А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


Жерді жалдау төлем ақысы –



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
рег.учет. зем.

Жерді жалдау төлем ақысы – уақытша өтеулі жер пайдалану 
төлемақысы.
Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың 
заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Жер кадастры – жер туралы мəліметтер жүйесі, мемлекеттік 
кадастрлардың қүрамдас бөлігі.
Жер қатынастары жөніндегі уəкілетті орган – жер қатынастары 
саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық 
маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) 
жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі.
Жер қатынастарының объектісі – Қазақстан Республикасы аумағының 
шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына жəне олардың жекелеген 


157
субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекеле-
ген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар;
Жер құқығы қатынастары – жерге меншік құқығын жəне өзге де 
құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген 
субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану 
мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Жер құқығы қатынастарының субъектілері – жер құқығы қаты-
настарына қатысушылар болып табылатын жəне соған орай құқықтары бар 
əрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке жəне заңды тұлғалар, 
сондай-ақ мемлекеттер.
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер 
учаскесін өтеулі жəне (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты 
жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) 
иелену жəне пайдалану құқығы.
Жер ресурстары – қоғамның материалдық, мəдени жəне басқа да 
қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық жəне өзге де қызмет про-
цесіңде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет