БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Өндірістік ғимараттардағы макроклиматты қандай факторлар айқындайды?
Өндірістік ғимараттардағы ауаның ылғалдылығы қалай бағаланып, өлшенеді?
Өндірістік ғимараттардағы ауаның тозаңдылығы пен газдану дəрежесі адам ағзасына қалай əсер етеді?
Ғимараттардың тозаңдануымен жəне газдануымен күресу үшін қандай іс-шаралар қарастырылған?
Желдету дегеніміз не? Оның түрлерін атаңыз.
Қолданыстағы жылыту жүйелерінің мақсаттылығын, түрлерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.
Өндірістік кəсіпорындардың сумен жабдықтау жəне кəріз жүйесіне қандай талаптар қойылады?
Ұтымды жарықтандыр қандай талаптарға жауап бере алуы тиіс?
Жарықтандыру қандай өлшемдермен сипатталады жəне анықталады?
Жасанды жарықтандыру қалай ұйымдастырылады жəне есептеледі?
Шу дегеніміз не? Шуды өлшеу жəне онымен күресу тəсілдерін атаңыз.
Діріл дегеніміз не? Оның жұмыскерлерге əсерін бəсеңдету жолдарын атап шығыңыз.
3-бӛлім
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ
ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ МЕН
ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ, ЕҢБЕК
РЕЖИМІ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС
ЖӚНІНДЕГІ ЕҢБЕК
ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Жұмыс уақыты — бұл ұйымның ішкі тəртібі ережелері жəне еңбек келісім-шарты жағдайларына сəйкес, сондай-ақ заңдар мен өзге де нормативті құқықтық құжаттарға сай жұмыс уақытында қарастырылған басқа да кезеңдерде жұмыскердің еңбек міндеттерін атқаруға қажетті уақыты.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аса алмайды.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы қысқартылады:
■ 16 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін 16 сағатқа;
■ І немесе ІІ топтағы мүгедектер үшін 5 сағатқа;
■ 16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін 4 сағатқа;
■ зиянды немесе еңбектің қауіпті жағдайларындағы жұмыстармен шұғылданған жұмыскерлер үшін 4 жəне одан да көбірек сағатқа.
Жұмыскер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін. Аяғы ауыр немесе 14 жасқа дейінгі баласы бар адамдардың (ата-аналардың, қамқоршылардың) өтініші бойынша, жұмыс беруші олар үшін толық емес жұмыс күнін немесе толық емес жұмыс аптасын белгілеуге міндетті.
Күн сайынғы жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы аспайды:
■ 15 жастан 16 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – 5 сағат, 16 жастан 18 жасқа дейін – 7 сағат;
■ оқу жылы барысында оқуын жұмыспен ұштастырған білім беру мекемелерінің оқушылары, 14 жастан 16 жасқа дейін – 2,5 сағат, 16 жастан 18 жасқа дейін – 3,5 сағат.
Зиянды жəне (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылған жұмыстармен шұғылданатын жұмыскерлер үшін күн сайынғы мейлінше жол берілетін жұмыс (ауысым) ұзақтығы аспайды:
■ 36 сағаттық жұмыс аптасында – 8 сағат;
■ 30 сағаттық жəне одан да аз жұмыс аптасында – 6 сағат.
Тікелей жұмыс күні емес мереке күндерінің қарсаңында жұмыс күні немесе ауысым 1 сағатқа қысқарады. Демалыс күндері алдында алты күндік жұмыс аптасында жұмыс ұзақтығы 5 сағаттан аса алмайды.
Үздіксіз жұмыс жасайтын ұйымдарда жəне жекелеген жұмыс түрлерінде, оларды атқару кезінде мереке күндері алдында жұмыс (ауысым) ұзақтығын азайту мүмкін болмаса, артық жұмыс жасағаны үшін, жұмыскерге қосымша демалыс уақытын берумен немесе жұмыскердің келісімімен жұмыс уақытынан тыс белгіленген норма бойынша төленетін төлемақымен орны толтырылады.
Түнгі жұмыс болып сағат 22.00-ден 06.00-ге дейінгі уақыт есептеледі. Түнгі уақыттағы жұмыс (ауысым) ұзақтығы, заңдылықтарда қарастырылғандай жекелеген жағдайларды есепке алмағанда, 1 сағатқа қысқартылады. Түнгі уақыттағы жұмысқа аяғы ауыр əйелдер, мүгедектер жəне жасы 18-ге толмаған жұмыскерлер жіберілмейді.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша белгіленген күн сайынғы жұмыс (ауысым) ұзақтығы ауқымынан тыс жұмыскердің өндіретін жұмысы, сондайақ есепті кезең аралығындағы қалыпты жұмыс саны сағатынан артық жұмыс болып танылады. Мерзімінен тыс жұмыстарға жұмыс берушінің жұмыскерлерді қатыстыруы үшін, негіздемелердің тізбесі заңдылық тұрғысында қарастырылған. Мерзімінен тыс жұмыстарға жұмыскерлер олардың жазбаша келісімімен ғана қатыстырылады.
Мерзімінен тыс жұмыстарға аяғы ауыр əйелдер, 18 жасқа дейінгі жұмыскерлер мен РФ ЕК-де көрсетілген басқа да санаттағы жұмыскерлерді қатыстыруға жол берілмейді.
Заңнамада мынадай жұмыс уақытының режимі қарастырылған:
■ екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы;
■ бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы;
■ жылжымалы кесте бойынша демалыс күндері берілетін жұмыс аптасы.
РФ ЕК-не немесе өзге де федеральдық заңдарға сай ұжымдық келісімшартпен (контрактпен) немесе ұйымның ішкі еңбек тəртібі ережелерімен белгіленетін, жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін қалыпты емес жұмыс күнін, күн сайынғы жұмыс (ауысым) ұзақтығын, жұмыстың басталуы мен аяқталуын, сондай-ақ үзілістерді, əр тəуліктегі ауысым сандарын, жұмыс күні жəне жұмыс күні емес күндердің алмасуын қарастыратын жұмыс уақыты болуы мүмкін.
Қалыпты емес жұмыс күні өзіне тəн ерекше режим болып табылады, осыған орай жекелеген жұмыскерлер жұмыс берушінің ұйғарымымен қажеттілік жағдайында жəне ішінара қалыпты жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс өзінің еңбек қызметін орындауға қатыстырылуы мүмкін.
Демалыс уақыты — бұл сол кезең барысында жұмыскердің еңбек міндеттерін атқарудан бос уақыты болып табылады, ол жұмыскердің өз қалауынша пайдалануы мүмкін.
Демалыс уақытына мыналар жатады:
■ жұмыс күні (ауысым) барысындағы үзілістер;
■ күн сайынғы ауысым аралығындағы демалыс; ■ жұмыс күні емес мерекелік күндер; ■ демалыстар.
Жұмыс күні (ауысымы) барысында жұмыскерге демалуы жəне тамақтануы үшін үзіліс берілуі қажет. Осы үзіліс жұмыс уақытына қосылмайды, оның уақыты мен ұзақтығы ұйымның ішкі еңбек тəртібі ережелеріне сəйкес немесе жұмыскер мен жұмыс берушінің келісіміне қарай белгіленеді.
Егерде өндірістің (жұмыстың) жағдайы бойынша демалу жəне тамақтану үшін үзілісті беру мүмкін болмаса, онда жұмыс беруші жұмыскердің жұмыс уақытында демалып жəне тамақтанып алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Жекелеген жұмыс түрлерінде (соның ішінде автомобиль көлігінде) жұмыскерлерге жұмыс уақыты барысында, технология мен өндірісті жəне еңбекті ұйымдастырудың жағдайына байланысты арнайы үзілістерді беру қарастырылады. Осынау жұмыстардың түрлері, үзілістердің тəртібі мен ұзақтығы ұйымның ішкі еңбек тəртібі ережелерімен белгіленеді.
Жылдың суық уақытында ашық немесе жылытылмайтын жабық жайларда жұмыс жасайтын жұмыскерлерге, сондай-ақ түсіру-тиеу жұмыстарымен шұғылданатын жүкшілерге қажетті жағдайларда жылынуы жəне демалуы үшін, арнайы үзілістер беріледі, олар жұмыс уақытына қосылады. Жұмыс беруші жылыту жəне демалу үшін жайларды жабдықтауға міндетті.
Барлық жұмыскерлерге демалыс күндері беріледі (апта сайынғы үзіліссіз демалыс), оның ұзақтығы 42 сағаттан кем болмауы тиіс. Бес күндік жұмыс аптасында аптасына екі, ал алты күндікте – бір күндік демалыс беріледі.
Жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады. Бес күндік жұмыс апталығында екінші демалыс күні ұжымдық келісімшартпен (контрактпен) немесе ұйымның ішкі еңбек тəртібінің ережелерімен белгіленеді.Қос демалыс күндері, əдеттегідей, қатарынан беріледі.
Егерде ұйымдағы жұмыстарды тоқтату өндірістік-техникалық немесе ұйымдастыру жағдайлары бойынша мүмкін болмаса, онда демалыс күндері кезекпен жұмыскерлердің əрбір тобына ұйымның ішкі еңбек тəртібі ережелеріне сай аптаның əртүрлі күндерінде беріледі.
Ресей Федерациясында сондай-ақ 11 мереке күні жұмыс емес күндер болып табылады.Демалыс жəне жұмыс емес мереке күндері бір-біріне тұспа-тұс келгенде, демалыс күні мерекелік күннен кейінгі жұмыс күніне көшіріледі.
Демалыс жəне мереке күндеріндегі жұмысқа өндірістік жəне басқа да жағдайлар бойынша жұмыс берушінің жазбаша ұйғарымына сай жəне жұмыскердің жазбаша келісіміне сай жол беріледі.
Жұмыскерлерге жұмыс орны (қызметі) жəне орташа жалақысы сақталып, жыл сайынғы демалыстары беріледі. Жыл сайынғы негізгі төленетін демалыс ұзақтығы 28 күнтізбелік күнді құрайды. Жұмыс жасаудың бірінші жылында демалысты пайдалану құқығы жұмыскерде осы ұйымда үзіліссіз жұмыс жасағанына 6 ай толғанда пайда болады. Демалыстың уақыты туралы жұмыскер оның басталуына кем дегенде 2 апта қалғанда хабардар болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |