Көп ядролы ароматты қосылыстар
Реактивтер: нафталин, концентрациялы азот қышқылы, төрт
хлорлы көмірсутектегі бромның ерітіндісі, концентрациялы күкірт
қышқылы, пикрин қышқылы этил спирті, α — және — β нафтол ері-
тіндісі; темір (III) хлориді ерітіндісі, калий перманганат ерітіндісі,
сода ерітіндісі, β-нафтол, иодты метил, иодты этил, натрий гидроксиді (құрғақ ұнтақ), этил спирті.
Нафталиннің возгонкалануы. Құрғақ пробиркаға 1 г нафталин салып, қыздырады. Сонда пробирканың жоғарғы суық жеріндегі қабырғасында қайта кристалданған нафталиннің ине тәрізді кристалдарын көруге болады.
Нафталиннің нитрленуі . Пробиркаға 2 мл азот қышқылын құйып, оған 0,2 г нафталин ұнтағын салып шайқап, 2—3 мин су жылытқышта қыздырады. Қоспаны стаканға құйып, оның үстіне 10 мл су құяды, нәтижесінде сары қызыл түсті α-нитронафталин тұнбаға түседі:
Достарыңызбен бөлісу: |