1-тапсырма
3, 4, 7, 10 сандарымен көрсетілген терінің құрылымдық компоненттерін анықтап, олардың маңызын көрсетіңіз.
№
|
Терінің құрылымдық компонентінің атауы
|
Маңызы
|
3
|
|
|
4
|
|
|
7
|
|
|
10
|
|
|
2-тапсырма
Терінің қай қызметі қандай жағдайда байқалатынын анықтаңыз.
Жағдай
|
Қызметі
|
Ағза мен сыртқы орта тері арқылы қажет заттармен, оның ішінде оттегімен алмасады.
|
|
Адам ағзасы әрқашан майдың дәнекер ұлпасының жасушаларынан қосымша энергия ала алады.
|
|
Ыстық үтікке қолы тиіп кеткен адам қолын тартып алады.
|
|
Жаттығу кезінде спортшыларға жарақаттанбау үшін қалай дұрыс құлау керегін үйретеді.
|
|
Күн ыстықта егістікте жұмыс істеген комбайншы термен бірге 13 литрге дейін сұйықтық жоғалтуы мүмкін.
|
|
Күн ыстықта қойшы терлейді. Сонымен қатар оның қан тамырлары кеңейіп, терісі қызарады. Ал суықта қан тамырлары тарылып, терісі бозарып кетеді.
|
|
Серік пен Мәдина жазда сауықтыру лагерінде демалды. Олар күнге күйіп оралды.
|
|
A. Термореттелу
B. Бөліп шығару
C. Тыныс алу
D. Сезу
E. Секреторлық
F. Қор жинаушы
G. Қорғаныс
3-тапсырма
Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бойында мынадай құбылыстар байқалады: шамадан тыс терлеу, жиі тыныс алу, терісінің қызаруы. Сабақ аяқталғаннан кейін ағзаның жұмысы қалыпқа келеді: терлеу азаяды, тыныс алу қалпына келеді, терінің қызарғаны басылады.
а) Осы процестерді термореттелу механизмі тұрғысынан түсіндіріңіз.
b) Оқушылар дене шынықтыру сабақтарында және одан кейін сақтауы керек екі гигиена ережесін ұсыныңыз.
Үй тапсырмасы:
оқулықтан «Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі», «Термореттелудегі терінің рөлі» параграфтары;
«Адам терісінің құпиялары» хабарламасын дайындау;
кейс әдісі үшін «Адам терісі» материалын дайындау (шығармашылық тапсырмалар, бейнероликтер, анимация, тест және т. б.)
Саралау: оқушыларға деңгейлік үй тапсырмасы беріледі.
Глоссарий
Достарыңызбен бөлісу: |