Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Мысалы: бір, мың, жүз
Күрделі сан есімдер екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек –бөлек жазылады. Мысалы: он тоғыз, екі жүз.
Есімдік
Зат есім , сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз. Есімдіктер: мен ,сен,ол, біз, өзі ,бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім,ешқашан, әрқайсысы т.б
Мен біз,сен, сіз ,ол сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдіктері жіктеледі,септеледі.
А.с мен , ол Ж.с менде, онда
І.с менің, оның Ш.с менен, одан
Б.с маған, оған К.с менімен, онымен
Т.с мені, оны
Үстеу
Іс-әрекеттің мезгілін ,мекенін,сын –қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз. Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Кемел кітапты тез оқиды. Алмас кеше келді. Айгүл сыртта тұр.
Қашан? Қашаннан? сұрағына жауап беретін үстеулерді мезгіл үстеулері деп атаймыз. Мысалы: Таңертең барамын. Жаздай демаламыз. Мезгіл үстеулері: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, күндіз, күні-түні, қысы-жазы, күні бүгін, күні кеше, күн ара,ала жаздай т.б
Қайда? Қайдан? сұрағына жауап болатын үстеулерді мекен үстеулері дейді. Мысалы: Су жоғары көтерілді. Ат ілгері жүрді.
Мекен үстеулері: ілгері, әрі,бері,әріде,әрмен,жоғары,төмен, жолшыбай, алды-артынан, одан –бұдан, сонда. т.б
Қалай? Қайтіп? Қалайша? сұрағына жауап болатын үстеулерді сын қимыл үстеулері дейді. Мысалы: Ол тез оқиды. Әжем ақырын сөйледі. Сын қимыл үстеулері: бірден, бірдей, бірге, осылай, осылайша, сөйтіп, өйтіп, бірте- бірте, жатпай-тұрмай, ойлай – ойлай, бет алды, қаннан қаперсіз.
Одағай
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл – күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді. Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Бәрекелді, өнерлі бала екенсің! Ойпырай, ит қауып алған жоқ па?!
Достарыңызбен бөлісу: |