Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет45/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Латын тік бұрышы әдісінде нұсқалардың саны қайталымдардың санына еселенген болуы тиіс, мысалы, үш қайталымдық тәжірибеде 6,9,12,18 және т.б., төрт қайталымда – 8,12,16,24 және т.б., бес қайталымда – 10,15,20,25 және т.б., яғни нұсқалардың саны қайталымдардың санына қалдықсыз бөлінуі тиіс. Мөлдектер бойынша нұсқалар, әр бір қатарда және әр бір бағанада барлық нұсқалардың толық болуын қамтамасыз ететіндей есебімен рендомизацияланады. Мысал ретінде 7-суретте, төрт қайталымда 12 нұсқалық тәжірибені латын тік бұрышы әдісімен орналастырудың сызбанұсқасы келтірілген.

Қатарлар



Бағаналар


I

II

III

IV

I

4

9

11

1

7

2

8

12

10

6

3

5

II

1

5

2

6

10

12

3

4

7

11

9

8

III

12

6

8

3

4

9

1

5

11

2

7

10

IV

3

7

10

5

8

11

9

2

6

4

1

12

Сурет 7 – 12 нұсқалы тәжірибені латын тік бұрышы әдісімен орналастыру сызбанұсқасы




Мөлдектерді ыдыратып (күрделі) орналастыру әдісі стационарлық тәжірибеде алғашқы нұсқаларды сақтай отырып, қосымша тәжірибелер тобын енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда салынатын көпфакторлы тәжірибелерді салу үшін қолданылады, мысалы, қосымша, тыңайтқыштардың мөлшерін, өсімдіктерді үстеме қоректендіруді, гербецидтерді және т.б. зерттеу. Бұндай тәжірибелерді бөлшектенген (күрделі) мөлдектері бар тәжірибелер деп атайды. Ыдыратылған мөлдектердің сызба нұсқасы – бір тәжірибенің мөлдектері басқалары үшін одақтас ретінде қолданылады, яғни белгілі бір тәжірибенің мөлдектеріне, технология элементтерінің басқа түрлері (қосымша) зерттеліп отырған тәжірибенің мөлдектері қосылады (салынады). Ірі мөлдектер бірінші тәжірибенікі (бірінші тәртіппен орналасқан тік және көлденең бағытта екінші тәртіппен орналасқан мөлдектерге шашырап орналасады), ал екінші тәртіптегі мөлдектер одан да ұсақ бөлшектерге бөлінеді. 8-суретте екі факторлы (1-2 нұсқалар) және үш факторлы (3-4 нұсқалар) тәжірибелер салғанда мөлдектердің ыдыратылу сызбанұсқасы келтірілген.
Бірінші (негізгі мөлдектер) және екінші (субмөлдектер) кезектегі мөлдектер бойынша тәжірибелерді рендомизация әдісімен орналастырады, сонымен қатар негізгі мөлдектердің нұсқалары әр бір қайталым бойынша өздігінен рендомизацияланады, екінші немесе кейінгі кезектердегі мөлдектердің нұсқалары әр уақытта қайтадан немесе әр бір негізгі мөлдектер және олардың топтары үшін, мысалы, бүтіндей қайталым үшін рендомизацияланады.

1 2 3 4





















Сурет 8 - Екі факторлы (1-2 нұсқалар) және үш факторлы (3-4 нұсқалар) тәжірибелер салғанда мөлдектердің ыдырату сызбанұсқасы



Араластыру әдісі. Қайталымдарының саны көп, көп нұсқалы тәжірибелерде негізгі факторларды салыстыруда дәлділік пен олардың өзара әсерлері біркелкі болмайды, сондықтан тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдісі ретінде араластыру әдісі қолданылады, бұндай әдісте әрбір қайталымдағы нұсқалардың барлық әрекеттерін (комбинация) екі немесе оданда көп топтарға (одақтарға), топтардың арасындағы айырманы (айырмашылық) негізгі әсерлер мен екі фактордың арасындағы өзара әсерлерге қарағанда аз қызығушылық танытатын, жоғары деңгейде өзара қатынаста болатындай етіп бөледі.
Жер учаскесінде тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдістерін – стандартты, жүйелі немесе рендомизациялық, қарастыруды қортындылай келе келесідей мәселеге баса назар аударған жөн: егер зерттеліп отырған факторлардың әсері (ықпалы) географиялық бейнелегенде қисық сызық пішінді болса, яғни қисық сызық фактор шамасының өсуіне байланысты жоғарылайды, немесе, мысалы, жылу режимі төмендегенде қисық сызық максимум дәрежеге жетеді, кейін төмендейді немесе теңеседі (тегістеледі), яғни фактордың – тыңайтқыш мөлшерінің жоғарылауы және т.б. өнімнің жоғарылауына әсер етпейді, сондықтан тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша қандай әдіспен орналасса да, эксперименттің нәтижелерін аяқталған деп есептеу қажет. Мысал ретінде (сурет 9) судан шөбінің (жылу сүйгіш дақыл) өнім қалыптастыруына себу мерзімдерінің әсерін зерттеу нәтижелерінің мәліметтері келтірілген.
Судан шөбін әр түрлі себу мерзімдерінде сепкенде, яғни 10 мамырдан бастап сепкенде өнімі 55 ц/га-дан маусым айының бірінші онкүндігінде себілгенде 175 ц/га-ға дейін жоғарылады, сонымен қатар маусым айының бірінші онкүндігінің соңына қарай сеілгенде өнім деңгейі максимум деңгейге, яғни 200 ц/га-ға дейін жетті. Осыдан келіп келесідей қортынды жасауға болады: судан шөбі үшін ең оңтайлы себу мерзімі - маусым айының бірінші онкүндігі, ал оны кеш мерзімдерде сепкен сайын өнімі төмендей береді, сондықтан судан шөбінің анағұрлым кеш себу мерзімдерін зерттеудің қажеті жоқ, ал анағұрлым ерте себу мерзімдері судан шөбі үшін қолайсыз, себебі ерте көктемдегі температуралық режим өсімдіктің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсер етті.


Сурет 9 – Себу мерзімдеріне байланысты судан шөбінің қалыптастырған көк балауса өнімінің динамикасы, ц/га.

Сондықтан, ерте көктемгі себу мерзімдері сияқты кеш себу мерзімдері де температураның қолайсыздығына байланысты өсімдіктердің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді, нәтижесінде алынатын өнім көлемі төмендейді, ал ең қолайлы (оңтайлы) себу мерзімі – мамыр айының соңы – маусым айының басы.


Бақылау сұрақтары




  1. Тәжірибе мөлдектері бойынша нұсқаларды орналастырудың қандай әдістері бар және олардың жалпы сипаттамасы ?


  2. Тәжірибе нұсқаларын стандарт әдісімен орналастырудың ерекшелігі қандай және бұл әдістің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз?


  3. Тәжірибе нұсқаларын жүйелік әдіспен орналастырудың ерекшелігі қандай бұл әдіс бойынша тәжірибе нұсқаларын орналастырудың негізгі әдістері? Бұл әдістің оң және теріс жақтары қандай?


  4. Тәжірибе қайталымдары мен нұсқаларын бір, екі және одан да көп қабаттарда орналастырудың маңызы неде?


  5. Танаптық тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарын рендомизация әдісімен орналастырудың мәні неде және бұл әдістің стандарт және жүйелі әдістермен салыстырмалы бағасы?


  6. Тәжірибе нұсқаларын рендомизация әдісімен орналастырудың қандай әдістері бар және рендомизациялау техникасы қандай?


  7. Ұйымдастырылмаған (толық рендомизация) қайталымдардың мәні неде және олар қалай орналасады?


  8. Рендомизацияланған қайталымдардың мәні неде және қайталымдар мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құылады?


  9. Латын квадраты және тік бұрышы әдістерінің мәні неде, оларды қолдану жағдайы қандай және тәжірибеде бұл әдістермен қайталымдарды мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?


  10. Шашыраған мөлдектер әдісінің мәні неде, бұл әдіс қандай жағдайларда қолданылады және шашыратып орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?


  11. Мөлдектерді араластырып орналастыру әдісі қандай жағдайларда қолданылады және оның негізгі міндеті?


  12. Белгілі бір факторды зерттеген кезде қандай көрсеткіштер тәжірибенің аяқталғанын көрсетеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет