2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет7/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
ббжм

Ақиқат/Жалған

Оқушылар жоғарғы танымдық деңгейде фактілерді, терминдерді, қағидаттарды немесе ұғымдарды тану немесе графикте немесе кестеде ақпаратты қамтитын бір нүктені табу сияқты бір сатылы процедураны орындайды. 

Жалған

PISA-2015 зерттеуінде топтастырылған контексттердің бірі – денсаулық. 

Ақиқат

Процедуралық білім, ғылыми білім алу үшін қолданылатын әртүрлі әдістерді, сондай-ақ стандартты зерттеу процедураларын білу.

Ақиқат

Құбылыстардың ғылыми түсіндірмесінің бірі – ғылыми зерттеулерді сипаттау және бағалау, мәселелерді шешудің ғылыми тәсілдерін ұсыну қабілеттері.

Жалған

Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық – адамның жаратылыстану ғылымдарының дамуына және олардың жетістіктерін пайдалануға байланысты мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстанымға ие болу қабілеті. 

Ақиқат

3- сабақ
Биология сабақтарында жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты дамыту
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық – адамның жаратылыстану ғылымына тән білімді сұрақ қою, жаңа білімді меңгеру, ғылымның осы саласына тән құбылыстарды түсіндіру және ғылыми дәлелдерге негізделген қорытындылар жасау үшін пайдалану қабілеті; жаратылыстану ғылымының негізгі ерекшеліктерін адам танымының формасы ретінде түсіну; жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың қоғам өмірінің материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаларына әсерінен хабардарлықты көрсету; жаратылыстануға байланысты мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстаным ұстану. 
Жаратылыстану ғылымынан сауаты бар адам жаратылыстану ғылымдары мен технологияларға қатысты мәселелерді дәлел келтіре отырып талқылауға қатысуға тырысады. Бұл мынадай құзыреттерді қажет етеді:

  • құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру; 

  • жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеудің негізгі ерекшеліктерін түсіну; 

  • деректерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді қолдану. 

Жоғарыдағы анықтамадан жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты қалыптастыратын, биология сабақтарына қойылатын талаптарды айқындауға болады. Олар аталған құзыреттерді дамытуға бағытталуы қажет, оған қоса, мүмкіндігінше, нақты өмірлік жағдаяттармен, адамның практикалық іс-әрекетімен, тұрақты дамуға деген ұмтылысымен байланысты болуы керек. 
Биология пәнінің оқу бағдарламалары іргелі ғылыми ұғымдарды зерттеу арқылы оқушылардың жаратылыстанушылық-ғылыми құзыреттерін қалыптастыруды көздейді. Оқу мақсаттары жаратылыстану ғылымына тән құзыреттер мен дағдыларды, адамның белгілі бір білім мен қабілеттерге сүйеніп, қазіргі қоғамда әрекет ету, әртүрлі мәселелерді шешу қабілетін дамытуға бағытталған. Мысалы: 

Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру

Жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеудің негізгі ерекшеліктерін түсіну 

Деректерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді қолдану 

7.4.2.1«жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарын түсіндіру 

7.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін зерделеу 

7.4.1.3 азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар мен майлардың бар екенін дәлелдеу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет