2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет20/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
ббжм

Базалық деңгейде оқушылар қарапайым аргументтер мен жаратылыстану ғылымына тән ұғымдарды пайдалана отырып, белгілі бір нұсқаулар арқылы қарапайым әрекеттерді орындау, қарапайым білім мен дағдыларды еске түсіріп, қайталау үшін тапсырмалар орындайды. Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары білім алушының ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге негізделген. 
Тапсырмада қарастырылатын жаратылыстану ғылымына тән білімнің типі мен контекст жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау әдістемесі бойынша оқушылардың базалық білім деңгейін бағалау кезінде, танымдық деңгейдің төменгі сатысындағы тапсырмалар арқылы іске асады. 
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың базалық деңгейінде оқушылардың бойында дамыту қажет дағдылар:

  • биология пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білімді, іскерліктерді, дағдыларды әрекет ету тәсілдерін қалыптастыру

  • тапсырмаларды орындаған кезде үлгілік модельдерді қолдана білу; 

  • берілген нұсқауларды қолдана отырып, қарапайым тапсырмаларды орындау, қарапайым аргументтер келтіру қабілеті. 

Биология пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білімді, іскерліктерді, дағдыларды, әрекет ету тәсілдерін қалыптастыру оқушылардың Блум таксономиясы бойынша «білу» және «түсіну» деңгейлеріне сәйкес келетін, үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарына сай әзірленген тапсырмаларды орындау қабілетін көздейді. 
Тапсырмаларды орындаған кезде үлгілік модельдерді қолдана білу қарапайым терминдерді білуді, тапсырмаларды өз бетінше орындауға қажет дұрыс шешімдер қабылдай алуды, қарапайым білім мен дағдыларды қайталауды, белгілі бір нұсқаулар арқылы қарапайым әрекеттерді орындауды көздейді. 
Берілген нұсқауларды қолдана отырып, қарапайым тапсырмаларды орындау, қарапайым аргументтер келтіру қабілеті оқушылардың мәтінді түсіне білуін, тапсырмаларды орындаған кезде реттілікті сақтауын көздейді. 
Базалық деңгейдің тапсырмасына мысал 
Гүл – гүлдейтін өсімдіктердің гамета түзе отырып жыныстық жолмен көбеюге қабілетті қысқа өсіндісі. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостаған жапырақшалар мен түрлі-түсті күлте жапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып, гүлсерікті құрайды. Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әртүрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады. Аталық пен аналық – гүлдің негізгі бөлігі, олардан жемістер мен тұқымдар түзіледі. 
Тозаңдану – тозаңның аналық аузына түсу процесі. Тозаңдану процесінен кейін ұрықтану, яғни жыныс жасушаларының қосылуы жүреді. Өсімдіктер айқас не өздігінен тозаңданады. Айқас тозаңданудың екі жолы бар: тозаң желмен және жәндіктер арқылы таралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет