4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


АККУМУЛЯТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ



бет23/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.4.4. АККУМУЛЯТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аккумуляторлық жұмыстар жоғары қауіпті жұмыстар қатарына жатады. Аккумулятор батареяларының жөндеуімен жəне оларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар дұрыс қолданбаған жағдайда жарақат алуға немесе улануға əкеп соқтыруы ықтимал болып табылатын зиянды заттармен (қорғасын, күкірт қышқылы булары, сілтілер) ұдайы қарым-қатынаста болады. Сонымен бірге, аккумулятор батареяларын қуаттау кезінде еркін сутегінің бөлінуімен қатар жүретін химиялық реакция жүреді, бөлінген еркін сутегі ауамен араласқан кезде ұшқыннан да, соққы алғаннан да жарылуға қабілетті болып табылатын белгілі бір пропорцияда шатырлауық газ түзеді.
Аккумуляторлық бөлікке қатаң талаптар қойылады; ол үш бөлмеден тұруы тиіс: жөндеу бөлмесі, қуаттау бөлмесі жəне қышқылдар қоймасы, олар жергілікті сору желісі бар өзара ауа алмасу – желдету жүйесімен жасақталады. Қуаттау бөлмесінде сыртқа шығатын жеке есігі болуы керек.
Аккумуляторларды электр сымымен қосу үшін қорғасын немесе мысқорғасынклемма-қысқыштарды қолданған жөн.
Салмағы 20 кг-нан асатын аккумуляторлық батареяларды батареяның құлап кетуінің алдын алатын арнайы арбалар арқылы кəсіпорын аумағында алып жүруге болады. Кіші көлемді аккумуляторлық батареяларды қолмен тасымалдау кезінде арнайы аспаптарды қолданып, электролиттің адам терісіне түсіп кетуін болдырмау үшін сақтық шараларын сақтаған жөн.
Қышқылды электролитті дайындау жұмыстарын арнайы керамикалық жəне шыны (пластмасса) ыдыстарында жүргізеді, оларға алдымен дистилденген су, сонан соң, қышқыл құйылады. Үлкен бөтелкелердегі қышқылды арнайы құралдардың (сифондардың, сорып алғыштардың, т.с.с.) көмегімен қотарып алады. Қышқылды қолдан аударып құюға, сондай-ақ, қышқылға су құюға тыйым салынады, өйткені мұндай жағдайда қышқыл қайнап, жан-жаққа шашырайтын болады. Қышқыл тамшыларының адам денесіне тамып кетуі елеулі жарақаттың орын алуына себеп бола алады.
Теріге немесе көзге кездейсоқ түсіп кеткен қышқылды бейтараптандыру үшін қышқылдың түскен жерлерін ас содасының 10%-дық ерітіндісімен (көзді соданың 2%-дық ерітіндісімен) жуу керек.
Қуаттауға қойылған аккумулятор батареяларын ұшқын шығу қаупін жоққа шығаратын, өзара мықтап бекітілген қысқыштармен жалғайды. Батареяның қуат алу барысын бақылау арнайы құралдардың (термометр, жүктеме ашасы, ареометр) көмегімен жүзеге асырылады. Батареяларды қысқа тұйықталумен тексеруге тыйым салынады.
Аккумуляторлық бөлікте мыналарға тыйым салынады:
■ ашық отты пайдалануға;
■ тəуліктік қажеттіліктен артық мөлшерде қышқылдар мен сілтілер құйылған үлкен бөтелкелерді, сондай-ақ, бос бөтелкелер мен ыдыстарды сақтауға;
■ қышқылдық жəне сілтілік аккумулятор батареяларын бірге сақтауға жəне қатар қуаттауға;
■ кезекші мен қызмет көрсетуші қызметкерлерден тыс бөгде адамдарға тұруға;
■ тамақ сақтауға жəне ішуге.
Аккумуляторлық бөліктегі жұмыстарды аяқтаған соң, бет пен қолды сабындап мұқият жуу керек. Сұйық қалдықтарды арнайы көму орындарына шығарып тастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет