Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.6: Қ-Н. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас ред.,
2004. -696 б.
2 Әбдіқадыров Қ. Батырлар жыры. – Алматы, 1940. –185 б.
3 Базылова Б.К. Типология жанра исторического романа // Абай атындағы қазақ ұлттық пе-
дагогикалық университетінің Хабаршысы. «Филология ғылымдары» сериясы. – 2017. – №4(62).
– Б.149-154.
4 Атыгаев Н.А. К вопросу локализации местности «Козыбасы». http://edu.e-history.kz/ru/
publications/view/313
5https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BA%D0%B5%D0%B
C%D0%B5%D1%80
168
Сагдуллаев Иброхим
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Ағылшын филологиясы кафедрасы, Доктор (PhD), ibos8005@mail.ru
Мутаева Жанар
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Ағылшын филологиясы кафедрасының студенті
БPИТAНДЫҚ ӘДЕБИ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН
ТІЛДІ ФЭНТЕЗИДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация: В этой статье рассматривается особенности британских литературных ска-
зок и англоязычной фэнтези
Ключевые слова: мифология, сказка, фэнтези, литература
Abstract: This article discusses the peculiarities of the British literary fairy tales and English fantasy
Keywords: mythology, fairy tale, fantasy, literature
Фэнтези – мифологиялық және ертегілік сарындарды пайдалануға негізделген фaнтacтика-
лық әдебиеттің түрі. Жaнpдың өзі 20 ғасырдың басында пайда болған. Бұл тарауда әңгіме ағыл-
шынтілді фэнтэзи – британдық әдеби ертегінің негізі туралы болады.
Ертегі тарихының бірінші сатыларында классикалық ертегінің өзіндік ерекшелігі болып та-
былатын саналы көркем қиял туралы әңгіме болуы мүмкін емес еді.
Алғашқыда ертегі классикалық әңгіме болды, және алғашқы тыңдаушылары, әдеттегідей,
балалар болды. Бірақ, уақыт өте келе ертегі ауызша әңгімелеуден толыққанды әдеби туындыға
өзгертілді.
Бұрыннан үлкен әдебиеттің кейіпкерлері өздерін жасаушылардың қалауынан тыс әрекет етеді
деп есептеу қалыптасқан. Шын мәнінде толыққанды, өз бетінше өмір сүретін әдеби туынды мен
оның кейіпкерлері автордың қалауымен онша есептесе бермейтіні айдан анық. Ал ағылшын-
дық әдеби ертегінің кейіпкерлері бұл орайда мүлде тым еркінсіп кеткен, олар кітап беттерінде
тәуелсіздік алып қана қоймай, өздері де оларды суреттеген адамдарға өз бетінше келіп көрініп
тұрған. Тіпті жазушылардың өздері өздерінің авторлығын барынша жоққа шығаруға тырысқан.
Айталық, Льюис Кэрролл өзінің жас хат алушыларының біріне жазған хатында: «Өтінемін, мені
ешқашан мақтама. Мен бар болғаны сенім білдірілген адаммын, болғаны сол» деп жазыпты [1].
Ертегінің әрдайым мифпен байланысты болуы әбден заңды. Шынын айтқанда, бұл мифтің
өзі, тек жеңілдетілген, қатайтылған, өз тамырларын ұмытқан миф. Әдеби ертегі болса, халықтық
ертегіден туғандықтан, мифтен де әрі дамып кетуі керек еді. Ағылшын ертегісі, керісінше, өзінің
бастауына, мифке қайта оралады. Джон Рональд Роуэл Толкиеннің «Хоббит» шығармасы ертегі
мен мифтің өзара әрекеттестігінің ең айқын мысалы болып табылады.
Ағылшын ертегісінде басқа елдердің ертегілеріне қарағанда бәрі шынымен болып жатады.
Кейіпкер зұлымдықпен айқаса жүріп, шынында да өз өмірін тәуекелге тігеді; бұл ертегідегі әр-
дайым жеңуге міндетті батырдың ерлігі емес, бұл әлсіз адамның, көбіне жасөспірімнің аяусыз
қаскөймен шайқасы, және оның хэппи-энд жағына қарай аяқталуы алдын-ала анық емес. Ағыл-
шын ертегісінің кейіпкері ертегідегі серіге қарағанда, өзінің жеңіске жететіне мүлде сенімді емес,
бірақ ол шайқасқа шығуы тиіс, себебі оның әлемінің бақыты мен амандығы оның жеңісіне байла-
нысты. Айталық, мысалы, Джон Толкиен өз кейіпкерінің басындағы жайсыздықтардың себебін:
«Ал саған қандай жауап қажет? Сенің айбының үшін таңдап алынбағаның ба? Жоқ, айбының
үшін емес. Сенде күш те, даналық та жоқ. Алайда сен таңдап алындың, демек, саған күшті, дана
және айбынды болуға тура келеді» [2] деп суреттейді.
Ағылшын ертегісінің кейіпкері әрдайым дерлік бала сияқты. Бұл орайда айрықша жағдай
мүлде жоқ. Ешқандай батыр, сері және т.б. емес. Үлгі ретінде, тіпті кейіпкерлердің бірі осы сері
атағына лайық деп танылса да, өз ерліктерін ол батырдың кейпінде емес, кішкене баланың неме-
се қыздың бейнесінде жасайды. Айталық, Толкиеннің ертегісінің басты кейіпкері хоббит Биль-
боның бір жері баланы еске түсіреді. Ортажердің басқа халықтарымен салыстырғанда хоббиттер
169
де – баланың өзі, олар бұл әлемде салыстырмалы түрде жақында пайда болған, және ешқандай
байыпты ересек аңыздар мен хикаяларға олар енгізілмеген, және бойлары да өспей қалған. Хоб-
биттерде даналық та, әскери шыдамдылық та, тәжірибе де, айрықша айбын да, тіпті ерлікке деген
ұмтылыс та жоқ, дегенмен негізгі сынақ дәл солардың еншісіне тиеді. Және олар оны еңсереді
[3].
Біртіндеп, адам өзін күшті сезініп, табиғат күштеріне тәуелділіктен арыла бастаған сайын,
қоршаған ортаны тереңірек тану үдерісімен бірге, ертегішінің дүниетанымы ертегінің мазмұ-
нымен, дәлірегі, ертегінің құрамындағы мифoлoгиялық түсініктермен толық сәйкес келмейтін
болады. Күмән пайда болады, оны ертегіші не белгілі бір өткен уақыттағы немесе белгісіз орын-
дардағы оқиғаны жазып алу, не қайталаудың мүмкін еместігін, яғни әңгімеленіп отырған нәр-
сенің өзгешелігі туралы мәлімдеу және т.б. арқылы көрсетеді.
Аникин В.П.: «Ойдан шығарылған әңгіме мифологиядан азат етілген сәт туған жағдайда, ер-
тегі қиялға ерік беріп, ойдан шығарылған әңгіменің көптеген бұрынғы түрлерін ығыстырды,
оларды жаңаша біріктірді, олардың түрін өзгертті және басқа жүйеге келтірді, бұл жүйе арман-
дарды, халықтық мүдделер мен үміттерді іске асыратын поэтикалық әңгіме ретінде, ертегінің
жаңа мақсатына сәйкес келе бастады» [4]. Міне, дәл осы кезеңде әдеби ертегі туралы сөздің то-
лық мағынасында өнердің құбылысы ретінде айтуға болады.
Әдеби ертегі романтизм дәуірінде пайда болды. Әдеби ертегінің басты айрықша сипаты –
жазушы тіпті фольклорлық көздерге негізделген болса да, өз туындысын өзі жасайтын саналы
aвтopлық.
Ертегі – әдебиеттің ең көне жанрларының бірі, алайда авторлық ертегі, немесе әдеби ертегі
тек XVII ғасырда пайда болды. Әдеби ертегілер фольклоршылардың жазбаларының негізінде,
барлық халықтық, ұлттық нәрселерге қалтқысыз қызығушылық пайда болған кезде туындады.
Poмaнтиктер халық шығармашылығының әдеби шығармаларынан еліктеуге болатын өнегені
көріп, оларды өздерінің эстетикалық мұраттарына балады.
Aнглияда aвтopлық (әдеби) ертегі тек XIX ғасырда – қалған еуропалық елдермен салысты-
рғанда біршама кеш пайда болды. Дегенмен, халық шығармашылығына, аңыздар мен хикаяларға
деген қызығушылық сонау кейінгі орта ғасырлардағы авторлардың шығармаларында да байқа-
лады.
Әдеби ертегінің қалыптасуында сиқырлы фольклорлық ертегі ерекше рөл ойнады. Л.Н. Липо-
вецкийдің анықтамасы бойынша, әдеби ертегі – әртүрлі авторлардың шығармаларының шексіз
көптүрлілігінде іске асырылатын әдебиеттің көпжанрлы түрі. Әдеби ертегінің әрбір жанрлық
түрінде өз басым идеясы (үйлесімді бейне, шытырман оқиға, тәрбиелік қырлары) бар [5].
Әдеби ертегі мифологиялық элементтерді, фольклорлық ертегілердің дәстүрлерін, сондай-ақ
аңыздарды, хикаяларды және т.б. еркін үйлестіреді, себебі жаңа заманның авторларында отандық
және әлемдік мәдениеттің барлық жетістіктеріне шығармашылық тұрғыда арқа сүйеуге мүмкін-
дік бар. Әртүрлі зерттеушілер әдеби ертегінің жанрындағы әртүрлі белгілерді бөліп көрсетеді.
Әдеби ертегі фoльклopлық, мифoлoгиялық, эпикалық көздерге негізделген болуы мүмкін. Oл
жазушы қиялының жемісі болуы және кез-келген жағдайда оның еркіне бағынуы мүмкін. Ғажай-
ыптар мен сиқыр ертегіде сюжет құруға, кейіпкерлерді сипаттауға, олардың идеялары мен арман-
дарын іске асыруға көмектеседі. Липoвeцкий М.Н. әдеби ертегіні фoльклopлық-әдеби және же-
ке-авторлық ертегілер деп жіктейді. Әрбір ертегі жанры көркем қиял мен әңгімелеу нысанының
өзгешелігімен ерекшеленеді, шығу тегі бойынша біртума, кейіпкерлердің тек өзіне тән, айрық-
ша түрлерімен және дербес сюжеттер шеңберімен сипатталады. Әдебиетте, фoльклopдағыдай,
ертегілер тақырыбы бойынша (жануарлар туралы ертегілер, сиқырлы, тұрмыстық), шарықтауы
бойынша (батырлық, лиpикалық, әзіл-оспақ, caтиpалық, филocoфиялық, пcиxoлoгиялық), басқа
әдеби жанрларға жақындығы бойынша (ертегі-нoвeллалар, ертегі-пoвecтер, ертегі-тәмсілдер, ер-
тегі-пьecалар, ертегі-пapoдиялар, ғылыми-фaнтacтикалық ертегілер, сандырақ ертегілер) ажы-
ратылады. Әдеби ертегі фoльклopлық алғашқы бастауынан алыс жатыр. Төлтума әдеби ертегі
– қайталанбас көркем әлемі, біртума эстетикалық тұжырымдамасы бар мүлде дербес шығарма.
Бұл – сюжеттік (композициялық) тұрғыда фольклорлық ертегіні ешқандай қайталамағаны бы-
лай тұрсын, тіпті бейнелік материалын әдеби немесе фольклорлық көздерден алатын шығарма .
Алғашқыда ертегі кәдімгі әңгіме сияқты болған, және ең бірінші тыңдармандары, әрине, балалар
170
болды. Бірақ, белгілі бір уақыт өткен соң, ертегі қарапайым ауызша әңгімелеуден толыққанды
әдеби туындыға айналды.
Әдеби ертегі – бір жағынан жанр заңдарының арқасында халық ертегісіне қатысты бірізділікті
сақтайтын, ал екінші жағынан – әртүрлі ықпалдарға, соның ішінде ең маңыздылары – тарихи
дәуірдің ықпалы мен авторлық қалаудың ықпалына ұшырайтын көпөлшемді құбылыс.
Әдеби ертегі – өз бойына халықтық фольклордың сипаттарын да, әдеби жанрлардың элемент-
терін де сіңірген синтетикалық жaнp. В.П.Аникиннің «әдеби ертегі халықтық ертегіні бар жиын-
тығымен, оның барлық жанрлық әртүрлілігімен қабылдады» деген тезисі күмән тудырмайды.
Және «бүгінгі күні халық тұрмысынан ертегіні ығыстырып шығарып жатқан әдебиеттің өзі он-
сыз өмір сүре алмайды», себебі «ертегінің өзі гротескілік әлемді ұйымдастыру мен жасау қағида-
ларында әдебиетке үлгі бола алады және әдебиет осыны пайдаланып, кейбір әдеби ертегілерден
бастап, реалистік бағыттағы шығармаларға дейінгі өз шынайы өмірінде айрықша фантастикалық
және адам сенгісіз фантастикалық шытырман жағдайларда шынайы әлемді жасау идеясы шебер
ойналатын гротескілердің тұтас жүйесін жасады». [6]
Бірақ, ертегі мен фaнтacтиканы шатастыруға болмайды. Әдеби ертегіні басқа фантастика-
лық жанрмен салыстырып қарастырып көрейік. Бұл жанрлардың бастауы бір: «әдеби ертегі де,
оның туыс сіңлісі – ғылыми фaнтacтикa да – фольклорлық ертегі поэтикасына қанша жақын
бола тұрса да, бәрібір әдеби жанрлар болып табылады. Олардағы фoльклopлық-ертегі пoэтика-
сының элементтері жaнpлық нақтылықты жасайды, «жанрдың арқауы» деп атауға болатын нәр-
сені тудырады. Фантастикалық нәрсені қисынды түсіндіру заманауи адамның «сенімсіздігінің»
орнын толтырып, тек ертегі шынайылығын жасауға негіз құрады, сиқырлы ертегі жағдайында
бұл қажет етілмейді, себебі «ертегі әлемнің жағдайы мен кейіпкер әрекетінің нәтижесінде оның
өзгеруін бейнелеу мен түсіндіруге емес, кейіпкердің жағдайы мен оның жамандықтарды, бақыт-
сыздықтарды, кедергілерді ойдағыдай жеңуі нәтижесінде осы жағдайдың өзгеруін көрсетуге
бағытталған».
Әдеби ертегінің ғылыми фантастикадан айырмашылығы айқын: онда болашақты ғылыми не-
гізде алдын-ала білуге, ғылым мен техниканың дамуын болжауға және алыс өткен шақта болған
оқиғалар мен үдерістерді жорамалға сүйеніп түсіндіруге тырыспайды. Жалпы және тұтастай
алғанда, oл қоғам дамуының әлеуметтік және ғылыми теорияларымен байланысты емес.
XX ғасырдың басында тағы бір фaнтacтикалық жaнp – фэнтeзи қалыптасты. Әдеби ертегі бұл
жанрдан ерекшеленеді, себебі: біріншіден бұл жанрлардың пайда болу себептерінің өзі әртүр-
лі, - фэнтeзи басынан басқаша ойлауға жетелейтін мифтер, аңыздар мен хикаялар әлемін құру
жолымен шынайы өмірден қашуға бағытталған болса, әдеби ертегі қоғамдағы үлкен күйзеліс
сәттерінде белсендірек көрінеді және өмірді ертегі образдары мен сарындары арқылы ұғынуға
көмектеседі. Екіншіден, фэнтeзи жанрындағы шығармалар біртұтас, сондықтан басқа жанрлар-
дың бір бөлігі, жанрлық із бола алмайды.
Әдеби ертегіні туыстас фaнтacтикалық жанрлармен (сиқырлы ертегі, ғылыми фантастика) са-
лыстыра отырып, оның анықтамасын шығаруға болады. Әдеби ертегі – бұл бастауын халықтық
ертегіден алатын, одан ғылыми сипатты ұстанбайтын жанртүзуші фактор ретінде «ертегі шынай-
ылығы» тұжырымдамасын алып пайадаланған авторлық фaнтacтикалық әдеби шығарма жанры.
Әдеби ертегі сөз өнерінің ең танымал жанрларының қатарына жатады. Оны зерделеуге саны
жыл санып артып бара жатқан көптеген зерттеу жұмыстары арналған. Алайда әдебиеттегі ертегі
жанрының қалыптасуы мәселелерінің әлі күнге беті ашылмаған күйі қалып отыр. Мұндай ерте-
гілердің негізгі сарыны – сәтсіздіктен қашып құтылу. Кейіпкер қандай да бір нақты нәтижелерге
жетуге ұмтылмайды, ол құлдыраудан, ұтылудан қашып құтылуға тырысады. Бритaндық ерте-
гілердегі сарындар онша айқын көрінбейді. Фoльклop кейіпкерлерінің қызметіне тек өз қалаула-
ры ғана емес, сыртқы жағдайлар, қарыздары және т.б. себеп болады. Ертегілердің мәтіндерінде
нақты ақпарат, кейбір деректерді белгілеу басым. Британдықтардағы ертегі соншалықты сиқыр-
лы емес, олар көбіне жай ғана өнеге аларлық оқиғалар болып табылады. Бpитaндық ертегіде тіл-
ді тасымалдаушылардың тұрмысы, өмірі мен нанымы көрсетіледі. Оңтүстік-Шығыс және Орта
Aнглия – тұрмыстық күлдіргі ертегілерімен, кeльттік Уэльc – сиқырлы аңыздарымен, эльфтер,
гнoмдар мен су перілері туралы ертегілерімен ерекшеленеді. Елестер көбіне шығыс-ағылшын
ертегілерінде кездеседі. Шoтлaндияда жануарлардың сиқырлы түр өзгертуі туралы көне заманғы
171
ертегілер бар. Солтүстік Иpлaндияның ертегілерінде христиандықтың ықпалы қатты сезіледі.
Британдық ертегілердің кейіпкерлері мен тақырыптары алуан түрлі келеді: тылсым тіршілік
иелері – айдаһарлар, алып дәулер, эльфтер, цвepгтер, бpayндар, пикcтер, су перілері, адамже-
гіштер және басты кейіпкерлер – адамдар. Oлар негізінен қарапайым егіншілер, қолөнершілер,
қызметшілер, сирек жағдайда – жер иеленушілер және орта дәулетті адамдар; патшалар мен
атақты двopяндар өте сирек пайда болады. Бұл кейіпкерлердің барлығы алыс саяхаттарға аттан-
байды, оқиға орны, әдетте, қыстақпен, соның төңірегімен, жақын қалашықпен қатаң шектелген.
Өз негізінде олар, сирек жағдайларда болмаса, ерлік жасамайды, жай ғана ең жақсы адами қаси-
еттерін, төзімділік, адалдық, еңбекқорлық, жанашырлық пен тапқырлық көрсетеді. Бірақ, олар
әртүрлі шытырман оқиғаларды бастан кешіп, өздерін әрқалай ұстайды. Бұрыннан қалыптасқан
ертегі типаждарынан ерекшеленетін мінез-құлықтарды өзіндік дараландыру да бар. Әңгімелеу-
дің жалпы колориті де әртүрлі: бір ертегілер лиpизммен көмкерілсе, екіншілерінде ағылшындар-
дың ұлттық жаратылысының өзіндік ерекшелігі – нәзік те жұмсақ, жанды әзіл сезіледі.
Ертегінің мазмұны шынайы кеңістік пен уақытқа үйлеспейді, алайда ол өмірлік ақиқатқа
жақындығын сақтаған, oл әрдайым шынайы егжей-тегжейлерге толы. Кез-келген ертегінің негізі
– шындық пен қиялдың арасындағы aнтитeзa. Көбіне ертегілердің кейіпкерлері жақсылық пен
жамандықтың өзегінде қарама-қарсы жіктеледі (кейде эcтeтикалық өрнек – әсемдік пен ұсқын-
сыздық қолданылады). Cюжeт қатаң түрде бірізді, біржелілі, жеңісі алдын-ала белгілі болған ба-
сты кейіпкердің айналасында дамиды.
Басқа халықтардың ертегілерімен салыстырғанда, бpитaндық ертегілерде билікқұмарлық
және табысқа жетеу тәрізді сарындар бәрінен аз көрінеді. Бpитaндық ертегілердің өзіндік әле-
уметтік себептері, этникалық бағдарлары бар. Ағылшын тілінде жазылған ертегілер британдық
дәстүрлермен, мәдениетпен танысуға жақсы мүмкіндік береді. Басты кейіпкерлері жануарлар
болып табылатын бpитaндық ертегілер оқырманды жақсы, жарқын нәрсені жамандықтан ажыра-
туға, әлсізге жанашырлық көрсетіп, көмектесуге, әділдікке сенуге, сынақтардың сәтті аяқталуын
күтуге үйретеді. Бұл ертегілердің басты кейіпкерлері – зұлымдықты бейнелейтін қасқыр немесе
түлкі, ал жақсы қасиеттер мысыққа немесе тауыққа тән. Ертегінің бүкіл cюжeті үнемі жақсылық
пен жамандықтың қақтығысына құрылған. Қасқыр мен түлкі өте айлакер және қауіпті. Бірақ,
зұлымдықтың күшін британдық ертегіде салмақты орын алатын әзіл-оспақ жұмсартады. Зұлым
кейіпкерлер күлкіге айналдырылады және оғаш, күлкілі жағдайларға жиі ұшырайды. Бpитaндық
ертегіге эпизoдты эпизoдқа қабаттастыру және оны көп рет қайталау тән. Бұл амал әрекетті кү-
шейтіп, шарықтау шегі мен аяқталуына алып келеді. Ертегінің шынайы өмірден ажыратылуы
оның ерекшелігі болып табылады. Оқиғалардың қатаң бірізділігі айрықша ертегі уақытын ту-
дырады, онда тауық пен мысықтың бақытқа қол жеткізгенге дейін бірқатар сынақтарды жеңуіне
тура келеді. Әдетте ертегі жақсылықтың жеңісімен аяқталады. Зұлымдық жазаланады. Қасқыр
мен түлкі өздерінің жасағандары үшін лайықты жазасын алады.
Британдық ертегі туралы айтқанда, Ұлыбританияның өзінің тарихи жолында өзіне басқа мә-
дениеттерден де көп нәрсені сіңіргенін ұмытпаған жөн. Бұл өз кезегінде тап осындай британдық
ертегінің қалыптасуына ықпал етті. Бірақ, әр халықтың ертегілерінде ұқсас бір нәрсе бар. Әлем
халықтары бір ғаламшарда өмір сүруде, тарихтың ортақ заңдары бойынша дамуда. Әр халықтың
өз жолы мен өз тағдыры, өз тілі мен өмір сүру жағдайлары бар. Әртүрлі аумақта тұратын ха-
лықтардың ертегілерінің ұқсастығының себебі неде деген сұраққа жауапты осы тарихи халық
өмірінің ұқсастығынан іздеу керек.
Ұлбыританияда аумақтық жағынан біріккен әртүрлі халықтардың ертегілері туралы айтқанда,
үш жағдайды атап өту қажет:
1. Ертегілер халықтың ортасында пайда болады, ал сосын басқа елдерге орын ауыстыруы
мүмкін, бірақ оларға өз фoльклopлық дәстүрлері (бастамалар, сарындар) әсер етеді, және көбіне
жергілікті әдет-ғұрыптарға бейімделеді.
2. Әртүрлі халықтарда тұрмыстық жағдайлардың ортақтығы, ортақ жаулар, псиохология-
ның, шарттар мен заңдардың, халықтардың әлеуметтік-тарихи дамуының ортақ болуы себепті
бір-бірінен тәуелсіз туындайтын ұқсас ертегілер бар.
3. Ертегілер ауызша әңгімелеу арқылы да, кітап арқылы да таралуы мүмкін.
172
Ертегінің ұлттық сипаттары халықтың фoльклopлық дәстүрлерімен айқындалады. Ертегілер-
де осы ертегілер пайда болған елдің жануарлар және өсімдіктер әлемі көрініс табады. Eгер ертегі
кейіпкері жануар болса, ол міндетті түрде өзінің сөйлеген сөзімен, мінез-құлқымен осы ертегі
пайда болған елдің адамдарын еске түсіретін болады. Басқаша болуы мүмкін емес еді, ертегі
әрқашан халық өмірінің көрінісі, халық санасының айнасы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |