Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Танаптық жұмыстарды жүргізу әдістемесі



бет47/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

2 Танаптық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Танаптық жұмыстарды жүргізген кезде келесідей негізгі ережелерді сақтау қажет:
1. Тәжірибенің барлық нұсқаларында барлық жұмыстарды бір мезгілде жүргізу қажет, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарының барлық түрлерін, әр бір жекелеген тәжірибелерде бір күнде жүргізілуі тиіс, ол мүмкін болмаса жұмысты бір қайталыммен аяқтау қажет. Барлық жұмыстар тәжірибенің барлық мөлдектерінде біркелкі жүргізілуі керек, яғни жалғыз өзгешелік қағидасын (барлық жұмыстардың бір уақыттылығы, біркелкі сапалылығы және қысқа мерзімділігі) сақтау қажет.
2. Орындалатын барлық жұмыстардың жоғары сапалылығы. Тәжірибелік жер учаскесіндегі агротехникалық ая (фон) оңтайлы болуы қажет, сонымен қатар зерттеліп отырған белгілі бір фактордың әсеріне (ықпалына) кедергі келтірмейтін, жаңа, қарқынды технологиялар мен іс-шаралар пайдаланылатын, белгілі бір аймаққа ұсынылған технологияның талаптарына сай болуы қажет.
3. Тәжірибені және өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстары зерттеліп отырған дақылдың танаптық жағдайдағы күтіп-баптау жұмыстарындағы іс-шараларымен сәйкес болуы тиіс, ал барлық жұмыстар өз уақытында, біркелкі және тыңғылықты жүргізілуі тиіс (химиялық және қолмен өңдеу, қатараралық өңдеу, үстеп қоректендіру және т.б.). Тәжірибенің өзгешелігі есепке алынуы тиіс (мысалы, тәжірибе міндеттерімен қаншалықты сәйкестігіне байланысты себу мерзімдері және өңдеу жұмыстары).
4. Топырақты өңдеу техникасы – тәжірибеде топырақты өңдеу техникасы барлық нұсқалар үшін бірдей ме, жоқ әлде зерттелетін фактор ретінде ме, соған байланысты жүзеге асырылады.
Дақылдарды себу кезінде және сол сияқты топырақты өңдеу кезінде екі жағдай болуы мүмкін, біріншісі, тәжірибенің барлық нұсқаларында дақылдарды бір мезгілде және бір тәсілмен сепкен кезде (мысалы, тұқымның себу мөлшерін, тыңайтқыштардың мөлшерін және т.б. зерттеген кезде) және екіншісі, дақылдарды әр түрлі себу мерзімдерінде және әр түрлі себу тәсілдерін қолданғанда, мысалы, дақылдардың себу мерзімдерін және себу тәсілдерін (қатардағы себу тәсілі, кеңқатарлы себу тәсілі және т.б.) зерттеген кезде.

Дақылдарды себу мөлдектердің бағытымен, ал танапты негізгі өңдеу көлденең жүргізілуі керек. Тәжірибені жоспарлағанда, мөлдектердің енін сепкіштер сиятындай етіп жоспарлау қажет, яғни мөлдектердің ауданы сепкіштердің немесе басқа да тіркемелердің (агрегат) енімен сәйкес болғаны дұрыс.
Белгілі бір дақыл тұқымының себу мөлшерін зерттегенде, сепкіштердің себу мөлшерін қайта-қайта ауыстыры жүрмес үшін, ең бірінші барлық мөлдектерді (бірнеше қайталымдағы біртекті мөлдектерді) бір себу мөлшерімен сеуіп шығады, кейін екінші, одан кейін үшінші және т.б.


Сондай-ақ, сорт сынау тәжірибелерінде барлық қайталымдардағы біртекті мөлдектерге бір сортты сеуіп шығады да, сепкіштерді толықтай тазартып, келесі сортты себеді.

Дақылдарды сепкенде келесідей тәртіптерді сақтау қажет: сепкіштерді іске қосу және ағыту жұмыстарын тәжірибенің сыртында, яғни мөлдектердің шекарасынан 1 м-ден жақын емес жерде жүргізу қажет (бұрыштағы қазық сызықтарын, мөлдектердің шеттерін, тәжірибенің шекарасын тәжірибені салып болған соң белгілі бір дақыл тұқымымен сеуіп өтеді). Бір жылдық дақылдар қолданылатын тәжірибелерде қорғаныс жолақтарына, мал азығына немесе астыққа жиналатын біржылдық дақылдар, ал көпжылдық шөптер (еркекшөп, қылтықсыз арпабас және т.б.) қолданылатын тәжірибелерде – көпжылдық шөптерді себеді.
Жоғарыда аталған тәжірибелерден басқа тәжірибелерде, тәжірибенің жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар арнайы жұмыстар жүргізіледі: жолақтарды тазарту (мәселен, арамшөптерден), «таза» қазықтарды қағу, этикеткалар қою және т.б., сонымен қатар мөлдектердің қорғаныс жолақтарының ені қойылатын негізгі талаптарға сай болуы тиіс.


Этикеткалар қайталымдар мен мөлдектердегі өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылау жасаған кезде және әр түрлі жұмыстар жүргізген кезеңде қателіктердің туындау мүмкіндігін төмендетеді, сонымен қатар тәжірибелердің демонстарциясын жеңілдетеді және оларды өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдерінің басында қойған дұрыс. Олар әр түрлі материалдардан (қаңылтыр, ағаш) және әр түрлі көлемде дайындалады, дегенмен олардың минималды көлемі 20 х 10 см болу керек деп есептеледі, сонымен қатар этикеткалардағы жазулар қысқаша, бірақ зерттеушінің өзіне ғана емес, сонымен қатар сырттан келген адамдарға да түсінікті болуы қажет.
Танаптық тәжірибеде өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарының, өндірістік жағдайда өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарынан ешқандай айырмашылықтары болмауы тиіс, сонымен қатар барлық жұмыстар тәжірибенің барлық мөлдектерінде біркелкі және бір уақытта жасалуы тиіс. Жер учаскесінің арамшөптермен ластануының біркелкі болмауы зерттеліп отырған факторға әсер етуі мүмкін, сондықтан тәжірибелік барлық мөлдектерді арамшөптерден таза күйінде ұстау қажет.
Дегенмен, белгілі бір шараларды зерттеудің бірқатар тәжірибелерінде, мысалы, себу мерзімдерін және т.б., арамшөптерді есепке алу үшін сол қалпында қалдыру қажет. Нәтижелерін өндіріске ұсыныс ретінде ұсынуға болатын тәжірибелерде арамшөптерді қолмен жою жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ, мысалы, көпжылдық шөптерді қолданатын және олардың бүркемелі және бүркемесіз себу әдістерін зерттеу тәжірибелерінде көпжылдық шөптерді салыстырмалы бағалағанда, олардың себілген (көпжылдық шөптердің бірінші тіршілік жылында) жылы арамшөптерге қатынасы бойынша бәсекеге түсу қабілеттілігін бағалағанда және т.б. тәжірибелерде арамшөптерді жоймай, сол қалпында сақтау қажет. Тәжірибелерде өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы, тәжірибеде зерттеліп отырған технология элементтерінің нәтижелеріне немесе сорттарды салыстырмалы зерттеу нәтижелеріне кері әсер ете алатын, ең жақсы күресу шараларын қолдану қажет.
Бақылау сұрақтары


  1. Толыққұнды танаптық тәжірибе жүргізудің негізгі жағдайлары қандай?


  2. Тәжірибелік жер учаскесін мөлдектерге бөлгенде қандай құралдар пайдаланылады?


  3. Танаптық тәжірибені салғанда, тік бұрыштарды белгілеудің қандай әдістері бар?


  4. Тәжірибені бір қабатты және көп қабатты әдістермен орналастырғанда, жер учаскесін қайталымдар мен мөлдектерге бөлудің әдістемесі қандай?


  5. Мөлдектердің жалпы және есеп жүргізу ауданынан, қорғаныс және бұрылыс жолақтарын бөлудің әдістемесі қандай?


  6. Танаптық тәжірибеде тәжірибенің шекараларын бекітудің, қазықтармен және этикеткалармен безендірудің қандай әдістері бар?


  7. Тәжірибелерде қандай негізгі танаптық жұмыстар жүргізіледі және оларға қойылатын негізгі талаптар қандай?


  8. Тәжірибелерде дақылдарды себу және басқа да жұмыстарды орындау технологиясы қандай?


  9. Танаптық тәжірибелерде қандай есептеу және бақылау жұмыстары жүргізіледі және олардың жалпы жіктелуі (классификациясы)?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет