедің? не істеді? сұрақтарына жауап береді.
Келер шақ етістіктері іс-әрекеттің алдыңғы уақытта болатынын білдіреді. Мысалы: егемін, егесің,егеді. Келер шақ етістіктері не істеймін? не істейсің? не істейді? сұрақтарына жауап береді.
Сын есім
Заттың түрін, түсін,сапасын,көлемін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: қызыл , тәтті, әдемі,ұзын ,биік, кең, аласа, тар, ащы
Сыни есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім деп атаймыз. Мысалы: таза, әдемі
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім деп атаймыз. Мысалы: өнер+лі , күш+ті
Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім деп атаймыз. Мысалы: қалың –жұқа , ащы – тәтті, жұмсақ – қатты.
Сын есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Дара сын есім бір сөзден тұрады.Мысалы: көк , қою, ұзын
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек – бөлек жазылады. Мысалы: ақ сары, көк ала.
Сан есім
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: бес, жеті, екінші, алтыншы. Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді.
Есептік сан есімдер заттың дәл санын білдіріп,неше? қанша? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: екі, бес,мың алты жүз
Реттік сан есімдер заттың рет санын білдіріп нешінші?,қаншасыншы? деген сұрақтарға жауап береді. Олар есептік сан есімдерге -ыншы,-інші , - ншы,-нші жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бес+інші,алты+ншы
Сан есімдер дара және күрделі болып екі түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет