Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


«Танаптық тәжірибелерде өнімді жинау мен есепке алу әдістемесі»



бет48/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

«Танаптық тәжірибелерде өнімді жинау мен есепке алу әдістемесі»

1 Өнімді есепке алу үшін тәжірибені дайындау

2 Өнімді жинау және есептеу әдістемесі
1 Өнімді есепке алу үшін тәжірибені дайындау
Тәжірибе мөлдектеріне өнімді жинау мен есептеу мерзімі келгенге дейін бірқатар дайындық жұмыстарын жүргізу қажет: қай мөлдектерде бракқа шығару, қай мөлдектерді шығарып тастау керектігін алдын-ала бағалап, қорғаныстардан, бракққа шығаруға, алып тастауға арналған мөлдектерден өсімдіктерді алып тастау.
Мөлдектерді толық бракқа шығару мен алып тастау алдыңғы бақылаулар мен жазулар негізінде жасайды, мөлдектердің мынандай зақымданулары бар болса (өсімдіктердің түсіп қалуы, залалдау, аурулар мен зиянкестер), жұмыстағы қателіктер, себу жамылғысының біркелкі еместігі, яғни зерттелетін тәсілге тәуелсіз өнім өзгергенде, сондықтан бракқа шығару мен алып тастауды жасау керектігі туады.
Бірақ сабақ бітіктігінің (шөпотының) қайталымдардағы немесе мөлдектердің кейбір бөліктеріндегі әртүрлі жағдайына байланысты, субьективті түрде мөлдектерді толық бракқа мен алып тастауға мүлдем болмайды. Егер бұл жұмысты міндетті түрде атқару керек болса, онда мөлдекті белгілі-бір бөлігін алып тастау керек (жартысын, үштен бір бөлігін, төрттен бір бөлігін және т.б.), міндетті түрде тікбұрышты болу керек, өйткені мөлдектің барлық ауданына қайта жасалатын есептеулерді жеңілдетеді.
Мөлдектің жартысынан көп бөлігі зақымданған жағдайда, ол толық бракқа шығарылады, және ауданы аз мөлдектері (20-25 м2) бар тәжірибелерде 4-6 және одан да көп қайталымдарда мөлдекті толық бракқа шығару қажет. Белгіленген алып тасталатын мөлдектер аудандарын өлшеп, таяқшалармен белгілеп және оларды жинай бастайды.
Тәжірибе мөлдектерінде жинау мерзімін, тәсілін таңдау және өнімді есепке алу зерттелетін факторлар кешенінің өте маңызды бөлігі болып саналады, зерттелетін факторлар агротехникалық тәсілдерінің немесе сорттар қасиеттерінің өнімділікке және алынған өнімнің сапасына әсері.
Жинау мерзімін анықтау кезінде, тәжірибе алдында қойылған мақсаттарға сүйену керек. Мысалы, сорттарды зерттегенде мөлдектерді жинауды олардың пісуіне қарай, барлық мөлдектерде піскенше өткізу керек, өйткені қойылған мақсаттар орындалмай қалуы мүмкін.
Өсімдіктердің біркелкі пісуі жағдайында немесе мал азықтық дақылдарда шабылмалы пісу кезеңінде, өнімді бір мерзімде барлық мөлдектерде бір күн ішінде, болмаса әр қайталым мөлдектерін бір күнде жинаған дұрыс. Өнімді жинау мен есепке алуда әдістеменің барлық талаптарын орындау керек, өйткені әдістемеден ауытқу, ұқыпсыздық тәжірибенің құнсыздануына әкеледі.
Қатарлап (жаппай) себілетін дақылдармен жасалатын тәжірибелерде қорғаныстарды тартылған жіп немесе сым бойымен шауып алады, отамалы дақылдармен (кең қатарлап себу тәсілі) жасалған тәжірибелерде қорғаныс алаңдарына жататын қатарлар саны саналады, бракқа шығарылатын және алып тасталынатын мөлдектерден, қорғаныс алаңдарынан өнімді жинау жүргізіледі және тәжірибеден алыс жерге апарылады. Отамалы дақылдармен жасалған тәжірибелерде әрбір есеп мөлдегінде нақты өсімдіктер, түптер немесе тамырлар саны есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет