А. Бимаханова 2021ж Курстық жұмыс Тақырыбы



бет7/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.8 Mb.
#477465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
А. Бимаханова 2021ж Курсты ж мыс Та ырыбы

Сүйір бұрыш. Егер тік бұрыштың ішінде төбе мен бұрыш салатын болсақ, ол тік бұрыштан кіші болады. Мұндай бұрыштар сүйір бұрыштар деп аталады.
Доғал бұрыш. Егер бұрыш тік бұрыштан үлкен, бірақ екі түзуден кіші болса доғал бұрыш деп аталады.

II ТАРАУ. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚАРАПАЙЫМ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ




2.1 Геометрия және алгебра элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы

Бастауыш сыныптарда геометрия элементтерін оқытудың негізгі міндеттері:



  • оқушылардың геометриялық фигура туралы айқын түсініктерін және алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;

  • кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру, абстракциялау, жалпылау бірліктерінің дамуына ықпал жасау;

  • оқушыларда сызба және өлшеуіш аспаптарының көмегімен және оларды (көз мөлшерімен өлшеу және тағы басқа) өлшеуде және геометриялық фигураларды салуда практикалық біліктерін қалыптастыру.

Бастауыш мектепте геометриядан кеңістік туралы түсінік, нақты фигура туралы ұғым, геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату, геометриялық шамаларды өлшеу, фигураларды салудың алғашқы білігін қалыптастыру, әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру және тағы басқаларды қалыптастыру көзделеді.
1 – сыныпта оқушылар нүктемен, қисық және түзу сызықпен, сәулемен, бұрыш ұғымымен танысады. Балалар мұғалімнің үлгісі бойынша тор көзге нүктелерді салып үйренеді және нүктеден түзу сызық жүргізіп, оның сәуле деп аталатын фигура екендігімен танысады және бір нүктеден шыққан екі түзуден бұрыш жасалатыны түсіндіріледі. Оқушының түзу сызық туралы түсінігі олардың әртүрлі практикалық жаттығуларды орындау барысында қалыптастырады. Мұнда түзу сызықты, қисық сызықты салыстыру жүзеге асады. Мысалы: жіпті керіп, одан кейін оны сәл босатуға болады немесе түзу жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттер пайдаланылады.
Кесіндімен таныстыру үшін түзу сызықта екі нүкте белгілейді де, мұғалім түзудің бір нүктесінен екінші нүктесінен бөлігін түзудің кесіндісі деп немесе кесінді деп, ал нүктелер кесіндінің ұштары деп аталатынын атап көрсетеді. Балалар тақтаға сызылған басқа түзулерге нүктелер түртіп қояды да, алынған кесінділерді және кесінділердің ұштарын көрсетеді. Содан кейін мұғалім сызбада қалай кескінделетінін көрсетеді. Түзумен салыстырылады. Оқушылар түзулерді және кесінділерді сызбадан көрсетеді және өздері де түзулер сызады, сөйтіп түзу шектелмегендігін, ал кесінді шектелгендігін, қағаз бетін де түзудің бір бөлігі ғана кескінделетінін түсіне бастайды. Көпбұрыш, бұрыш, шеңбер, дөңгелек туралы ұғым балаларда бүкіл бастауыш оқу кезеңінде және одан кейінгі сыныптарда қалыптасады. [10]
Алғашқы ша 1 – ші ондықты оқып – үйренгенде геометриялық фигуралар дидактикалық материалдар түрінде пайдаланылады. Одан әрі қарай көпбұрыштардың жеке түрлерін оқып үйренуге кіріседі. Бұл кезеңде көпбұрыштардың элементтері, қабырғалары, төбелері бөліп қарастырылады. Мысалы: 3 санын өткен кезде әртүрлі фигуралар қарастырылады. Түрлі – түсті қағаздан, пластмассадан, тағы басқа материалдан әзірленген үшбұрыштың моделдеріне оқушылар әр фигурадағы 3 қабырғаны, 3 бұрышты және 3 төбені көрсетеді. Осыдан кейін тура осы тұрғыдан 4 – бұрыштар, 5 – бұрыштар, тағы басқалар қарастырылады. Мұнда бұл жұмысты 1– ші ондық көлемінде сәйкес сандарды оқумен байланыстырады. Көпбұрыштардың элемнеттерін бөліп көрсете отырып, оқушылар элементтер санымен фигураның аталуы арасындағы байланысты (3 қабырға, 3 төбе, 3 бұрыш, т.б.) аңғарады. Сонымен қатар балалар көпбұрыштың бұрыштарының төбелері мен қабырғаларының саны бірдей болатынын түсінеді. Көпбұрыштармен жұмыс істеген кезде оқушының бұрыш туралы ұғымдары кеңейе түседі. Көпбұрыштарының бір төбесінен шыққан 2 қабырғаны бұрыш деп атайды. Көпбұрыштардың бұрыштарын құруға үйренеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тік төртбұрышты табуды үйренеді. Олар кез келген формадағы қағазды екіге бүктеп, онда пайда болған қиылысатын екі түзу сызықтан бірдей 4 бұрыш жасайды. Мұғалім мұндай бұрыштар тік бұрыштар деп аталатын түсіндіреді. Тік бұрыш туралы ұғымды пысықтау үшін арнайы тапсырмалар беріледі:
1. Бірнеше әртүрлі бұрыштардың ішінен тік бұрыштар табу.
2. Берілген көпбұрыштардан тік бұрыштарды табу.
3. Дәптердің жолдарын пайдаланып, оған тік бұрыш сызу.
4. Тік бұрышы бар фигуралар сызу.
Бұрыш ұғымы оқушыларда көпбұрыштарды, мысалы тік төртбұрышты оқып үйреткенде пысықталады. Бірнеше тікбұрыштардың ішінен оқушылар тіктөртбұрыштың моделінің көмегімен 1,2 тікбұрышы бар фигураларды, сондай–ақ барлық бұрыштары тік төртбұрышты табады.
Оқушылар қоршаған ортадан тік төртбұрышты формалы нәрселерді табады. Тақтаға сызылған немесе папкаға қыстырып қойған басқа геометриялық фигураның ішінен тік төртбұрыштарды көрсетеді. Оларды тор көз қағаздан қиып алады және нүктелер бойынша дәптерлеріне сызады. Жұмыстың келесі кезеңінде оқушылар тік төртбұрыштың негізгі қасиеттерінің бірі қарама–қарсы қабырғаларының өзара тең болатынымен танысады. Мұғалім алдымен балалардың тіктөртбұрыштың қандай қабырғаларын қарама – қарсы қабырғалар деп атауға болатынын қаншалықты түсінгенін анықтап алып, оқушыларға тік төртбұрыштардың қағаздан жасалған моделін пайдаланып, оны беттестіру арқылы қарама–қарсы қабырғаларын салыстыруды ұсынады. Оқушылар тік төртбұрыштың қарама–қарсы қабырғаларының қасиетін меңгерген соң, тік төртбұрыштар жиынына тартылады, яғни шаршымен танысады.
Сабақта жұмысты шаршы дегеніміз тік төртбұрыштардың дербес түрі екендігін оқушылар түсінетіндей етіп ұйымдастыру керек. Шаршылар қабырғалары тең тік төртбұрыштар екендігін баса көрсету үшін мынадай жаттығулар ұсынылады:
1–ші: Шаршы деп атауға болмайтын тік төртбұрыштарды көрсетіңдер.
2–ші: Берілген бұрыштардың ішінен тік төртбұрыштарды табыңдар.
3–ші: Көрсетілген тік төртбұрыштардың ішінен 2 шаршыны табыңдар.
Бастауыш сыныпта оқушылар шеңбермен танысады. Дөңгелекті көп бұрышпен салыстыра отырып, оқушылар көпбұрыштың шекарасы тұйық сынық сызық, ал дөңгелектің шекарасы тұйық қисық сызық, яғни шеңбер екендігін тағайындайды. Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық фигуралар туралы түсінік беруде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пандаланудың мүмкіндігі зор, өйткені халық шеберлері өздерінің барлық қиялын, өмірден жинаған бай тәжірибесін, терең білімін геометриялық ою өрнектер арқылы сәндік – қолданбалы өнер туындыларын безендіруге жұмсады. Ою өрнектің барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері бар, әсіресе, геометриялық ою өрнектің негізі геомериялық фигуралардан тұрады, атаулары да солардың пішініне сәйкес. Ең қарапайым оюлар нүкте мен сызықтар туралы түсінік беруге, ал олардың күрделі формаға айналуының нәтижесінде пайда болған үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, т.б. тәріздес өрнектер көпбұрыштар туралы ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. [11]
Мәселен, «Шеңбер» ою өрнегін шеңбер туралы ұғымды қалыптастыруда қолдана отырып, өмір сүріп отырған жеріміз, күніміз, киіз үй, оның шаңырағы бәрі дөңгелек екендігін, шенбер соларды бейнелейтіндігін айту қажет. «Тұмарша» оюы ұшбұрыш үлгілес болып келеді. Осындай тұмарлар тілкөзден сақтау үшін үй жануарларының, бойтұмар ретінде балалардың мойнына тағылатындығы туралы әңгімелеу оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. Қолөнер үлгілерін оқытудың құралы ретінде қолданған да оның элементтері қолданылған тапсырмалар жүйесін пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырады. Кез келген геометриялық материалды оқыту байқаудан, оны әр түрлі жағдайларда қарастырудан басталатыны анық. Осы қағидаға сәйкес оқушыларға мынадай тапсырмалар жүйесін ұсынуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет