№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет71/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Түйін сөздер: Жамбыл Жабаев, тарихи жыр, Сұраншы батыр, Қоқан хандығы, тарих, Сарыкемер
Қозбас
Резюме. Известно, что перед обретением независимости казахский народ пережил трудный период. 
Народные поэты рассказывали об исторических событиях, трудных временах. Одним из таких истори-
ческих сказаний является «Суранши батыр» Жамбыла Жабаева. В этой статье обобщается оккупация 
казахстанской земли Кокандским ханством 19-го века. Автор связывает историчность сказании с топо-
нимами. А также топонимы анализируются и описываются. В статье подчеркивается важность сказа-
ния «Суранши батыр» в знании историю прошлого.
Ключевые слова: Жамбул Жабаев, историческое сказание, Сураншы батыр, Коканское ханство, исто-
рия, Сарыкемер, Козбас
Summary. It is known that before gaining independence the Kazakh people experienced a difficult period. 
Folk poets told about historical events, difficult times. One of such historical legends is «Suranshy batyr» of 
Zhambyl Zhabayev. This article summarizes the occupation of the Kazakh land by the Kokand Khanate of the 19th 
century. The author connects the historicity of the legend with the toponyms. And also toponyms are analyzed and 
described. The article highlights the importance of the poem “Suranshy batyr» in the knowledge of the history of 
the past.
Keywords: Zhambyl Zhabayev, historical legend, Suranshy batyr, Kokand Khanate, history, Sarykemer, Kozbas
Қазақ халқы біртұтас, дербес, тәуелсіз ел болмай тұрып, түрлі саяси қақтығыстарды, тарихи 
оқиғаларды бастан кешті. Жерді сақтау, елдігімізді сақтау оңай болмағаны рас. Рулардың өзара 
тату болмауы, билікке талас сынды ішкі олқылықтар елдің саяси тұрақсыздығына әкелді. Ішкі 
саяси тұрақсыздықтан хабардар болып отырған шекаралас мемлекеттер оңтайлы сәтті пайдала-
нып, қазақ жеріне жан-жақтан әскерлерін жіберіп, шауып алмаққа ниеттенді. 18-19 ғасырларда 
қалмақ, қоқан, ресей әскерлері жан-жақтан қыспаққа алып, елдің саяси, әлеуметтік жағдайын 
нашарлатты. 19 ғасырда қоқандықтар елдің оңтүстігіне қауіп төндірді. 
Қоқан хандығы – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі Орталық Азиядағы мемле-
кет. Қоқан хандығының негізін салушы Шахрук-би шамамен 1710 жылы Бұхара әмірлігіне тәу-
елсіз шағын иелік құрды. 1760-70 ж. Қоқан хандығы оңтүстігіндегі қазақтармен қақтығыстарға 
барды. Қоқан хандығы 19 ғасырдың бас кезінде қатты күшейді. 19 ғасырдың бірінші жартысында 
Қоқан хандығы қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстанның көпшілік аумағын бағындырды. 
Басып алған жерлерінде олар Ақмешіт, Жөлек, Жаңақорған, Шымқорған, Күмісқорған, Әулиеа-
та, Меркі, Пішпек, т.б. бекіністер тұрғызды [1, 105].
Қоқан хандығы қазақ жері арқылы өтетін Ресей мен Қытай арасындағы керуен жолдарды 
бақылауда ұстап, қазынаны толтырып, мұсылман халқы тұратын аймақты иеленгісі келді. Ұлы 
жүздің бірнеше рулары қоқандықтардың құрамына өтіп, салық төлеуге мәжбүр болды. Оның 
үстіне қоқан билеушілерінің өзара қырқысы қарапайым халыққа ауыр тиіп, елдің кедейленуі-
не әкелді. 1845-1875 жылдар аралығында өмір сүрген қоқан билеушісі Құдияр хан тұсында тек 
қазақтар емес, Қоқан хандығындағы жергілікті диқандардың да жағдайы нашарлап, кедейлікті 


164
бастан кешті. Құдияр ханның салықты өсіріп, қарапайым шаруаларды қанауы елдің қарсылығын 
тудырды. Құдияр хан бағынғысы келмеген халыққа жиі шабуыл жасап отырды. Ханның осындай 
бір шабуылы Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» жырында жырланады. 
Неше халық, неше хан,
Тапты қырғын талай жан,
Толып жатқан оқыйға
Соның бірі айтылар.
Заман-заман дегенде
Заманға қожа адам ғой,
Наразы болса заманға
Бар кінәні соған қой,
Жырға желі сол заман,
Елдің күні қаран ғой,
Кақпалап елді хан мінген,
Қайғы басқан жаман ғой [2, 159].
Жамбыл сипаттаған тар заманда ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан Сұраншының Қоқан 
хандығының Жетісу қазақтарына жасаған зорлығына қарсы қарсылығы ерлік көрсетеді. Әсіресе 
1860 жылы Ұзынағаш маңында болған шешуші ұрыста Сұраншы асқан ерлігімен ел жадында 
қалған. Сүйінбайдың жорықта жолдасы болған Сұраншы батырдың ерлігін Жамбыл ақын бала 
кезінен естіп өсіп, шағын толғау, өлеңдерін арнап, кейін үлкен жырға айналдырған, жыр екі 
бөлімнен тұрады.
Жамбыл ақын қоқандықтардың озбырлығын естіп өскендіктен, әрі халық жадынан шыға қой-
мағандықтан «Сұраншы батыр» жырын жырлаған. Оның үстіне ұстазы Сүйінбай ақын шәкіртінің 
Сұраншы батырға жыр арнауын құп көреді. Тарихи оқиғада ерлік іс-әрекетімен Сұраншы дарала-
нады. Батыр әдеби образға айналады. Исторические события, образы их участников должны быть 
представлены во всей истине. Но историческая истина сложна. Она включает в себя не только 
непосредственное значение и роль факта для ближайших событий, но и значение его в истори-
ческой перспективе [3, 151]. Жамбыл Сұраншы батырдың саяси оқиға кезінде ерлік көрсеткенін 
мойындайды, шама-шарқынша Сұраншының батырлық тұлғасын беруге тырысады. Өйткені 
ақын Сұраншының батырларға тән ерлігін көрсету арқылы келешекте де үлгі тұтар тұлға болып 
қалуын қалайды. Сондай-ақ Сұраншының ерлігін, оқиғалар мен фактілердің шынайылығын Сүй-
інбайдың саяси оқиғалардың куәгері болғандығымен, көріп-білгенін Жамбылға өсиет етуімен 
растағандай болады. Оған ақынның мына бір жыр жолдары дәлел болады:
Жамбыл — Жамбыл болғанда
Жыр дауылы қозғанда,
Қырғыз, қазақ еліне
Талай рет жырланған.
Бата берген Сүйімбай,
Жырдың тіккен туындай,
Айтқанда маған ақылды:
— Жырла! — деген батырды,
Есімде мәңгі сол қалған [2, 157]
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Сұраншы батырға Сүйінбай жоқтау, Жам-
был жыр арнаған. Қысқаша мазмұны былай: Ресейдің патша үкіметіне қарсы шыққан Жетісу 
билеушісі Құдияр хан патша әскерімен соғысып, патша өкіметінен жеңіліс тауып, кері шегінген 
кезінде тыныш жатқан ауылды қырып, қырғыздың Орман ханымен қол біріктіріп, Тілеуқабыл 
елін аямай шабады. 
Бірнеше күн өткенде
Колпаков пен Черняев
Жетісуға жеткенде,
Құдияр хан қағынды,
Тағы қанды сағынды,
Алатын орыс, қазақсың,


165
Аламын деді бәріңді.
Қырғыздан Орман бірігіп,
Қордайдан асқан көп әскер
Теріскейге ағылды.
Тілеуқабыл — Қасқарау
Сарыкемерде шабылды [2, 160-161]
Осы кезде дулат елінің батырлары бас сауғалап, Құдиярға қарсы күш көрсете алмайды. Сұран-
шы батыр ғана жауға қарсы тұрып, үш күн, үш түн ұрысып, жауды кері қайтарады. 
Қоқанға қарай жау қашты
Қордай белін асылып,
Ақ семсері ақ шомшы,
Қызыл қанды сапырып,
Үш күн, үш түн өткенше,
Әсте батыр тынбады,
Томағасын қайырған
Ақ ыйықтай шыңдағы.
Ел жақтаған батырдың
Сағы жаудан сынбады [2, 180]
Жырдың екінші бөлімінде қырғыздың ханы Орман Сұраншыдан кек алмаққа бекініп, Сұран-
шыны ордасына шақырады. Қырғыз халқы Сұраншының жалғыз келгенін көріп, онымен соғысу-
дан бас тартады. Осы кезде Сұраншы Орман ханнан жекпе-жекке шығуын бұйырады. Орман хан 
өзінің үш батырын шығарады. Үшеуін де жеңген Сұраншы Орман ханның өзімен, манаптарымен 
ұрысады. Ұрыс кезінде Орман хан да, Сұраншы да жараланады. 
Аш қасқырдай батырды
Ортасына алысты.
Ханның тобы жүз кісі
Ортасында бір кісі,
Түс ауғанша ұрысты.
Күн төбеден өткенде,
Бесіндікке жеткенде,
Жау қамаған Сұраншы
Көзін қаптап қан алды,
Тұла бойын жара алды,
Орман ханға ұмтылды.
Алыстан салған найзасы
Ту сыртына бір тиді,
Сегізкөздің қоң еті
Кереқарыс жыртылды [2, 183]
Осы кезде қазақ жерінен Жагор қырық жолдасымен келіп, Сұраншы елге алып қайтады. Ор-
ман хан жарасынан айықпай, көз жұмады. Жамбыл жырлауындағы дастан батырлықты, бірлікті 
дәріптеумен аяқталады. Кейінгі ұрпаққа Сұраншыдай батыр болуды, қиын заманда елін, жерін 
жаудан қорғауды тапсырады:
О, ерлерім, ерлерім,
Ел сүйенген белдерім,
Халықтың қорғар ырысын.
Сұраншыдай жауға шап
Ерді өсірген ел үшін,
Өртке теңіз шашқандай
Шығартпа жаудың дыбысың!
Жау бетіне қылыш шап,
Елді, жерді гүлденткен
Сталиндей күн үшін,
Қынадай еңбек қанаған,


166
Ит боп елді талаған,
Қан сімірген қанқорлар
Әлемнен түгел құрысын! [2, 185]
Дастан тарихи шындыққа негізделген. Оған дәлел көп, оның бір ғана дәлелі – дастандағы жер-
су атауларының күні бүгінге дейін қолданылуы. Жырда батырдың туып-өскен мекені, табиғаты, 
ортасы суреттеледі. 
Толып жатқан шоқысы,
Шоқысының аты бар:
Қозбас, Қордай жаясы
Сонан өрлеп тартылар, —
Суықтөбе, Дегерез,
Ұзынағаш, Көктөбе,
Қарғалының биігі,
Шұбар аттың өрі бар,
Қасқаасау мен Үшқоңыр,
Қызыл күндей елі бар.
Қарағайлы, Құрттыбас,
Талғардай биік шоқы бар.
Есік Түрген, Ақшелек
Қарқара бар, Асы бар,
Шыңдардың шыңы Хантәңір
Таудың биік басы бар [2, 158-159].
Жамбыл сипаттаған мекен атаулары бүгінге дейін сақталған. Қозбас, Қордай, Суықтөбе, Деге-
рез (Дегерес) мекендері қазіргі Жамбыл облысының аумағында орналасса, Ұзынағаш, Көктөбе, 
Қарғалы, Үшқоңыр, Қарағайлы, Талғар, Есік, Түрген, Қарқара, Хантәңір шыңы қазіргі Алма-
ты облысының аумағында орналасқан. Ақын атаған жер-су атауларының барлығын болмаса да, 
екі-үшеуін таныстыруға болады. 
Алдымен Қозбас деген жер атауы аталады. Қозбас – Қордай асуының маңындағы мекен. Та-
рихшы Н.А.Атыгаев Қозбас орнын Қазақ хандығының құрылған орны деп топшылайды: «Таким 
образом, есть все основания считать, что местом возникновения Казахского ханства является 
Чу-Илийское междуречье. Здесь же, на территории современного Жамбылского района Алматин-
ской области, находилась упоминаемая Мирза Мухаммед Хайдаром местность «Козыбасы» [4]. 
Қозбас, Қозыбасы, Қозыбашы деген атаулармен көптеген деректерде кездеседі.
Сарыкемер атауы жырда бірнеше рет аталады. Оған себеп: Қоқан ханы Құдиярдың патша 
өкіметіне қарсы тұра алмай, қашып, жолда Сарыкемер ауылын шауып кетуі. 
Қырғыздан Орман бірігіп,
Қордайдан асқан көп әскер
Теріскейге ағылды.
Тілеуқабыл — Қасқарау
Сарыкемерде шабылды [2, 160-161].
Сарыкемер – ауыл, Жамбыл облысы, Байзақ ауданының (1938 жылдан) және Сарыкемер ауыл-
дық округініңорталығы(1938 жылдан). Іргесі 1875 жылы қаланды. Халық ауылға қоныстанбаған 
кезде, ауыл маңындағы Талас өзенінің бойы сарыкемерленіп, күнге шағылсып тұратындықтан 
ежелден бұл жер Сарыкемер аталған. 1880 жылы орыс көпесі Михайловтың атымен Михайловка 
қаласы аталған десе, басқа нұсқаларда келімсектер тұрған жерлеріне бірінші кезекте шіркеулерін 
салған, шіркеуді өздерінің қасиетті "Михайлов день" күні қарсаңында ашылғанына байланы-
сты атаған дейді. Ауылға Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің торалқасының 19.03.1992 
жылғы №1262-ХІІ қаулысымен өзінің ежелгі Сарыкемер аты қайтарылып берілді. Осы елді 
мекеннің тұрғыны болған Әмірбек қажы Есенбаев 1957 жылы көне Тараз қаласы жайында жа-
зылған мұрағат материалдарын жинаған кезде, Ташкенттегі Орта Азия университетінің кітап-
ханасына барған сапарында Ресейдің археологиялық-этнографиялық экспедициясын басқарған 
ротмистр Н.А.Петровтың 1791 жылы жазған зерттеулерімен танысқан болатын. Сол көне құжат-
тар салынған жәшіктің сыртқы бетінде “№117-61220, материалы Таласской долины и устные 


167
сказания очевидцев” деген зерттеу тақырыбының аты жазылған. Онда Байзақ датқаның әкесі 
Мәмбет датқаның батыр тұлғасы туралы жан-жақты баяндалған және оның өciп-өнген әулетінде 
қалыптасқан қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жайында да аса құнды деректер жинақталған. 
Әcipece, Мәмбет датқаның жаз жайлауы Талас өзенінің жағасындағы Сарыкемер елді мекенін 
айнала қоршап жатқан малға жайлы, шөбі шүйгін, суы мол, кең жайылымдар болатыны ерекше 
айтылған. Орыс этнографы Петровтың зерттеулерін негізге алсақ, Сарыкемер елді мекені XVII 
ғасырдың басында, яғни Мәмбет датқа өмір сүрген дәуірде қалыптасқан [5].
Жамбыл ақын оқиғаның жай-жапсарын түгел білгендіктен, «Сұраншы батыр» жырын тарихи 
фактілер мен деректерге сүйене отырып, сол күйінше жырлауға тырысқан. Оның үстіне халық 
көрген қорлығынан, тартқан азабынан айыға қоймағандықтан, оқиға бұрмаланбай, шындыққа 
негізделген. Жырдағы жер-су атауларының, кісі есімдерінің ұмытылмай, жырлануы жырдың та-
рихилығын дәлелдей түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет