Діндер тарихы діндердің шыққан жері мен уақытына қарай қарастырады. Бұл зерттеулер барысында кейде салыстырулар да жасалады. Кейбір ғалымдар діндерді тарихи бағытына қарай айна-қатесіз түсіндіру дұрыс деп тапса, енді бірі салыстырмалы зерттеуді дұрыс көреді. Екі көзқарастың жақтаушылары да діндер тарихының анықтамасында бұл екі мәселеге де назар аударуды мақсат етеді. Сондықтан да діндер тарихының анықтамасы тарихи және салыстырмалы зерттеулерге сай екі жақты жасалуы мүмкін. Екі көзқарастың жақтаушылары да діндер тарихының анықтамасында бұл мәселелерге тоқталуды мақсат етеді.
Тарихи зерттеулерге қарағанда діндер тарихы, тарих және филологиялық әдістерді қолдана отырып діндердің пайда болуы мен дамуы, сенім, ғибадат, ахлақ және осы секілді тақырыптарда, тарихи бағыты ішінде зерттейтін тәртіп. Салыстырмалы зерттеулерде діндер тарихы діндердің басқа діндермен арадағы байланысты ұқсастық, түрлі және ортақ ерекшеліктер бойынша салыстыра отырып қолға алатын бір білім саласы.
Діндер тарихы тіркесі, көпше түр қолданылуында (діндер түрінде) әр діннің тарихи бір оқиға ретінде қолға алыну саласын ишарат етеді. «Дін тарихы» тарихи жалғасымы ішінде «дін»-нің ерекшелігі мен ақиқатын зерттеу мағынасына келеді. Діндер тарихы кейбір ғалымдар тарапынан мұқияттылықпен салыстырылмалы дін және дін феноменологиясынан бөлек тұрады. Сонымен қатар жоғарыда аталып өткен екі қағидаға тоқталмай тарихи бір діннің зерттелуі қиын. Діндер тарихы өте маңызды бір білім саласы. Өйткені кейбір діннің тарихи мәліметтері, бір қортындыға бармастан бұрын, өз дәрежесінде зерттелуі керек. Бұл зерттеулер тек қана діндер тарихы саласымен ғана іске асады.
с. Діндер тарихының зерттеу обьектісі
Діндер тарихының зерттеу обьектісі, тарих сахнасында орын алған барлық діндерді қамтиды. Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан діндермен қатар, бұл күнде ешқандай сенушісі жоқ діндер де бар. Діннің бұл екі түрі де діндер тарихының қарастыратын мәселесі болып табылады. Діндер тарихы діндерді дұрыс және бұрыс деп бөлмей иләһи діндерді де әрі басқа иләһи емес діндерді де қарастырады. Діндерді жеке-жеке олардың сенім негіздеріне, пайда болу кезеңіне, даму тарихына қарай қарастырады.
Қорыта айтқанда діндер тарихы осы уақытқа дейін жеткен діндерді немесе жетпей жоғалып кеткен діндерді, әлемдегі бүкіл діндерді қарастырады және сонымен бірге зерттей отырып салыстырады.
Діндер түрлі бейнелерде бөлінеді. Бірақ барлық ғалымдарда ортақ қабылданған діннің анықтамасы болмағаны сияқты, нақты түрде діндерді сыныптарға да бөлмеген.
И. Вах діндерді «құрушысы бар діндер», «әдет-ғұрыптық діндер»; Г. Меншинг болса «ұлттық діндер», «әлемдік діндер», - деп екіге бөледі. А. Шиммел де діндерді «алғашқы тайпалық діндер», «ұлттық діндер», «әлемдік діндер», - деп үшке бөледі. Діндерді басқаша былай да бөледі:
Сакроментті (діні мерекелерге негізделетін) діндер.
Профетті (пайғамбарларға қатысты) діндер.
Мистикалық (сопылық ағымдағы) діндер.
Діндер сонымен қатар «әнсаби» және «әшкали» болып пайда болған жерлері мен географиялық жағдайларға қарай да бөлінеді. Бұлардан басқа да сыныптарға бөлу жасалынған. (10)
Ислам зерттеушілері діндерді «хақ діндер», «батыл діндер» немесе уахиға сүйенетін иләһи діндер, уахиға қатысы жоқ табиғи діндер деп екіге бөлген. Ибн Хазм (Ө-465/1064) және Шәхристани (Ө-584/1183) сияқты мұсылман діндер тарихшылары хақ діндерге «миләл», батыл діндерге «ниһал» терминін қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: |