«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет5/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Мембрананың құрылысы және қызметі жайлы қазіргі кездегі мәліметтер. Трансмембрандық пассивті тасымалдау. Активті тасымалдау. Козғыш тканьдер, олардың қасиеті. Электрлік құбылыстар. Биоэлектрлік құбылысты тәжірибе арқылы зерттеу. Мембрандық потенциал. Ондағы өзгерістер. Шығу тегі. Әрекет потенциалы, оның кезеңдері. Қозғыш тканьдердің тітіркену заңдылықтары. Нервтер мен еттердің қозғыштығын зерттеу әдістері.
Жүйке ұлпаларының физиологиясы. Нейрондардың жіктелуі, құрылысы және морфофункциональды қызметі. Рецепторлар. Афференттік, эфференттік және аралық нейрондар. Нейроглия. Нерв бойымен қозуды өткізу. Синапстардың түрлері. Химиялық синапстар. Жұмысындағы жалпы принциптер. Электрлік синапстар. Нерв-ет синапсы. Синапстық өткізудің тұйықталуы.
Бұлшық ет физиологиясы. Қаңқа бұлшық еттерінің жіктелуі. Еттердің құрылысы және қызметі. Еттердің жиырылу механизмдері. Еттің жұмысы және күші. Ет жиырылғандағы жылудың пайда болуы. Шаршау. Адамның ет жүйесіндегі функциональдық күйін бағалау әдістері. Бірыңғай салалы еттердің ерекшеліктері, құрылысы, қызметі және қасиеті. Жиырылу үдерісіндегі ерекшеліктері.
Безді ұлпалар. Секреция, оның көптүрлі қызметі, кезеңдері, реттеу жолдары. Олардың әсер етудің негізгі принциптері және физиологиялық механизмдері.
Орталық жүйке жүйе (ОЖЖ) физиологиясы. Орталық нерв жүйесінің физиологиясы. Нейрондар. Глиалды клеткалар. Нерв жүйесінің жалпы құрылымы. Орталық нерв жүйесін зерттеу әдістері. Рефректорлық ұстаным. Нерв орталықтарының қасиеттері. Орталық нерв жүйесімен (ОНЖ) қозудың өтуі. Тежелу механизмдері. Нейрондық комплекс, оның ОНЖ рөлі. Гемароэнцефалдық кедергілер және оның қызметі. Жұлын сұйықтығы, құрамы, қызметі, оның қызметін диагноз қою арқылы анықтауда клиникалық маңызы. Жұлынның морфофункциональды құрылымы. Өткізгіш жолдары. Рефректорлық қызметі. Ми бағанасы. Сопақша ми. Көпір. Ортаңғы ми. Бағаналы мидың торлы құрылымы. Аралық ми. Мишық. Базальды ядролар- құйрықша ядро және скорлупа. Ақшыл шар. Лимбиялық жүйе. Гиппокамп. Гипоталамус. Үлкен ми қыртысы. Сенсорлық аймақтары. Қозғалғыш, аралас аймақтары. Бас миы қыртысындағы электрлік құбылыстар. Жарты шарлар арасындағы байланыстар.
Вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) физиологиясы. ВЖЖ орталық құрылымдары, қызметі, вегетативтік қызметі. Симпатикалық, парасимпатикалық, метасимпатикалық қызметі. ВЖЖ мүшелер мен тканьдерге тигізетін әсері. Жоғарғы вегетативтік орталықтар. Супраоптикалық және паравентрикуларлық ядролар. Моноаминергиялық жүйелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет