6. Магия: Жаратылыстан тыс күштердің жәрдемімен белгілі бір мақсатқа жету немесе бір нәрсені жүзеге асыру үшін істелінетінәрекет. Магия белгілі бір тәсіл, белгілі бір қағидаларды қажет ететін және сиқыршылар іске асыратын тәжірибелік өнер. Магия табиғатан тыс күштерді бір нәрсеге мәжбүрлей алады және оларды кез-келген мақсаттарына пайдаланады. Магияның артынан ілескен өзіндік жамағаты жоқ. Кейбір тұстарында болмаса, жалпы, дінге қарсы. Дін мен магия екеуі екі бөлек дүние. Адам баласы дінде Құдайға құлшылық етеді, ал магияда табиғаттан тыс жатқан күштерді өз мақсатына пайдалануға тырысады. Діннің негізі – кішіпейілділік, қауіпсіздік. Ал магияның мақсаты өз дәрежесін өсіруге талпынады. Дінде өзіне тән жамағаттары бар. Ал магияда уақытша пайдаланушылар бар, мақсаттарына жетісімен магияны пайдаланушылар тарап кетеді.
Соған қарамастан, дін мен магия алғашқы қауым адамдары арасында қатар өмір сүріп келеді. Бұған керісінше мәдниетті қоғамдарда сиқыр білімге айналған, алхимия, химия, астрология, астрономия болған.
7. Аңыз: Тәңірлер, қаһармандар және әлемнің жаратылысы туралы хикаялар. Ал мифология бүкіл аңыздарды қамтиды және оны белгілі бір сипатта талдап қарастырады.
Ежелгі қауым адамдарының әлемді және өздерін бейнелейтін көптеген аңыздары бар. Бұлар әлемнің қалай пайда болғанын суреттейтін жаратылыс туралы ертегілерден бастап, күнделікті өмірдегі діни рәсімдер мен салт- жоралғыларды баяндайтын хикаяларға дейін шұбаталып кете береді.
Аңыздар көбінесе жан-жақты түсіндіруге тырысады және мына нәрселерге жауап іздейді: 1. Тәңірлердің қайдан келгендіктері (тоегони), 2. Әлемнің жаратылуы мен әлемдегі табиғи оқиғалардың орын алуы (космогони), 3. Адамдардың қайдан келгендіктері (антропогони), 4. Адамзаттың және дүниенің келешегі (эскотология). Аңыздар бұлардан басқа алғашқы күнәні, алғашқы өлімді, топан су басуын, тәңірлердің адамдарды қалай жазалайтындығын, екінші жағынан аңшылық, мал шаруашылығы басталуын, отқа қол жеткізуді, алғашқы жанұяның, әдеттердің қоғамдық ұйымдардың пайда болуынан сөз етеді. Діни өмір жайлы көзқарастағы аңыздар қасиетті болып саналады, қара өлең түрінде белгілі адамдар тарапынан түсіндіріледі.
8. Діни салт: Бір діннің практикалық ережелері мен діни рәсімдерінің жалпы атауы. Діни салт ұғымы діни және этикалық қағидалармен байланыста болады.
Алғашқы қауымдық қоғамда дін, табыну, магия, балиғатқа жету және көне заманнан келе жатқан дәстүрлі діни рәсімдер орындалады. Мұндай рәсімдерде биге кезек беріледі. Алғашқы қауымға тән адамдар өздерінің рухани күйлерін билеу арқылы білдіріп отырды. Бұл би дінмен және магиямен тығыз байланысты болды. Соғыс, аңшылық, тотем, молшылық, өлім, балиғатқа толу діни рәсімдері кезінде жалпы маска киіп алып билейтін болған. Рәсімдерде адамдар белгілі қағидаларға мойынсұнуға мәжбүр. Рәсімдер жалпы жабық бір жүйеде жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |