4. ДӘрістер тезистері


Биосфераның құрамы мен құрылымы



бет17/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
лекция

Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамында мынадай химиялық элементтер кездеседі: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Бұл элементтердің атомдары тірі организмдерді құрайтын күрделі молекулаларды түзеді, оларға көмірсутектер, майлар, белоктар мен нуклеин қышқылдары жатады. Аталған заттар тірі организмдердің құрамында бір-бірімен тығыз байланыста болады.

1

14

14 дәріс
Жердің географиялық қабығы


Лекцияның жоспары:

  1. Географиялық қабық туралы жалпы мәліметтер

  2. Географиялық қабық тағы зат және энергия айналымы

  3. Географиялық нысандардың зона бойынша таралуы

Географиялық қабық туралы жалпы түсінік.Көптеген елдердің ғалымдары ерте кездерден бері Жер шары және ондағы табиғат жағдайлары туралы алуан түрлі мәліметтер мен нақты деректерді жинақтады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында осы мәліметтерді талдау мен қорытындылаудың нәтижесінде географиялық қабық туралы ілімнің негізі қаланды. Географиялық қабық туралы ілімнің қалыптасуында әсіресе А.Гумбольдт, В.В.Докучаев және В.И.Вернадский еңбектерінің маңызы зор болды. Географиялық қабық - ғаламшар ауқымындағы ең үлкен табиғат кешені болып саналады. Табиғат комплексі деп өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік жиынтығымен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігін атайтынын білесіңдер.
“Географиялық қабық” терминін алғаш рет А.А.Григорьев енгізген. Географиялық қабықдегеніміз – Жер шарының біртұтас қабығы, оның құрамдас бөліктері (атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғары қабаты, гидросфера мен биосфера) бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады, олардың арасында ұдайы зат пен энергия алмасуы жүреді. Географиялық қабықта тіршілік шоғырланған, бос энергияның көптеген түрлері бар, заттар қатты, сұйық, газ тәрізді күйде кездеседі. Географиялық қабық энергияның басым бөлігін Күннен алады.
Географиялық қабық ұдайы дамып, өзгерістерге ұшырап отырады. Оның даму сипаты ғаламшар мен ғарышта болып жатқан күрделі процестермен тығыз байланысты. Олардың ең маңыздылары мыналар:

  1. Жер ғаламшарының айрықша химиялық құрамы мен гравитациялық күшінің ықпалы;

  2. Жердің Күн жүйесіндегі орны;

  3. Жердің өз білігінен және Күнді айнала қозғалуы;

  4. Жердің шар тәрізді немесе геоид пішіні;

  5. Жердің жасанды серігі – Айдың тарту күші;

  6. Жердің ғаламшар ретінде қалыптасуына кеткен уақыт пен осы аралықта болған өзгерістер.

Аталған факторлардың өзара ұштасуы географиялық қабықтың қалыптасуы мен дамуына, сондай ақ оған тән заңдылықтардың сипатын анықтайды. Бұл заңдылықтар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет