«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет50/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Өзіне тән емес механизміне жататыны тері және кілегей қабат. Олар кедергілік қызмет атқарады, мысалы, бүйрек, сонымен қатар ішек және бауыр, лимфа түйіндері зиянды өнімдерді сыртқа шығарады. Бұған тағы да жататындар қан плазмасының қорғаныштық қасиеті (¡-глобулин), интерферон көптеген вирустардың активтігін жояды. Клетка механизмі фагацитозды И.И.Мечников ашқан. Ол 1908 жылы Нобель сыйлығын алған.
1973 жылы ДДҰС-ның шешімі бойынша барлық фагоцитті моно-нуклеарлық клеткаларды біріктіріп, бұрынғы ретикуоэндотелиалды жүйенің орнына “мононуклеарлы фагоцитарлы жүйе” деп атады.
Өзіне тән механизмі (спецификалық) – лимфоциттердің арқасында арнаулы гуморалды (антител немесе иммуноглобулинді) және клеткалы (иммундық лимфоциттердің түзілуі) иммунитеттердің түзілуі. Иммунитеттер пайда болып, бөгде заттардың – антигендердің әсеріне қарсы жауап береді. Ересек адамдардың қанында 4,9х109л (4000–9000 в/мкл) лейкоцит болады. Бұлардың саны эритроциттерге қарағанда 500–1000 есе аз. Санының көбеюін лейкоцитоз, ал азаюын лейкомия деп атайды.
Лейкоциттер: гранулоциттер (түйіршікті) және агронулоциттер (түйіршіксіз) болып екі топқа бөлінеді.
Гранулоциттерге: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер жатады.
Агронулоциттерге: лимфоциттер және моноциттер жатады. Клиникада ең басты шешуші рөлді атқарушы жағына баға бергенде олардың өзара қарым-қатынасындағы өзгеруімен қатар сандық өзгерісіне ұшырауына көп көңіл бөлінеді. Жекеленген лейкоцит түрлерінің пайыздық қатынасын лейкоцитарлы формула немесе лейкограмма деп атайды.
Нейтрофилдер – ақ қан клеткасының ішіндегі ең көп тобы, ол лейкоциттің 50-75%-ын құрайды. Өзінің аты, ол бейтарап бояумен боялатын қабілеттілігі бар екендігінен шыққан. Нейтрофил ядросының формасына байланысты, жас (метамиелоциттер) таяқша тәрізді ядро, сегмент ядролы болып үш түрге бөлінеді. Жас немесе метамиело-циттер лейкоформулада 1%, таяқшалы ядролары 1–5%, сегмент ядролылары 45–70 % құрайды.
Эозинофил – барлық лейкоциттердің 1-5%-ын құрайды. Цитоплазмада түсіп, қышқыл бояу (эозин) арқылы боялады. Сондықтан да оның аты осыған байланысты. Эозинофилдің ең басты қызметі – белоктық токсиндерді усыздандырып, оларды бұзу, бөгде белоктарды, антигенантитело комплексін жою. Эозинофилдер базофил және майлы клеткалардағы гистаминдерді жойып отырады. Гистаминаза деген ферменттерді бөліп, сіңген гистаминдерді бұзып отырады. Гистаминдерді сіңіріп немесе нейтралдау арқылы зақымдалған жердегі асқыну үдерісін тоқтатады. Аллергия кезінде, глистердің көбеюінен пайда болған жұқпалы ауру кезінде, бактерияға қарсы ем жасағанда эозинофилдердің саны көбейеді. Себебі осы жағдайда май клеткалар және базофилдер бұзылып, олардан көп мөлшерде гистаминдер бөлініп, эозинофилдердің көмегімен бейтараптанады. Тағы да бір атқаратын қызметі плазмогендерді шығарудың нәтижесінде фибринолиз үдерісіне қатысады.
Базофил – (0-1% барлық лейкоциттің) гранулоциттердің ішіндегі ең аз мөлшерде болатын түрі. Олардың түйіршіктері негізгі бояумен боялады. Соған байланысты оның атына сай базофилдің қызметі – оның құрамындағы биологиялық активтік заттардың болуына байланысты. Олар да дәнекер тканіндегі майлы клеткалар сияқты гепарин және гистамин бөледі. Сондықтан бұл клеткалар сияқты гепарин және гистамин бөледі. Бұл клеткалар гепароцит тобына біріктіріледі. Базофилдің саны ауру қатты асқынған кезде немесе ұзаққа созылған ауру жағдайында көбейеді. Базофилдегі гепарин аурудың асқынған жерінде қан ұюға қатысады. Ал гистамин капиллярлардың қабырғасын кеңейтеді. Бұл жағдай ісіктің жиырылып жазылуына мүмкіндік туғызады.
Моноцит барлық лейкоцит құрамының 2-10%-ын алады. Амеба сияқты қозғала отырып, фагоцитарлық, бактериоциттік қызмет атқарады. Бір моноцит 100-ге дейін микробты жеп қояды. Мұның активтілігі қышқыл ортада жүреді, ал нитрофил болса, мұндай ортада активтілік көрсете алмайды. Моноциттердің көмегімен ауру пайда болған жердегі микробтарды, өлген лейкоциттерді, тканьдегі асқынған клеткаларды тазалап, жараның қалпына келуіне (регенерация) мүмкіндік жасайды. Сондықтан оларды “ағзаны тазалаушылар” деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет