«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады


Плазма белоктарының буферлік жүйесі –



бет48/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

4. Плазма белоктарының буферлік жүйесі – оның басты себебі плазма белоктарының амфотерлік қасиеттеріне байланысты. Қышқыл ортада сілтілік қасиет, сілтілік ортада қышқылдық қасиет көрсетеді.
Қанның рН (реакциясын) сақтаушы өкпедегі басқа буферлер де үлкен рөл атқарады.
Тканьдердегі басты буферлік рөлді атқарушылар клеткадағы белоктар және фосфаттар. Зат алмасу кезінде қышқылдық өнімдер көп түзіледі. Сондықтан да рН реакциясының қышқыл жаққа ауысуы мүмкін. Осыған сәйкес клетканың тканін қанның рН сілтілік жаққа қозғау үшін таза судағыдан 40–70 есе NaОН құю керек. Ал қышқыл жағына өзгеру үшін 300-350 есе НCl құю керек, суға қарағанда. Сілтілік тұздары әлсіз қышқылдың сілтілік тұздарды әлсіз қышқылдың қанның сілтілік резерві деп атайды. Оның мөлшерін Н2СО3 қанша милилитр жұмсалғанымен есептейді. 100 мл қанның СО2 қысымы 40 мм. с.б. тең болғандағы жұмсалған Н2СО2 мл санымен байланысқан мөлшерімен есептейді. Қышқылдық және сілтілік аралық қатысының эквиваленттік көрсеткішін қанның қышқыл-сілтілік тепе-теңдігі деп атайды. рН қышқыл жағына өзгеретін ацидоз, сілтілік жағына өзгеретін алкалоз деп атайды.


7.4. Гемоглобин

Эритроциттің құрамында болатын, қанның тыныс алу қызметін атқарушы тыныстық фермент болып саналады. Ол эритроциттің ішінде орналасқан.


а) Қанның тұтқырлығын төмендетіп, қан айналу үдерісін және жүректің жұмысын қалыпты жағдайда ұстайды;
ә) тканьдерде судың құрамын сақтап, плазманың онкотикалық қысымын төмендетеді;
б) бүйрек шумағында фильтрлеу (сүзу) кезінде және зәрдің құрамында гемоглобиннің сыртқа шығуын азайтады.
Химиялық құрамына келетін болсақ, ол – хромопротеид. Глобин деген белоктан және гемнен тұрады. 1 мол глобин 4 мол гем. Гем өзінің құрамында темірдің атомынан тұрады. Осының болуы О2 оңай қосу немесе оңай ажырау қабілеттілігі бар. Осындай жағдайда темір (ІІ) валентті күйінде қала береді.
Темір тканьдеріндегі тыныстық ферменттің құрамына кіреді. Темірдің тыныс алуға керекті басты рөлі оның атомының құрылысына байланысты. Тотығу-тотықсыздандыру реакциясына қатысуымен бірге комплексті қосылыс түзуші көптеген бос электрондардың болуына байланысты.
Дені сау ересек ер адамдардың қанының құрамында орташа 14,5% гемоглобин (145 г/л) (13-16%(130-160 г/л). Ең қолайлы мөлшері 160,7г/л (16,7г/л (16,7%) гемоглобин.
Метагемоглобин (мет Нb) – ол да қауіпті қосылыс. Күшті тотықтырғыштардың (феррацианид, калий перманганаты, амил және пропил нитрит, анилин, бертолле тұзы, фенацетин) әсерінен екі валентті темір үш валентке ауысады. Қанда метагемоглобин мөлшері көбейсе, өліп кетуі де мүмкін.
Миоглобин – қаңқа етінде және жүректегі миокардта болады. Айырмашылығы тек глобин мол. Массасы аздау. 14% оттегімен байланысып, еттерді О2 -мен қамтамасыз етеді.
7.5. Гемолиз

Эритроцит қабатының бұзылуы, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына қосылып, қан ақ түске айналады. Ақ түсті қан дейді.


Эритроциттің бұзылуының бірнеше себептері бар.
Осмос қысымының төмендеуінен әуелі ісініп, содан кейін эритроцит жарылып кетеді. Мұны осмостық гемолиз дейді. Осмостық беріктіктің өлшемі NaCІ-дың концентрациясына байланысты.
Адамда эритроциттің жарылысы ерітіндінің концентрациясы 0,4%-ға жеткенде болады. Ал ерітіндінің концентрациясы 0,34%-ға тең болғанда барлық эритроциттер жарылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет