4.2. ТЕРРИТОРИЯҒА ,
ҒИМАРАТТАРҒА ЖӘНЕ ҤЙ-
ЖАЙЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.2.1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Автомобильдік транспорт кəсіпорындарының аумағы (ары қарай - территория) өндірістік кəсіпорындарды жобалаудың, құрылыс нормалары жəне ережелерінің (ҚНжЕ) санитарлық нормаларына, сондай-ақ автомобильдік транспорттағы еңбекті қорғаудың Салааралық ережелеріне сəйкес болуы керек.
Техника қауіпсіздігінің талаптарын жəне өндірістік мəдениетті қамтамасыз етудің міндетті шарттары – бұл бүкіл аумақтатазалық жəне тəртіп сақтау, майда қоқымды жəне өндірістік қоқысты уақтылы жинау.
Кəсіпорынның территориясы биіктігі 2 м қоршаумен жабылу қажетжəне түнгі уақытта жарықтандыру керек. Кəсіпорынның территориясында 10 техникалық қызмет көрсету бекеті болатын болса жəне 50 астам автомобиль тұратын болса, онда екеуден кем емес кіру (шығу) қақпасы болу қажет.
Кəсіпорынның территориясы су бұрғышпен, суағармен жабдықталу қажет; тұрмыстық, өндірістік жəне өртке қарсы қолданатын сумен қамтамасыз етілу керек.
Территорияның бос жерлерін көгалдандыру қажет. Территорияда автокөліктің қозғалысы жəне жаяулардың жүрісі үшін жолдар жасау қажет. Жолдардың бойына қолданудағы жол қозғалыстарының Ережелеріне сəйкес келетін жол белгілері орнатылуы керек.
Автокөліктер өтуге арналған қақпалардың алдында «Автомобильден сақтан» деген ескерту жазу жəне территорияда автокөлік қозғалысының сызбасы орнатылу керек. Адамдардың территорияға өтуі үшін қақпаға барынша жақын жерде арнайы есік қойылады.
Барлық автокөлік жолдары жəне территория қатты жабынмен жабылуы керек. Территориядағы жолдардың ені ҚНжЕ талаптарына сəйкес келуі керек.
Кəсіпорындағы жаяу жолдардың беті қатты жабында болуы керек, оның ені 1 м кем болмауы керек жəне автокөліктердің жолымен мейлінше аз қиылысуы керек.
Кəсіпорынның территориясында əртүрлі металл бұйымдарды, материалдарды агрегаттарды жəне механизмдерді сақтау арнайы орындардағы стеллаждарда ұйымдастырылады. Жинақталатын материалдарды олардың қасиеттеріне қарай топтастыру қажет.
Санақтан шығарылатын немесе жөнделуге тиісті агрегаттар жəне автомобильдерғимараттың ішінде тұрмайтын болса, қатты жабынды алаңқайларға қойылу керек.
Кəсіпорынның территориясында тиым салынатындар:
су тұрған орынға, өртте қолданатын құрал-сайман жəне жабдықтар сақталатын орынға, өрт туралы электрлік дабыл беруші түймешікке апратын жолдарды жабуға;
ғимараттарда жəне ашық тұрақтарда сақталатын автомобильдердің санын нормадағы мөлшерден асыруға, сондай-ақ олардың орналасу
тəртібін бұзуға;
артық қақпалардың алдын ішінен де сыртынан да бөгде заттармен толтыруға. Оған бар уақытта еркін жету деңгейі сақталу керек. Артық қақпаларға жақын жердегі ғимараттарда техникалық жағдайы дұрыс автомобильдер орналасуы керек;
жоғарғы вольтті сызықтардың аумағында, оны пайдаланатын ұйымдардың келісімінсіз заттарды жинауға жəне автотұрақ ұйымдастыруға;
ғимараттардың, құрылыстардың жəне қоршаулардың жанына əртүрлі материалдарды, доңғалақтарды жəне т. б. ретсіз түрде орналастыруға жəне сақтауға (тастай салу, сүйей салу).
Территорияда жəне өндірістік жайларда темекі шегуге жəне отты ашық қолдануғатек қана арнайы орындарда рұқсат беріледі.
Кəсіпорынның территориясында қорналасқан авто жанармай құю жəне майлаушы материалдар бекеті ҚНжЕ талаптарына сəйкес болуы керек жəне шығатын да, кіретін де автомобильдерге жанармай құюдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Жанармай бекетінің территориясын жоспарлау жəне суқабылдағыш құрылғылардың орналасуы лас ағын сулардың жəне мұнай өнімдерінің бұл территориядан тыс жерге түсуін болдырмау керек. Май құятын колонкалардың қасындағы жол жабындары ұшқын бермейтін, мұнай өнімдерінің əсеріне шыдамды жəне өртқауіпсіз болуы тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |