Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет121/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Діндер тарихы

4. Тотем. «Тотем» сөзі белгі, ишарат деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем – алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы. Тотем тайпаның түп атасы ретінде саналады. Бір тотемге жататын адамдарға өздерінің арасында үйленуге рұқсат етілмейді. Тотем жеңілмейді. Ол табу ретінде қабыл етіледі. Оған қарсы шығуға болмайды. Қауымдардың ең алғашқысы болған рулық сенім мен қауымының осы тотемдік түсінігіне байланысты «тотемизм» деп атаған. Діндердің барлығы тотемизмнен бастау алған делініп жүр. Кейбіреулердің пайымдауынша, тотемнің орнына тәңір сөзі қолданылғаннан кейін жаңадан пайда болған діндерді осылайша түсіндірген.
Алғашқы қауымдарда табу және тайпа басшылары, тотем сенімі мен ерекшелігі бар жан-жануар немесе өсімдіктерді қорғауды мақсат тұтқан. Тотемизм негізінде дін болу сипатынан бөлек, қоғамдық, экономикалық өмірге ұқсайды.
5. Шаман: Бұл сөздің шығу тегі жайында әр түрлі көзқарастар бар. Бір зерттеушілер бұл сөз тунгусша «шаман» сөзінен шыққан деп айтса, келесі бір зерттеуші ғалымдар мұның «рухтар қолдаған адам» мағынасына келетін санскритшедегі «срамана»-сөзінен немесе «есі ауысқан адам» деген ұғымды білдіретін Орал-Алтай тіл тобына жататын сөзден шыққанын алға тартады.
Алғашқы қауым тайпаларында діни рәсім-жоралғылармен айналысатын пірәдарлар мен сиқыршы емшілерден басқа, ұзақ уақыт өзін есінен тандыруға қабілетті адамдарды «шаман» деп атаған.
Алғашқы қауым адамдарынның түсінігі бойынша шаман манаға ие, рухтарды басқаруы мүмкін. Шаманның сиқырлы дабылы бар. Дабылдың бетінде көк пен жердің суреті салынған. Шаман сиқырлау арқылы рухтарды дабылдың ішіне кіруге зорлайды. Осы кезде есінен танғанша есіріп билейді. Ол есінен танғаннан кейін пейіш пен тозақты аралап жүр деп есептелінеді. Шаман сол аралықта аталарының рухтарынан кейбір мәліметтер алып отырады. Азиялықтардың арасында шаманның құрметін асыра түсетін жағдай – олардың адам үйрене алмас, жұмбақ мәліметтері. Бұл дәрежені бағындыру үшін шаман тәнін жаттықтырып, ішіп-жеуді азайта түседі.
Шаманизм шаман сөзінен өрбіген. Түркілердің ежелгі діни сенімдерін шаманизм деп қателескен. Негізінде түркілердің шаманизм деген діні болмаған. Түріктерде «шаман» деген сөз жоқ. Тек «кам» деген сөз бар. Шаманизм өзінше бір дін емес, не сиқыршылықтың бір түрі де емес. Ол діни және дүнияуи көзқарастардан құралған сенім болып табылады. Жалпы шаманизм түрлі өзгешеліктерде солтүстік және Орта Азияда, эскимостардың өмір сүрген жерлерінде, Орта Африка мен Солтүстік Америкадағы алғашқы тайпаларда кездесіп жатады. Кейбір зерттеушілер Сібірде кездесетін шаманизмді психопотологиялық белгілер ретінде түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет