Географиялық қабық заңдылықтары. Географиялық қабықтың аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның біртұтастығы, затжәнеэнергия айналымы, ырғақтылығы, зоналылығыжатады.
Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы. Географиялық қабықты құрайтын компоненттер (жер бедері, ауа, су, топырақ, тіршілік дүниесі) әрқайсысы өзіне тән заңдылықтар негізінде қалыптасады. Бірақ олар жеке-дара, оқшау дами алмайды, өйткені олар географиялық қабық ауқымында бір-бірімен өзара байланысты және тәуелді. Осылайша географиялық қабықтың әр компоненті өз заңдылықтары бойынша дами отырып, өзге компоненттердің әсеріне де ұшырайды және өз кезегінде оларға да әсер етеді. Біртұтастық заңдылығына сәйкес, бір компоненттің өзгерісі міндетті түрде басқа компоненттердің өзгерісіне себепші болады. Аталған өзгерістер өте ауқымды сипат алса, онда географиялық қабық тұтасымен өзгеріске түсуі мүмкін7
|
1
|
15
|
15 дәріс
Георгафиялық орта және қоғам
Табиғи ортаның ластануы
Озон қабатының жұқаруы
Орман аумағының қысқаруы
Энергетика және шикізат тапшылығы
Дүниежүзілік мұхитты қорғау проблемалары
Георгафиялық орта мен қоғам арасындағы байланыс
Георгафиялық орта мен қоғам арасындағы байланыс.
Қазіргі замаңғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттывң тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы жатады.
Табиғи ортаның ластануы. Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келеді. Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен, ал Дүние жүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Eң «лас» өнеркәсіп салаларына тау-кен және құрылыс материалдарын өндіру, энергетика (әсіресе ЖЭС), қара және түсті металлургия, мұнай өндіру мен өндеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өдрірісі, тамақ өнеркәсібі жатады.
БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық маниторинг жұйесінің мәліметтерніне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.
Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүние жүзі ғалымдары «жылыжай (парникттік) эффектісі» деп атаған қауіпті жағдайға апарып соғуы мүмкін. Оның мәнісі – көмірқышқыл газы Күн сәулесін әйнек тәрізді өткізіп отырғанымен, жер бетінен бөлінетін жылуды өткізбейді, соның салдарынан климат жылынады. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап Жер шарындағы «климаттың ғаламдық жылынуы» туралы жиі айтылып жүр. Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшарында 2020 жылға қарай ауа температурсы қазіргімен салыстырғанда 2,50 С-қа, ал 2050 жылға қарай 40С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұздықтар көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлшерінің, желдер мен мұхит ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді. Соның нәтижесінде Дүниежүзілік мұхиттың деңгейі көтеріліп, кейбір аралдар мен жағалауларды су басуы мүмкін. Кейбір ғалымдар, керісінше ауа температурасының жоғарлауынан оң нәтижелер күтеді: жоғары ендіктер есебінен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің ауданы ұлғаяды, Солтүтік теңіз жолын жыл бойы пайдалануға болады, жағалау сулары ірі кемелерді қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Дегенмен климаттың ғаламдық жылынуы ғаламшар тіршілігіне қалай әсер ететіні әлі де айқын емес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |