«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет4/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ







Тақырыптар

1

Кіріспе

2

Қозғыш ұлпалар физиологиясы

3

Орталық жүйке жүйесі физиологиясы

4

Эндокриндік жүйе физиологиясы

5

Қан және лимфа қызметінің физиологиясы

6

Жүрек-қан тамырлар жүйесі физиологиясы

7

Тыныс алу жүйесі физиологиясы

8

Ас қорыту жүйесі физиологиясы

9

Зат және энергия алмасу

10

Жылу алмасу және температураны реттеу

11

Ақырғы өнімдер шығару. Бүйрек қызметі

12

Сезгіш мүшелер жүйесі

13

Мінез-құлық қызметінің физиологиялық негізі



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Кіріспе
Пәннің мақсаты: студенттерді адам және жануарлар ағзасының физиологиялық қызметімен таныстыру: зат алмасу, ағзаның өсуі мен дамуы; қызметімен формасының біртұтастығы, жоғары жүйке жүйесінің қызметі, сезім мүшелері.
Пәннің міндеті: ағзаның функционалды қызметін дұрыс түсіндіріп, оның әртүрлі жағдайларға бейімдеу. Салауатты денсаулық және еңбек қабілеттілігін арттыру жолдарын түсіндіру. Студенттерді адам ағзасының жүйелік құрылымын ажырауын, бірігуінің физиологиялық заңдылықтарын айқындау;
– Студенттерге адам ағзасында болатын үдірістерді түсіндіре, жалпы дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, үдерістің материалдық мәнін және диалектикалық сипатын білу үшін объективті зерттеу әдістерін пайдалану. Студенттің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағдар-бағыт беру;
– Студенттің логикалық ойлау қабілеттілігін дамыта отырып, талдауға, қорытынды жасауға, салыстыруға, себеп-салдарын анықтауға, ағзаның қызметіндегі заңдылықтармен ұштастыруға, нәтижесінде тұжырымдауға үйрету;
– Биология ғылымына қызығушылығын туындата отырып, өз бетімен игеруге ізденуге, шығармашылық қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау.
Пәнді оқыту барысында студенттерге жан-жақты тәлім-тәрбиеге үйрету (жыныстық, гигиеналық, салауаттылық, этикалық, эстетикалық, экологиялық, т.б.).
Адам және жануарлар физиология пәнінің мақсаты, міндеті оның білім беру, ағарту саласындағы үлесі. Зерттеудің әдісі және объектісі адам физиологиясының биология ғылымдар саласындағы орны. Адам және жануарлар физиологиясының заманауи үрдісі және даму болашағы. Жасушалы физиологияға талдау жасаудың құрылымдық-функционалдық тәсілдері. Құрылымы мен қызметі тірі ағза қызметінің біртұтастығы. Физиологиялық кибернетика мәселелері реттеу және басқару. Тірі ағзалардың ырғақтық қасиеті. Биоырғақтар жайлы түсінік. Биоырғақ және денсаулық. Адам физиологиясының хронобиология және хрономедицина мен байланысы. Функционалды жүйе теориясы және оның дамуы. Системогенез, гомеостаз және бейімделу. Заманауи физиологияның молекулалық, жасушалық мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет