2-4 сынып Құрастырған:Қазы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакаева Айгуль Ирангаиповна



бет3/8
Дата29.06.2022
өлшемі36.04 Kb.
#459559
1   2   3   4   5   6   7   8
қазақ тілі ережелер жинағы 2-4 сыныптар

Сөз таптары
Зат есім
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім деп атаймыз.Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? сұрақтары қойылады. Мысалы: кеме , әже, ағаш.
Адамдарға қатысты сөздерге кім? кімдер? жануарлар мен заттарға не? нелер? Деген сұрақтар қойылады.
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары,жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әрқашан бас әріппен жазылады. Мысалы: Айжан, Шымкент ,Шаян, Алатау, Ақтөс , Есіл
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. Мысалы: кітап, өзен, аққу, оқушы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не?сұрағына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата,құс,түйе
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі деп атайды: аталар, құстар, түйелер
Зат есімнің көпше түрі –лар,-лер, -дар,-дер,-тар,-тер жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар көптік жалғау деп аталады. Мысалы: бала+лар , доп+тар, гүл+дер
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атаймыз.
Мысалы: жер,ана,көз
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атаймыз.Мысалы: бай+лық, кезек+ші, дос+тық
Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауды тәуелдік жалғаулар деп атайды. Тәуелдік жалғаулар үш жақта ,жекеше,көпше түрде айтылады.
Зат есімнің тәуелденуі



жақ
Жекеше жалғауы
Көпше
жалғауы
Менің қалам
-м,-ым,-ім
Біздің қаламыз
-мыз,-міз,
-ымыз, -іміз
ІІ
Сенің қалаң
-ң,-ың,-ің
Сендердің қалаларың
-ң,-ың,-ің
Сіздің қалаңыз
-ңыз,-ңіз,
- ыңыз,-іңіз
Сіздердің қалаларыңыз
-ңыз,-ңіз,
- ыңыз,-іңіз
ІІІ
Оның қаласы
-ы,-і, -сы,-сі
Олардың қалалары
-ы,-і, -сы,-сі



Зат есімнің жіктелуі
Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда , оған І, ІІ жақта жіктік жалғауы жалғанады.

Жіктік жалғаулар
баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанады.



І жақ
Жекеше жалғауы Көпше жалғауы
Мен оқушымын -мын,-мін-бын,-бін,-пын,-пін Біз оқушымыз -мыз,-міз-быз,-біз-пыз,-піз
ІІ Сен оқушысың -сың,-сің, Сендер оқушысыңдар -сыңдар,-сіңдер
Сіз оқушысыз -сыз,-сіз Сіздер оқушысыздар -сыздар,-сіздер
ІІІ .Ол оқушы- Олар- оқушылар -лар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет