А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
рег.учет. зем.

Кондоминиум  жылжымайтын мүлікке меңшіктің (өзге де құқықтың) 
ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке 
жəне (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншігінде (өзге де құқықта) 
болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері
оның ішінде жер учаскесі де оларға ортақ үлестік меншік құқығымен (өзге 
де ортақ құқықпен) тиесілі болады жəне бөлек (дербес) меншігіндегі (өзге де 
құқықтағы) жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды.
Мемлекеттік жер пайдаланушылар – мемлекеттік, республикалық 
жəне коммуналдық заңды түлғалар.
Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар – азаматтар жəне (немесе) 
мемлекеттік емес заңды тұлғалар.
Меншік құқығының объектілері – мемлекеттік жəне жеке меншіктегі 
жер.
Өзіндік қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде жəне қала маңындағы 
аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға 
арналған қызмет түрі.
Сервитут – бетен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның 
ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пай-
далану, аңшылық шаруашылығы жəне өзге де мұқтаждар үшін пайдалану 
құқығы. 
Топырақ қабаты – жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тəн құрылымы, 
құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім.
Төлем ақының базалық ставкасы – мемлекет жер учаскесіне жеке 
меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 
сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер 
учаскесінің нормативтік бағасы.
Тұрақты жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығының мерзімі 
шектеусіз сипатта болатын тұлғалар.
Уақытша жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығы белгілі бір 
мерзіммен шектелген тұлғалар.
Ұлттық жер пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының аза-
маттары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құрылған заңды 
тұлғалар, соның ішінде шетелдік қатысушысы бар кəсіпорындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет