Тапсырмалардың күрделілік деңгейлері бойынша жетістіктер
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бойынша тест жаратылыстану циклінің пәндерінен (химия, физика, география, биология) берілетін 32тапсырманы қамтиды. Тест тапсырмалары контекстке негізделген. Контекст тұтас және тұтас емес мәтін (кесте, сурет, диаграмма, инфографика және т. б.) түрінде ұсынылуы мүмкін.
Тапсырмалардың шамамен 30%-ы күрделіліктің базалық деңгейін, 50%-ы орташа және 20%-ы жоғары деңгейін құрайды:
базалық деңгей – 30%
қарапайым білім мен дағдыны қолдану;
қарапайым модельдерді стандартты жағдаяттарда қолдану;
қарапайым мәтіндердің мәнін түсіну және қарапайым іс-әрекеттерді орындауға қажетті ақпаратты анықтау;
стандартты жағдаяттарда көрсетілген нұсқаулар көмегімен қарапайым іс-әрекеттерді орындау.
орташа деңгей – 50%
негізгі білім мен дағдыны қолдану;
қарапайым модельдер мен ойларды жаңа жағдаяттарда оқу;
қарапайым мәтіндердің мәнін түсіну және қарапайым іс-әрекеттерді орындауда көптеген іс-әрекеттерді түсіну;
жаңа жағдаяттарға берілген нұсқаулар көмегімен қарапайым іс-әрекеттерді орындау.
жоғары деңгей – 20%
күрделі білім мен дағдыны қолдану;
күрделі модельдер мен ойларды жаңа жағдаяттарда пайдалану;
қарапайым мәтіндердің мәні мен іс-әрекеттерді орындау;
жаңа жағдаяттарда көрсетілген нұсқаулар көмегімен қарапайым іс-әрекеттерді орындау;
екі немесе одан да көп кезеңнен тұратын тұжырымдар жасай білу.
Тоғызыншы сынып оқушыларының жауаптарын талдаған кезде тапсырмалардың күрделілік деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың орындалу көрсеткіштері соғұрлым төмен болатыны анықталды. Мысалы, базалық деңгейдің сәтті орындалған тапсырмаларының үлесі 67,6% құрады, орташа деңгейдікі – 60,8% және жоғары деңгейдікі – 53,7%.
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың негізі бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәні аясында қаланады және бұл пән 6-сыныпқа дейін оқылады.
Ал 7-сыныптан бастап физика, химия, биология, география пәндерін тереңдетіп зерттеу қарастырылған.
Төменде биология пәні бойынша «Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша 9-сынып ББЖМ нәтижелері ұсынылған. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының орындалуын талдау нәтижесінде, білім алушылардың биология пәні бойынша ең сәтті нәтиже көрсетілгені анықталды (5,37 балл, бұл тапсырмалардың орындалуының 67% сәйкес келеді).
Күрделілік дәрежесі бойынша ББЖМ нәтижелері
Қиындықтың әр деңгейіндегі тест тапсырмаларының 60%-дан астамы келесі тақырыптар бойынша анықталған: «Жасушалық биология», «Тірі организмдердің әртүрлілігі. Биосфера және экожүйе», «Заттар тасымалы», «Тыныс алу», «Бөліп шығару», «Координация және реттелу», «Қозғалыс», «Жасушалық цикл. Көбею. Өсу және даму», «Микробиология және биотехнология».
Базалық деңгейдегі тапсырмалардың ішінде келесі тақырыптар бойынша сұрақтар айтарлықтай жеңіл болды:
Жасушалық цикл. Көбею. Өсу және даму (78,6%).
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері (80%),
Тірі организмдердің әртүрлілігі. Биосфера және экожүйе (79,5%).
Жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындаудың ең төмен көрсеткіші келесі тақырыптар бойынша анықталды:
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері (47%),
Қоректену (52,2%),
Молекулалық биология (44,7%).
Бұл оқушылардың келесі оқу мақсаттарына жетудегі қиындықтарын көрсетеді:
9.3.2.3 парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру
9.3.2.4 озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау
8.4.1.3 нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі
8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
«Қоректену» тақырыбы тек биология пәнінің оқу бағдарламасында ғана емес, сонымен қатар химия пәнінде де кездеседі («Химия және өмір» бөлімі, 7-сынып). Мұндай пәнаралық байланыстар жаратылыстану-математика циклі пәндерін зерттеуге жүйелі көзқарастың маңыздылығын көрсетеді, себебі бір пән бойынша белгілі бір тақырыптарды меңгерудің төмен деңгейі басқа пәндерді үйренуде қиындықтарға әкелуі мүмкін.
9-сабақ
Пәндік және функционалдық сауаттылық
Қазіргі әлем білім беру процесіндегі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қайта қарауды талап етеді. ЮНЕСКО ұйымы құрылған алғашқы жылдардан бастап оның басты міндеттерінің бірі әлем халқының сауатын ашу болды, яғни жаппай сауаттылықты көздеді. Осы орайда бірден «Кімді сауатты деп санауға болады? Қазіргі заманда адамға қажет сауаттылықтың ең төменгі деңгейі қандай?» деген сұрақтар туындады.
1978 жылы ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясы функционалдық сауаттылыққа қатысты мынадай анықтама берді: «Өз тобы мен қоғамының тиімді жұмыс істеуіне қажет, сондай-ақ оқуды, жазу мен санауды өзін және қоғамды дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік беретін барлық қызмет түріне қатыса алатын адам функционалдық сауатты адам болып саналады».
Кейінгі жылдары базалық сауаттылыққа қарағанда оқушыларды оқыту мен дамытудағы функционалдық сауаттылық көбірек маңызға ие болды. Бүгінде функционалдық сауатты оқушы – білім беру сапасының индикаторы. Өмірде тек академиялық білім алып қою жеткіліксіз. Алынған ақпарат пен меңгерген дағдыларды нақты өмірлік жағдайларда қолдана білу басты назарда болады.
Функционалдық сауатты оқушының айрықша белгілері:
әртүрлі тұрмыстық мәселелерді сәтті шешеді;
әртүрлі әлеуметтік жағдайларда өзгелермен қарым-қатынас жасай алады және мәселені шешу жолын таба алады;
байланыс орнату кезінде базалық оқу және жазу машықтарын қолданады;
бір факт немесе құбылыс зерттеліп, кейін әр қырынан бағаланған кезде пәнаралық байланыстар түзеді.
Қандай да бір жағдайды бағалау және алған білімін іс жүзінде қолдану қабілеті бір сабақ аясында қалыптаспайды: функционалдық сауаттылықты арттыру процесі оқу бағдарламасына қисынды түрде кіріктірілген. Кейбір мұғалімдерге функционалдық сауаттылықты дамыту қиын боп көрінеді. Алайда, егер педагогикалық қағидалардың бәрін ұстанатын болсақ, білім алушылар оқуға, ал мұғалім жұмыс істеуге қызығушылық танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |