«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет34/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

6.1. Гормондардың әсер ету типтері

М.М. Балабокинаның (1989) жіктеуі бойынша гормондардың әсер етуінің төмендегідей варианттары бар:


1) гормондық әсері немесе тек өзіндік эндокриндік вариант өндіргіш клеткада пайда болған гормон қанға келіп, қанның ағысымен нысана мүшеге келіп немесе қашықтан келіп әсер етеді;
2) паракринді әсері – өзінің өндірілген жерінен клетканың сыртқы кеңістігіне өтіп, сол жерден нысанаға клетка әсерін тигізу арқылы таралуы;
3) изокринді әсері – гормон өндіруші клетка мен нысана клетканың байланысы өте жақын;
4) нейрокринді әсері – медиаторлардың әсеріне ұқсас;
5) аутокринді әсері – клетка гормонды өзі түзеп, өзіне әсерін тигізеді, нақты айтқанда, нысана → клетка өндіруші.


Гормондардың химиялық табиғатына байланыстылығы

3 топқа: а) белок пептидті, ә) стероидты, б) амин қышқылдардың туындылары болып бөлінеді.


Бірінші топтағы гормондар протейдтер (күрделі белоктар). Бұлар – глюкопротейдтер. Бұған: ТТГ, ФСГЛГ жатады. Екінші топтағылар пептидті гормондар: олар 30-90 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады. Оған: АКТГ-СТТ, меланин жасаушы гормон, пролактин, паратгормон, инсулин, глюкогон жатады. Мысалы, АКТГ-да 39 амин қышқылы қалдығы, СТГ-да 191, пролацин – 198 бар.
Үшінші топтағы белокты гормондар, бұлар – олигопептидтер. Бұл гормондарда амин қышқылы қалдықтары өз мөлшерде: бұлар – либериндер, статин, асқазан ішек гормондары. Мысалы, самотостатинде 14 амин қышқылы, гонадолибиринде 10, окситоцин 9 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады.
Бұл жерде тағы да бір айта кететін маңызды қасиеті белоктық гормондар, біріншіден, гидрофильді, сондықтан фосфолипидті кедергі (плазматикалық мембранасы) арқылы өте алмайды, екіншіден, олар гидрофильді болғандықтан өз бетінше қан арқылы тасымал-данады, себебі олар қанда жақсы ериді.
Стериодты немесе липидті гормондар – олар холестериннің туындылары (холестерин прогненолға ауысып, осыдан негізгі стериодты гормондар пайда болады) – кортикостерон, кортизол, альдесторон, прогестиндер, эстрадиол, эстриол, эстрон, тестостерон, витамин Д. Бұдан басқа да осы топқа арахидон қышқылы және оның туындылары – простогландиндер, простаулклиндер, тромбоксалдар, лейкотрейндер жатады. Бұл гормондардың барлығы гидрофобты. Сондықтан синтизделінген жерінен клетка мембранасы арқылы оңай өтеді, басқа жерге кедергісіз жетеді (қан, клетка арқылы кеңіс-тіктер). Қанда арнаулы тасымалдаушылар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет