Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы аив/житс



бет5/20
Дата26.10.2022
өлшемі368.12 Kb.
#463434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
аитв 1

Дене сұйықтығы
Есірткі қабылдауда ЖИТС жұқтыру қаупін көрсететін постер
АИВты жұқтырудың екінші бір жолы — қан және оның компоненттерін енгізу не құю.[6] Есірткіні тамырға енгізу үшін ортақ ине қолдану, қолданылған инеден жарақаттану, қан немесе қан компоненттерін құю кезінде, не залалсыздандырылмаған құрал-жабдықпен медициналық инъекция жүргізу кезінде АИВ берілуі мүмкін. Ортақ қолданылған инеден жұғу ықтималдығы – бір қолданғанда 0.63-2.4%, ал орташа есеппен 0.8%-ды құрайды.[66] АИВ–оң адам қолданған инеден жарақат алған кезде, АИВпен инфекциялану қаупі – шамамен 0.3% (333 жағдайда 1), ал шырышты қабық арқылы инфекцияланған қаннан жұғу қаупі – 0.09% (1000 жағдайда 1).[46] Дегенмен, қандағы вирус титрі жоғары не жарақат терең болса, қауіп 5%-ға дейін артуы мүмкін.[67] АҚШ-та 2009 жылдағы жаңа инфекциялану жағдайларының 12% тамырішілік есірткі егетіндер құрады,[68] ал кей аймақтарда есірткі қабылдайтындардың 80% көбі АИВ жұқпасын жұқтырған.[6]
Инфекцияланған қанды құю кезінде жұғу қаупі – 93%.[66] Дегенмен, дамыған мемлекеттерде қан құюдан жұқтыру қаупі өте төмен (500,000 жағдайдан біреу), себебі донорлардың барлығы АИВқа тексеріледі;[6] мысалы, Ұлыбританияда гемотрансфузия арқылы АИВ жұқтыру қаупі – бес миллионан бір,[69] ал 2009 жылы АҚШта бұл көрсеткіш 1.5 миллионнан бір болды.[70] 2008 жылғы мәліметтер бойынша, табысы төмен елдерде тек донорлардың жартысы ғана АИВқа тексеріледі және бұл аймақтарда АИВ жұқтыру жағдайларының 15% қан мен қан компоненттерін құю кезінде жұқтырған.[71] Бұл әледегі инфекцияланудың 5-10% құрайды.[6][72] АИВ ағза тіндері мен мүшелер трансплантациясы кезінде де жұғуы мүмкін, дегенмен барлық донорлар АИВқа тексерілуіне байланысты, жұғу қаупі өте төмен.[73]
Сақтанусыз медициналық инъекция жүргізу – Африкадағы АИВтың таралуында үлкен рөл атқарады. 2007 жылы осы аймақтағы барлық туындаған инфекциялардың 12-17% медициналық шприцтерді бұрыс қолдану себеп болған.[74] Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше Африкадағы медициналық инъекция жасауда инфекцияның берілу қаупі – 1,2%.[74] Бұл аймақта жүргізілетін инвазиялы процедуралар, босандыру жұмыстары және тіс емдеуде де санитария талаптары дұрыс орындалмағандықтан, вирустың таралу қаупін арттырып отыр.
Тату, пирсинг, тыртық жасаушы және жасатушы теория жүзінде АИВ жұқтыруы мүмкін, бірақ ондай жағдайлар әлі тіркелмеген[75]. Маса не басқа жәндіктер АИВ тасымалдай алмайды.[76]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет