1. Байқау тапсырмалары. Оқушылар сәндік – қолданбалы өнер туындыларынан, ою – өрнектерден геометриялық фигураларды табады, олардың қасиеттерін анықтайды, орналасу тәсілін көрсетеді, өзара салыстырады, яғни мұғалімнің басшылығымен қолөнер материалдарын геометриялық талдау жасайды.
2. Өлшеуге берілген тапсырмалар. Мұнда оқушыларға қолөнер үлгілеріндегі геометриялык фигураларды салыстыру үшін олардың ұзындықтарын, бұрыштарын, аудандарын өлшеу ұсынылады.
3. Салуға берілген тапсырмаларды оқушылар сызба құралдарының көмегімен не олардың көмегінсіз орындайды. Мысалы, геометриялық фигуралардан ұлттық ою – өрнектетерді қарастырады, оюдың элементтерін өрнекке дейін толықтырып салады, геометриялық өрнектерді бұйымдардың, заттардың ішін әшекейлеу үшін қолданады.
4. Есептеуге берілген тапсырмалар. Сэндік – қолданбалы өнер туындыларындағы геометриялық фигуралардың санын есептейді, олардың ауданын, периметрін табады,
5. Аралас тапсырмалар. Мұнда байқау, өлшеу, салу, есептеу тәсілдері кешенді түрде жүзеге асырылады, жоғарыда айтылған тапсырмалардың барлығы өзара араласып келеді. Сонымен, осы айтылғандарды негізге ала отырып, сәндік – қолданбалы өнер материалдарының педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетуге болады: бастауыш сыныптарда геометриялық материалды оқытуды жетілдіреді, сәндік – қолданбалы өнердегі математикалық білімнің мазмұнын меңгертеді, халықтың қолөнерімен тереңірек таныстырып, оған деген аялы көзқарасты қалыптастырады, эстетикалық талғамды дамытады, өнерге деген қызығушылықты арттырады.
Бірінші топтың жаттығулары ажырату және танып білу іс – әрекеттерінің орындалуын көздейді. Мұнда оқушылар жаттығуларды орындау барысында фигуралардың бір неше қасиеттерден тұратын сипаттамалық белгілерін еске түсіреді және оларды айтып шығады, әрі қарай сол қасиеттер фигураларға тән екендігін біртіндеп тағайындап, тексеруден өткізеді, сонан кейін бір фигураларды қарастырып отырған ұғымға тиісті немесе тиісті емес екендігі жайында қорытынды жасайды. Геометриялық пішіндер (фигуралар) ішінде орналасқан ою – үлгілері берілген: Бір жағында ою орналасса, сол фигураның екінші жағында нөмірлер жазылған. Барлық тік төртбұрыштардың және үшбұрыштардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар
Екінші топтың жаттығулары геометриялық фигуралардың бейнелерін еске түсіруді көздейді. Халқымыздың сәндік қолданбалы өнер туындыларының ішінен геометрилық фигуралар пішіндес заттарды атаңдар, Кез – келген тік төртбұрыш, үшбұрыш сызыңдар. Оның ішіне ою үйлестіріп табыңдар.
Үшінші топтың жаттығулары сызу дағдыларын қалыптастыруға және тиянақтай түсуге арналады. Сонда әртүрлі жағдайларда геометриялық фигураларды салудың ерекшеліктері пысықталады. Түскиіздің ені 3 м, ұзындығы 5 м Суретін сызыңдар. «Тұмарша» оюының пішіні қандай? Суретін сызыңдар. Халқымыздың сәндік қолданбалы өнеріне негізделген әр тапсырмалардың қайсысы орындалғанда болсын, алдымен сәйкес фигуралардың сипаттамалық белгілері мен қасиеттері еске түсіріледі де, әрі қарай фигура қалауымызша өлшем бойынша салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |