«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет47/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

7.3. Қанның буферлік жүйелері


1. Гемоглобиннің буферлік жүйесі – ең бір қуатты да күрделі буферлік жүйе. Оның үлесіне қан буферлік сыйымдылығының 75 пайыз үлесі бар. Бұл жүйе қаныққан гемоглобиннен (ННв) және оның калий тұзынан (КНв) тұрады. Гемоглобиннің буферлік қасиеті өз кезінде әлсіз қышқыл болғанымен, Н2 СО2-ге қарағанда оған Ка+ ионын беріп, өзі сутегі Н+ ионын қосып алады, сөйтіп өте нашар диссоциацияланатын қышқылға айналады. Ал тканьдерде қан гемоглобин жүйесі сілтілік қызмет атқарады. СО- және Н+ қанға түссе қанды қышқылсыздандырады. Ал өкпеде көмірқышқылы бөлінгеннен кейін қан гемоглобиннің өзі қышқылдық қасиет көрсететін сілтіленуден қанды сақтап отырады.
2. Карбонатты буферлік жүйе (НСО + NaНСО3) өзінің күш-қуаты жағынан гемоглобиндік жүйеден кейін екінші орында. Оның қызметін былай көрсетуге болады. NaНСО3 Na+ НСО3 иондарына диссоциацияланады. Егер қанға күшті қышқыл түссе, көмірқышқылынан басқа, онда Na+ ионымен алмасып, әлсіз және суда ерігіш НСО3 түзіледі. Сөйтіп, қанда сутегі Н+ ионының концентрациясының өсуін тоқтатады. Қандағы Н2СО3 көбейгенде оның ангидриді СО2 өкпе арқылы сыртқа шығады. Нәтижесінде қышқылдың қанға түсуі рН өзгертпей уақытша ғана нейтралды тұздың көбеюіне әкеледі. Егер қанға сілті түссе, ол көмір қышқылымен қосылып, бикарбонат (NaНСО3) және су түзеді. Осы кезде пайда болған НСО3 жетіспеуін өкпе арқылы СО2 аз бөлініп, оның есесін (орнын) толтырады.
3. Фосфаттық буферлік жүйе дигидрофосфат (NaН2РО4 – қыш-қыл фосфат) және гидрофосфат (Na2НРО4 – негіздік фосфат) натрийдан түзіледі. Бірінші қосылыс нашар диссоциацияға түсіп, әлсіз қышқыл сияқты қасиет көрсетеді. Екінші қосылыс сілтілік қасиет көрсетеді. Егер қанға күшті қышқыл енгізсек, ол Na2НРО4 дигидрофосфатпен реакцияға түсіп, нейтралды тұз түзіп, нашар диссоциацияға түсетін дигидрофосфат натрий тұзын түзеді.
Егер қанға күшті сілтілі затты жіберген жағдайда ол дигидрофосфат Na реакцияға түсіп, әлсіз сілтілі Na гидрофосфатын түзеді. Бұл жерде қанның рН аз ғана өзгеріске ұшырайды. Екі жағдайда да дигидрофосфат және фосфат натрийдің аралық мөлшері зәр арқылы сыртқа шығып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет