Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті орган – жер
қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Жер учаскелелерінің нысаналы мақсатының жіктемесі – аумақты
аймақтарға бөлуге сəйкес учаске аумағын жəне онда орналасқан үйлер
мен ғимараттардың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының (пайда-
ланылуының) үлгісі мен түрі бойынша жер учаскелерін мақсатты пайдалану
түрлерін топтастыру.
Жер учаскесі – Жер Кодексінде белгіленген тəртіппен жер қатынастары
субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың жəне мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте
белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану жəне оларға
билік ету құқығы.
Жер үлесі – жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен
бірге қатысудың Жер Кодексінде жəне Қазақстан Республикасының өзге
де заңдарында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда бөліп шығарылуы
мүмкін сан жағынан айқындалған үлесі.
Иммиграциялық жер қоры – оралмандарға беру үшін резервке
қалдырылған жəне арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскелері.
Кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны
жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жал-
пы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сəйкес кезең-
кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық став-
калары жəне оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер
учаскесінің есептеу құны.
Кейінгі жер пайдаланушылар – өзінің бастапқы жер пайдаланушы
мəртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану ту-
ралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.
158
Достарыңызбен бөлісу: |