«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет3/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Инструменталды құзырлық:
– болашақ биолог-мұғалім оқушылармен мектеп қабырғасында физиологиялық эксперименттер жасап үйрету үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді шебер меңгеруі тиіс;
– оқу үдірісінде әрбір оқушының базалық білім қорын бағалай, оның бейімделу мүмкіндігін есептей келе, білім беру жүктемесін еске алып отыру керек;
– эксперимент нәтижесінде алған мәліметтерін математикалық жолмен өңдей тұжырымдай білуі керек.
Жеке тұлға аралық құзырлығы:
– әртүрлі физиологиялық тәжірибелер жасау және оған талдау барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы тиісті қорытынды шығаруға топтасып талқылай шешу қабілеттілігі.
Жүйелік құзырлығы:
– адам ағзасындағы өзара байланыстарды зерттеу барысында бір жүйелікпен талдау жасап қорытындылауға үйрету.
Пәндік құзырлығы:
– мұғалім өзінің болашақ кәсіби қызметін табысты өткізу үшін адам ағзасының реттеу механизмін, оның басты принциптерін, ақпараттарды өңдеу және ағзаның салауаттылығын сақтау жолдарын білуі тиіс.
Пререквизиттер: адам физиологиясын дұрыс ұғыну үшін, оның алдындағы анатомия, гистология, зоология, биохимия, экология пәндеріне сүйене отырып оқу керек.
«Адам және жануарлар физиология» курсынан:
– физиологияның теориялық және методологиялық негізін;
– ағзаның вегетативтік қызметінің заңдылықтары мен қызметін;
– эволюция даму деңгейі немесе әртүрлі экологиялық ортада тіршілік етуші жануарларда адам ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріндегі сапалық айырмашылығын;
– адам ағзасының жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз етуші механизмдерін және сыртқы ортамен байланысын білуі керек.
Физиологиялық зерттеулер жүргізу барысында және оның нәтижесін бағалауда, ақпараттарды әдебиеттерден алып талдауда, өздігінен, өз бетімен іс әрекет жасауға дағдылануды іскерлікпен меңгеруі тиіс.
Физиологиялық эксперименттер жүргізуді және адам ағзасының функционалды күйін және оның қорының мүмкіндігін бағалауды игеруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет