4.4.6. МЫСТАУ-ҚАҢЫЛТЫРЛАУ ЖӘНЕ ШАНАҚТЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
ТАЛАПТАРЫ
Мыстау жұмыстары кезінде қорғасын жəне қалайы қоспалары, тұздық қышқылдар, нашатыр спирті қолданылады. Қорғасынды қолдану нəтижесінде зиянды қорғасын шаңы бөлінеді, ол адам ағзасында жиналуға қабілетті жəне созылмалы қорғасынмен улануға əкеледі. Сондықтан бұл жұмысты жақсы желдетілетін бөлмелерде орындау жəне жеке гигиена ережелерін сақтау қажет.
Тұздық қышқылдармен қалайылау,дəнекерлеу, өңдеу жұмыстары үлкен сақтықты жəне ұзақ жергілікті желдетуді талап етеді.
Дəнекерлеуге арналған флюстер жəне қышқыл бір-бірінен бөлек арнайы орындарда сақталуы керек.
Мүмкіндігінше төмендетуші трансформатор арқылы қосылатын төменгі вольтті электр дəнекерлегіштерін (42 В) қолданған дұрыс.Қызып тұрған дəнекерлегішті арнайы үйкекке қою керек. Электр дəнекерлегіштер электр құралдарын пайдалануда сақталатын техника қауіпсіздігінің талаптарына сай болуы керек.
Дəнекерлегіш лампасымен жұмыс барысында оларды қолданудың жəнеөрт қауіпсіздігінің ережелері қатаң сақталуы қажет. Бұл жұмыстарда авиациялық жəне этилдендірілген бензинді қолдануға тыйым салынады.
Аса қауіптісі – бактарды жəне жанармайға арналған ыдыстарды дəнекерлеу. Дəнекерлеу алдында оларды сұйықтардан тазартады, ыстық сумен жуады, өткір бумен өңдейді, сонан соң каустикалық сода ерітіндісімен жуады.Дəнекерлеу барысында құю тесіктері ашық болуы керек.
Қаңылтырлық жұмыстарды орындау барысында жөнделетін кабиналар жəне шанақтар арнайы үйкектерге (стендтер) орнатылады жəне нық бекітіледі. Автомобильдің қанаттарын жəне жайма болаттан жасалған басқа да бөлшектерін түзеу алдында оларды тотықтан тазартып алу керек.
Жайма болаттан жасалатын бөлшектерді жəне жамауларды дайындау барысында өткір бұрыштары, шеттері жəне қылаулары алыну керек. Механикалық қайшылармен кесу жəне станоктарда майыстыру үшін металлдардың қалыңдығы осы жабдықтарда жұмыс істеуге рұқсат етілген шамадан аспауы қажет. Металл бөлшектерін тасу, түзулеу жəне кесу тек қолғап киіп атқарылады.
Мыстау-қаңылтырлау жұмыстарын жүргізу барысында тыйым салынады:
■ түрпілі шеңбермен қаптамасыз жұмыс істеуге;
■ зақымдалған жерлердің кесілуші бөліктерін қолмен ұстап тұруға жəне оларды газдық кескішпен кесіп алуға;
■ жайма болатты механикалық қайшылармен кесу кезінде кесуші роликтердің алдында қолмен ұстауға; ■ бөлшектерді көтеріп тұрып түзеуге.
Достарыңызбен бөлісу: |