4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


ВУЛКАНИЗАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШИНА ЖӚНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ



бет26/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.4.7. ВУЛКАНИЗАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШИНА ЖӚНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Автокөліктермен тасымалдау кəсіпорындарында автокөлік доңғалағының тысын жəне камераларын жөндеу бөлімдері болады. Бұл жұмыстарды жүргізу барысында қысыммен жұмыс істейтін вулканизациялық аппараттар қолданылады. Оларды күтіп-баптау барысында қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыста орын алатын қауіпсіздік техникасын сақтау қажет. Вулканизациялық аппараттарды қолдану бензин жəне резеңкелік желім буларының бөлінуімен байланысты, сондықтан вулканизациялық жұмыстар атқарылатын жайлар ауаны кіргізетін жəне шығаратын желдеткішпен жабдықталуы қажет.
Вулканизациялық аппараттармен жұмыс істеуге арнайы оқып шыққан, емтихан тапсырған жəне осы жұмыстарды жүргізуге құқық беретін куəлік алған адамдар жіберіледі.
Вулканизациялық аппараттармен жұмыс істеу барысында қазандықтағы судың деңгейін, манометр арқылы будың қысымын жəне қазандық жарылып кетпеу үшін қажетті, жұмысшы қысымға үйлестіріп реттелген алдын ала сақтаушы клапанның жағдайын үнемі бақылап отыру қажет. Қазандықтағы судың деңгейі төмендесе оған үлкен емес мөлшерде су айдап тұру керек. Бұзылып тұрған вулканизациялық аппараттарда жұмыс істеуге, сондай-ақ қазандықта қысым барда оны жөндеуге тыйым салынады. Камераларды брикеттердің көмегімен жөндеу сол брикеттерге қосыла берілген нұсқаулыққа сəйкес жүргізіледі. Көмірленген брикет толығынан суыған соң ғана жұмысты бітіруге жəне камераны қысқыш бұрандадан босатуға болады.
Вулканизациялық аппаратта қызмет етуші жұмыскерге аппарат жұмыс істеп тұрғанда жұмыс орнын тастап кетуге жəне аппаратта жұмыс істеуге бөгде адамды тартуға тыйым салынады.
Кəсіпорында шинаны монтаждау жəне демонтаждауды қажетті жабдықпен, құрылғылармен жəне аспаптармен жарақтандырылған орында жүзеге асыру керек. Шинаны демонтаждау алдында доңғалақтың борттық жəне құлыптық құрсауын жəне шинаның дұрыстығын жəне тазалығын тексеру керек. Шинаны доңғалақтың дискісіне салу кезінде құлыптық жүзік құрсаудың қуысына бүкіл ішкі жағымен толығынан кіру керек. Құлыптық жүзік дұрыс орналаспаған жағдайда үрілген шинаның ауасын шығару қажет, сөйтіп жүзікті дұрыс орналастырып, сонан соң жоғарыда аталған амалдарды қайталау қажет.
Шинаға жел беруді екі кезеңде жүргізуге болады: бірінші 0,05 МПа (0,5 атм) құлыптық жүзіктің орналасуын тексеру үшін, сонан соң нұсқаулықта көрсетілген қысымға дейін.
Автокөліктен шешілген шиналарға толығынан немесе аздап жел үрлеужұмыстарын шина монтаждаушы кəсіпорында арнайы осы мақсатқа бөлінген,жүзіктердің ұшып шығуынан алдын ала сақтаушы құрылғылармен жабдықталған орындарда орындау керек. Шиналарға жел үрлеу учаскелерінде ауа қысымының дозаторы немесе манометр орнатылу қажет. Салмағы 20 кг асатын доңғалақтарды шешу, орнына салу жəне ауыстыру жұмыстары механикаландырылуы қажет.
Шиналарды монтаждау жəне демонтаждау стендісінде жұмыс істеу кезінде редуктор қаптамамен жабылу керек.
Шинаны монтаждау жұмыстарын орындау барысында тыйым салынады:
■ шинаға жел үрлеу кезінде оның дискідегі орынын ұрып түзеуге;
■ шинаны өзінің өлшеміне сай келмейтін доңғалақ дискісіне салуға;
■ шинаға жел үрлеу кезінде құлыптық жүзікті балғамен немесе зілбалғамен ұруға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет