4.5. ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ
ҚОЙЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Электр қондырғыларын жəне желілерін пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ электрлік жарақаттармен күресу мақсатында кəсіпорындарда тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану Ережелерін жəне тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік техникасының Ережелерін (ары қарай – Ережелер) қатаң сақтау қажет.
Электр ағынының соғу нəтижесінде болған жазатайым жағдайлардың негізгі себебі Ережелерді сақтамаудан туындайды. Сондықтан кəсіпорын əкімшілігі электр қондырғыларында жəне желілерінде жұмыс істеуге арнайы комиссияда Ережелер туралы білімі тексерілген адамды қояды. Сондай-ақ, əкімшілік тағайындаған электр шаруашылығына жауап беретін тұлғаның жəне техника қауіпсіздігінің инженерінің де Ережелер туралы білімі тексеріледі.
Электр ағыны адам денесі арқылы өткенде келесідей электр жарақаттарын береді: күйік, терінің металдануы, электрлік белгілер (терінің қабыршақтануы), жарқылдан көз көрмей қалу, электрлік соққы.
Электрлік соққы қанның электролизіне, жүрек, өкпе жəне адам денесінің кейбір бұлшық ет жұмыстарының бұзылуына əкеледі. Бұл жағдайда зақымданушыларда тырысулар басталады, есін жоғалтуы да мүмкін, ал кейбір жағдайларда – тыныс алудың жəне жүректің соғуы тоқтауы (клиникалық өлім).
Электр ағынының адамға əсер ету сипаты жəне оны зақымдау дəрежесі көптеген факторларға тəуелді, бірінші кезекте, ағын əсерінің күшіне, жиілігіне жəне ұзақтығына, адам денесінің электрлік қарсылығына жəне оның жағдайына. Адам денесі арқылы өтетін ағынның күші көп болған сайын электрлік соққының да қауіпі жоғары. 0,05 А күші бар ағын қатты ауыртады, бұлшық еттердің қысқаруына тіптен қол сал ауруына да əкеледі, 0,05 – 0,08 А күші бар ағын өмір үшін қауіпті: ол тырысуларға, тыныс алуды қиындатуға жəне тіптен тыныс сал ауруына даəкеледі. 0,09 – 0,11 А күші бар ағын тыныс алу сал ауруына əкеледі, ал 0,3 А жəне одан жоғары күш – жүректің тоқтауына əкеп соқтырады.
Үш фазалық айнымалы ағынның желілеріне қатысты екі сымның арасындағы қосылу сызбасын екі фазалық қосылу, ал бір сым мен жердің арасындағы қосылу сызбасын – бір фазалық. Екі фазалық қосылу кезінде, яғни адам денесі екі фазамен бірден жанасқанда ( 4.2-сурет) адам денесіне осы желідегі ең үлкен кернеу тиеді –кернеу сызығыUc. Адам денесі арқылы өтуші ағынның күші, 1адам, А, формула бойынша анықталады.
Бұл жерде Rадам– адам денесінің қарсылығы, Ом.
Адамның бір фазалық жерге қосылған бейтарап желіге қосылғанда ағын Rадам адам денесінің қарсылығын, Rаяқ киім оның аяқ киімінің, Rед еденнің жəне
4.2.-сурет. Адам денесінің электрлік ағын желісіне қосылу мүмкіндігінің сызбасы.
а – үш фазалық ағынның екі фазалық қосылуы; б – жерге қосылған бейтарапты желіге бір фазалық қосылу; Uк – сызықтық кернеу; Iадам – адам денесінен өтуші ағынның күші.
Rжер жерге қосылудың қарсылықтарын кездестіреді. Демек, Iадамағын шамасын формула (фазалардың жұлдызбен байланысу сызбасы) бойынша анықтауға болады.
Адамның оқшауланған (жерге қосылмаған) бейтарабы (4.1-сурет, қар.) бар желіге бір фазалық қосылу кезінде адам арқылы өтетін ағын аз болады, себебі жақсы оқшауланған бейтарапта жоғары қарсылық жəне желіде үлкен сыйымдылықтар (электр аспаптары жəне құрылғылар) бар. Бұл жағдайда Iадам ағын шамасы формула арқылы анықталады:
бұл жерде Rбейт – бейтарап оқшауының қарсылығы, Ом.
Адам үшін қауіпті дəреже бұл жағдайда Rro, шамасына тəуелді, ол дұрыс оқшаулануда 0,5 – 4,0 МОм құрайды. Бұл қарсылық адам денесімен тізбектеліп қосыла отырып, одан өтетін ағынның күшін шектейді. Адам денесінің жалпы қарсылығы сыртқы (терінің қарсылығы) жəне ішкі (ішкі ағзалардың жəне бұлшық еттердің қарсылығы) түрлерден тұрады. Адам денесінің қарсылығы көптеген факторлардан тұрады: терінің тазалығы жəне ылғалдығы; ағын беруші бөліктердің түйісу аумақтары; денедегі ағын өтетін учаскенің ұзындығы; қосылған кернеудің шамасы; адамның физикалық жəне психикалық жағдайы жəне т. б.; оның шамасы 800-ден 100000 Ом дейін ауытқып тұрады. Ылғалды жəне кірленген тері, түйісу аумақтарының ұлғаюы, ағын жолының қысқаруы, кернеудің ұлғаюы, нашар (ауыру) жағдай жəне шаршау адам денесінің қарсылығын азайтады жəне оның электр ағынымен зақымдану дəрежесін жоғарылатады. Есептеулер үшін адам денесінің қарсылығы 1000 Ом тең деп қабылданады. Ағынмен зақымдану қаупі оның əсер ету ұзақтығының ұлғаюымен де өседі (электржабдықтардың ағын беруші бөлшектерімен түйісу).
Өндірістік айнымалы ток жиілігі 50 Гц болатын, тұрақтыға (ағынның шамалы күшінде) қарағанда қауіптілеу болып келеді. Біріншісі жүйке тамырлар жүйесіне əсер етеді, екіншісі ысытушы жəне электролиттік əсер көрсетеді.
Электрлік қауіп дəрежесі бойынша ғимараттар үш топқа бөлінеді: жоғары қаупі жоқ, жоғары қауіпті жəне ерекше қауіпті. Бірінші топқа қалыпты метеорологиялық жағдайдағы, ағын өткізбейтін едені бар, ағын өткізгіш шаңдары жəне т. б. жоқ жайлар (слесарлық-механикалық, агрегаттық учаскелер жəне т. б.). Жоғары қауіпті жайларда əдетте жоғары температура (300 жəне одан жоғары), үлкен ылғалдылық, ағын өткізгіш еден жəне шаң (ұста-рессорлық, шина монтаждау, вулканизациялық учаскелер жəне т.б.). Ерекше қауіпті жайлар тұрақты жоғары ылғалдығымен (салыстырмалы ылғалдылығы 100%) сипатталады; мұнда еден ағын өткізгіш, сондай-ақ, электрлік қондырғылардың жəне сымдардың оқшаулануын бұзатын булары, газдары жəне сұйықтықтары бар; жарылыс қаупі жоғары орта (жуу бекеттері жəне бөлімдер, малярлық жəне аккумуляторлық цехтар жəне т.б.).
Электр ағынынан зақымданудан қорғану шараларын ұйымдастырушылық, пайдаланушылық, техникалық жəне жеке қорғану шаралары деп бөлуге болады. Ұйымдастырушылыққорғану шараларына жататындар:
■ жабдықтарды пайдалану жəне зақым алғандарға алғашқы көмек көрсету ережелерін жұмысшыларға оқыту; нұсқаумен таныстыру міндетті түрде өткізілу керек.;
■ жабдықтарды, сынауларды бақылаудың жəне жоспарлы-ескертуші қызмет көрсетуді жəне жөндеуді өткізудің тұрақты мерзімдерін орнату,
■ электр жабдықтарын пайдалануды қадағалайтын білікті қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыру;
■ электр қондырғыларын техникалық пайдалану Ережелері жəне электр қондырғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік техникасының Ережелері бойынша білімді тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |