163
Қабдешова Қ.А.
PhD
докторант, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты,
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті,
kuralay.kabdeshova@gmail.com, bulakarb_83@mail.ru
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ «СҰРАНШЫ БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ТАРИХИЛЫҒЫ
Аңдатпа. Қазақ халқының тәуелсіздікке қол жеткізбестен бұрын ауыр кезеңді бастан кешкені белгілі.
Халық ақындары тарихи оқиғаларды, қиын кезеңдерді жырға қосып отырды. Осындай тарихи жырлар-
дың бірі – Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» жыры. Мақалада Жамбыл Жабаевтың жырлауын-
дағы «Сұраншы батыр» жыры тарихи тұрғыдан талданады. Жырға өзек болған 19 ғасырдағы Қоқан
хандығының қазақ жерін жаулау әрекеттері қысқаша баяндалады. Қоқан хандығының Жетісу қазақта-
рына жасаған зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жыр мақалада үзін-
ділермен беріліп, талданып отырады. Автор жырдың тарихилығын жырда аталатын жер-су атаула-
рымен байланыстырады. Жырда аталатын кейбір жер атауларына тоқталып өтеді, оларға сипаттама
береді. Сондай-ақ жер-су атауларының бүгінгі күнге дейін сақталғандығын атап өтеді. Мақала «Сұран-
шы батыр» жырының өткен тарихты білуде маңызы зор екендігін алға тартады.
Достарыңызбен бөлісу: