2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет19/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
ббжм

Сараланған тәсіл – балалар қауымдастығында оның құрылымдық немесе бейресми бірлестіктері ретінде қалыптасқан немесе оқушылардың ұқсас жеке және тұлғалық қасиеттері бойынша педагог ерекшелейтін оқушы топтарына нысаналы түрде педагогикалық әсер ету. 
Тұлғаға бағытталған оқыту – әр оқушының бірегей жеке ерекшеліктерін түсінуге және оларды оқу жоспарларын құрудың негізі ретінде пайдалануға бағытталған инновациялық тәсіл. 
Саралау – процестерді немесе құбылыстарды құрамдас бөліктерге бөлу, тармақтау. 
Дараландыру – тұлғаның өзін-өзі анықтау және оқшаулану процесі, оның қауымдастықтан ерекшеленуі, дербес, бірегей және қайталанбайтын болмысының қалыптасуы. 
Креативтілік – адамның стандартты идеялардан, ережелер мен шаблондардан бас тарта білуі. Ол прогрессивті көзқарастың, қиял мен өзіндік ерекшеліктің болуын көздейді. 
Сабақты модельдеу – сабақтың жалпы идеясын әзірлеу және оған қол жеткізудің негізгі жолдарын сипаттау. Сабақтың нысаналық, мазмұндық, әдістемелік және процестік модельдері бар. 
Сабақты жобалау (сценарий немесе жоспар-конспект түрінде жобасын жасау) – жасалған модельді одан әрі дамытып, практикалық қолдану деңгейіне жеткізу. 
Контекст – жазбаша немесе ауызша мәтіннің аяқталған ойы бар үзіндісі, оның жалпы мағынасы құрамындағы жеке сөздердің, сөйлемдердің және т. б. мағынасын нақтылауға мүмкіндік береді. 
Мазмұн (контент) – адам алатын және пайдаланатын кез келген ақпарат (мәтін, әуен, графика, видео- және аудиоматериалдар, т. б.). 
Құзырет – қандай да бір салада табысты қызмет ету үшін алған білімді, дағдылар мен тұлғалық қасиеттерді қолдана білу. 

5- сабақ
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың базалық деңгейі тапсырмаларының құрылымы


Әлем мен оның жаһандық дамуы туралы әртүрлі білім алғанда жаратылыстану ғылымдары аса маңызды. Заманауи мектептегі мұғалімнің мақсаты – оқушылардың бойында жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық пен ғылымға деген қызығушылықты қалыптастыру және дамыту. 
Оқушылардың жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылығы дегеніміз – олардың жаратылыстану ғылымы бойынша алған білімін қолдана білу, қоршаған әлемді және ондағы адамның іс-әрекеті салдарынан болатын өзгерістерді түсіну, сондай-ақ тиісті шешімдер қабылдауға қажет мәселелерді анықтау, негізді қорытынды жасау қабілеттері. 
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі оқушылардың жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылығын анықтауға арналған 32 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар жаратылыстану ғылымы циклінің химия, физика, география және биология секілді пәндерін қамтиды. Әр пәннен оқу мақсатына сәйкес 8 тест тапсырмасы беріледі. Оқушылар 7–9-сыныптарда алған білім-білігін, дағдыларын қолдану арқылы тапсырманы орындау жолдарын іздейді. Тапсырма тұтас және тұтас емес мәтін (кесте, сурет, диаграмма, және т. б.) түрінде беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. 
Тест тапсырмалары күрделілігіне қарай үш деңгейде беріледі: базалық деңгей (А) тапсырмалардың 30%-ын, орташа деңгей (В) – 50%-ын, жоғары деңгей (С) 20%-ын құрайды. Бір тапсырманы орындауға орта есеппен 1,5-2 минут беріледі. Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бағыты бойынша тестілеуге 65 минут беріледі. 
Биология пәні бойынша базалық деңгейдің сұрақтары мемлекеттік білім беру стандарты бағдарламасының оқу мақсатына сәйкес, Блум таксономиясы бойынша «білу» және «түсіну» дағдыларының деңгейін бағалауға негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет