4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


АВТОМОБИЛЬ САҚТАЙТЫН ЖАЙЛАР МЕН



бет16/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.2.2. АВТОМОБИЛЬ САҚТАЙТЫН ЖАЙЛАР МЕН
АШЫҚ АЛАҢҚАЙЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПАР
Автомобилдік транспорт кəсіпорынының территориясында қозғалмалы құрамды сақтау ашық алаңқайларда жəне арнайы жабдықталған жабық жайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Қозғалмалы құрамды территорияда орналастыру барысындақұрамның жағдайын ескеру қажет – ақаусыз қозғалмалы құрамжөндеуді күтіп тұрғандардан бөлек тұруытиіс.
Автомобиль сақтайтын ашық алаңқайлардыңжабыны қатты жəне тегіс, сонымен қатар су ағатындай ылдиы болу керек. Автокөліктердің қойылған орындарын жəне өту жолдарынанықтау үшін алаңқайлардың жабынына, ғимарат ішіндегі еденге кетпейтін бояумен немесе басқалай əдістермен белгілер салынады. Белгі салу барысында ескерілетін жағдай – қатар тұрған екі автокөліктің арақашықтығы кабина есіктерінің еркін ашылуы үшін жеткілікті болуы керек.
Қыс кезінде ауаның температурасы -15˚С төмен болатын аудандарда автомобиль сақтайтын ашық алаңқайлар автокөліктерді жылытатын құрылғылармен жабдықталуы қажет, олар автокөліктің қозғалтқыштарын жылдың суық кезінде іске қосуды жеңілдетеді.Қозғалтқыштарды іске қосуды жеңілдететін құрылғылар қауіпсіздік талаптарына сай болуы қажет.
Жылдың суық кезіндеқозғалтқыштардыжылыту үшін ыстық ауаны, суды, буды, газды жəне электр энергиясын пайдалануға болады. Кейбір жағдайларда бұл мақсат үшін өрт қауіпсіздігінің талаптарына жауап беретін жылытқыштарды қолданады. Қозғалтқыштарды жəне агрегаттарды ашық отпен жылытуға жол берілмейді.
Қозғалмалы құрамды сақтау барысында автобустар, жеңіл автокөліктер, жедел жəрдем, өрт сөндіру машиналары жəне жедел шығып кетуге тиіс басқа да автокөліктер жылы тұрақпен қамтамасыз етілуі қажет.
Автокөліктер тұратын жайлар қоршаған ортаны ластайтын жəне өртқауіпті жұмыстар (аккумуляторлық, вулканизациялық, ұсталық, дəнекерлеу мыстау, түсқағаздық, карбюраторлық цехтар, сондай-ақ қазандықтар жəне жанумайлау материалдары сақталатын орындар)жүргізілетін жайлардан оқшаулануы қажет.
Автокөліктер тұратын жайларда сыртқа қарай ашылатын қақпалар арқылы тікелей шығатын жол жəне жол үнемі бос болуы қажет. Жолға машина қоюға тиым салынады.
Тұраққа арналған жайдың биіктігі ең биік деген транспорт құралының максималды биіктігінен 0,2 м жоғары болу керек. Қозғалтқыштарды іске қосуға тек жолға шығардың (маневр жасаудың) алдында рұқсат беріледі. Көлік жолының минималды ені екіжақты қозғалыс болса 6 м (біржақты қозғалыста – 3 м) болуы қажет. Қозғалыстың жылдамдығы 10 км/сағ аспау керек. Автокөліктер жағалай орналасқан қабырғаның бойында доңғалақты кері тебетін тротуарлар немесе кедергілер орнатылады.
Ғимараттың ішінде тазалықты, тұрақты ылғалды жинастыруды жəне еденді жану-майлау материалдарының қалдықтарынан тазалауды қамтамасыз ету қажет.
Еденнің жабындысы ретінде бетон, керамикалық немесе мрамор төсеніштер қолданылады. Еденде түскен су ағатын ылди болуы керек.
Жалпы парктен бөлектелген жайларда газбаллондық автокөліктер жəне жанармай, улы заттар тасуға арналған қозғалмалы құрам жəне ассенизациялық автокөліктер тұрады. Автокөліктер тұратын орындарда оларға жанармай құюға немесе бактарынан май төгуге жол берілмейді.
Транспорттық құралдардың далалық жағдайда уақытша орналасу (тұрақ) кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

  • тұрақты аңыздан, құрғақ шөптен жəне шырпыдан тазартылған,периметрі бойынша ені 1 м жері жыртылған жолағы бар алаңқайларда орнатылады, олар құрылыстан, орман өнімдерін сақтайтын қоймалардан, сабан маясынан, қырманнан, бидай алқабынан жəне егілген ағаштардан 100 м қашықтықта орналасады;

  • автокөліктер алаңқайға 10 данадан кем емес топтармен қойылады, автокөліктердің ара қашықтығы 1 м кем болмауы керек, ал топтардың арасы – 10 м кем емес;

  • автокөліктерге арналған жанармай жəне майлау материалдары, ағаш дайындау орындарынан, егін жинау жəне бастыру алқабынан,сабан, шөп маяларынан, себілген егіннен, автокөліктер тұрағынан 100 м кем емес қашықтықта жəне құрылыстар мен құрылымдардан 50 м кем емес қашықтықта орналасқан тазартылған алаңқайларда орналасу керек;

  • жанармай жəне майлау материалдарын сақтауға арналған ашық тұрақтар төмен орындарда жайғасуы керек жəне оның айналасы периметрі бойынша ені 3 м болатын жыртылған жер жолағымен қоршалуы қажет;

  • бөшкелердегі жанармай олардың көлемінің 95%-нан артық болмауы керек, тығындары жоғарғы жағында болуы жəне күн сəулесінен қорғалуы қажет;

  • бос ыдыстар жанармай қоймасынан 20 м кем емес қашықтықта сақталуы керек;

  • автокөліктер мен жанармай жəне майлау материалдарын сақтауға арналған уақытша тұрақтарда темекі шегуге, от жағуға жəне ашық отты қолданумен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатаң тиым салынады;

  • автокөлікке жанармай құю оны құюдың əдісіне тəуелсіз түрде тек қозғалтқышты сөндіргенде жүзеге асырылу керек;

  • автокөліктер мен жанармай жəне майлау материалдарын сақтауға арналған уақытша тұрақтарда қажетті жабдықтармен жəне құралдармен жарақтандырылған өртке қарсы қалқандар орнатылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет